Қозғалмалы ойындардағы қозғалыс дағдылары. Дене шынықтыру, 3 сынып, дидактикалық материал. 15 сабақ.
№15 сабаққа арналған дидактикалық материалдар (керекті құрал-жабдықтар)
Кіріспе бөлім
Тақырып: Қозғалмалы ойындардағы қозғалыс дағдылары
Мұғалімді мұқият тыңау, сұрақтарға жауап беру. Оқу мақсатына қол жеткізу үшін тапсырмаларды мұқият орындау.
- Жүру жаттығуларын орындау;
- Жүгіру жаттығуларының түрлерімен жаттығу;
- Жылдамдыққа жүгіру;
- Тынысты қалыпқа келтіру
Жалпы дамыту жаттығуларын орындау.
№ | Жаттығу сипаттамасы | орындалуы | нұсқаулық | іс-қимыл |
1 | Б.Қ Аяқ иық көлемінде Санақ 1-4 басты оңға айналдыру Санақ 5-8 басты солға айналдыру | 3-4 рет | Басты толық, көзді ашып айналдыру | |
2 | Б.Қ Аяқ иық көлемінде, қол иықта Санақ 1-4 қолды алға айналдыру Санақ 5-8 қолды солға айналдыру | 3-4 рет | Қолды толық алға, артқа айналдыру | |
3 | Б.Қ Аяқ иық көлемінде, қол кеуде алдында бүгулі Санақ 1-2 қолды бүгіп керу Санақ 3-4 қолды жазып керу | 3-4 рет | Қолды толық жазып керу. | |
4 | Б.Қ Аяқ иық көлемінде, қол желкеде Санақ 1-2 кеудені оңға бұру Санақ 3-4 кеудені солға бұру. | 3-4 рет | Шынтақты ашып, кеудені толық бұру | |
5 | Б.Қ Аяқ иық көлемінде, қол белде Санақ 1-4 белды оңға айналдыру Санақ 5-8 белды солға айналдыру | 3-4 рет | Белді толық айналдыру | |
6 | Б.Қ Аяқ иық көлемінде, қол белде Санақ 1 оң аяққа еңкею Санақ 2 ортаға Санақ 3 сол аяққа еңкею Санақ 4 Б.Қ | 3-4 рет | Еңкею барысында тізені бүкпей қолды аяқ ұшына тигізу. | |
7 | Б.Қ Аяқ иық көлемінде, қол белде Санақ 1-4 оң аяққа секіру Санақ 5-8 сол аяққа секіру | 3-4 рет | Аяқ ұшымен бір орында секіру. |
Негізгі бөлім:
«Қозғалмалы ойындардағы қозғалыс дағдылары»
Мақсаты: арнайы тапсырмалар арқылы қозғалмалы ойындардағы негізгі дағдыларды жетілдіру, оқыту мақсаттарын шешу.
Сипаттама: «Күзетшілер мен барлаушылар» немесе «Екі лагерь» ойынындағы жылдам жүгіру, серіктесіне көмек көрсету, қозғалыс дағдыларын дамыту үшін арнайы ойындар ойнайды.
Оқушы әрекеті:
Қозғалмалы ойындарды өткізу кезіндендегі қауіпсіздік ережелерімен танысып шығу
- Ережелермен танысқан, дәрігерлік тексеруден өткен, денсаулығы жарамды оқушылар қатыса алады.
- Қозғалмалы ойындар кезінде спорт ережелерін бұзбау керек.
- Қозғалмалы ойындарды өткізу кезінде оқушыларға төмендегідей қауіпті факторлар әсер етуі мүмкін:
Соқтығысып қалған кездегі алған жарақаттар;
Ойын шартын бұзған кездегі жарақаттар;
Құлаған кездегі алған жарақаттар.
- Оқыс жағдайда зиян шеккен оқушылар бірден мұғалімге керек
- Сабаққа, ойынға оқушылар міндетті түрде спорттық киіммен, табаны таймайтын резеңке аяқ киіммен қатусуы керек.
Ойын алдындағы техника жқауіпсіздік ережелері
- Спорттық киім және аяқ киім болуы керек.
- Оқушылар міндетті түрде қозғалмалы сергіту жаттығуларына қатысуы керек.
Ойын кезіндегі техника қауіпсіздік ережелері
- Ойынды тек мұғалімнің командасымен баста және аяқта
- Ойын кезінде ойын ережесін қата сақта
- Бір-біріне соқтығысып қалудан сақтан.
- Құлаған жағдайда өзіңе жарақат алмауға тырыс.
- Ойын кезінде спорттық құралда ақау бар екенін байқасаңыз, ойынды тоқтатып, мұғалімге ескертіңіз.
«Күзетшілер мен барлаушылар» немесе «Екі лагерь» ойынының мазмұны.
Дайындық.
Әзірлік. Ойыншылар екі тең командаға бөлінеді - «күзетшілер» және «барлаушылар» болып, олар алаңның қарама - қарсы екі жағынан бірінен - бірі 10-20 м. арақашықтықта сапқа тұрады. Алаң ортасынан командалардан бірдей арақашықтықта шеңбер сызылады. Оған доп немесе басқа нәрсе қойылады.
Ойынды баяндау. Барлаушылар командасы допты алып кетуі керек, ал күзетшілер командасы оны күзетуі қажет. Жетекшінің белгісі бойынша күзетшілер және барлаушылар командасынан бір ойыншыдан алаңның ортасына шығуы тиіс. Барлаушылар командасы допты алып кетуге тырысады, ал күзетшілер командасы оны бермеу керек. Егер барлаушы шекарасына жеткенше ұстай алмаса, онда өзі екінші команда құрамына кіруі қажет. Күзетші мен барлаушылардың барлыгы ойнап шыққанша ойын жалғаса береді. Ойыннын соңында қай команда көп тұтқын ұстайды, сол жеңімпаз болады. Екінші қайтара ойнаған кезде екі команда рөльдерін алмастырады. Осы ойынды күрделі түрде де өткізуге болады. Мысалы, ойыншыларды қаз қатар санап және тақ санды ойыншыларды «барлаушылар» деп, ал жұп санды ойыншыларды «күзетшілер» деп белуге болады.
Ережесі:
1. Алаңнын ортасына тек жетекшінің белгісі бойынша шығуы керек.
2. Қашып бара жатқан ойыншыны шекараға жетпей ұстауы керек. 3. Егер қашып бара жатқан адам допты шекарага жеткенше түсіріп алса, онда сол тұтқындалған болып есептеледі.
4. Егер барлаушьі допқа ұмтылып, бірақ оны ала алмаса, онда допты алып немесе барлаушыны ұстап алып тұтқын ретінде есептеуге болады.
Дискрипторлар:
- ойын ережесін мұқият түсініп алу;
- ережемен ойнау;
- қауіпсіздікті сақтау және мұғалімді мұқият тыңдау.
Бағалау: Оқушылардың бірін-бірі және өзіндік бағалау тәжірибеленеді. Мұғалім әрбір оқушының ойын кезіндегі икемділік дағдыларының көлемін бақылап, бғалайды.
«Сабақты қорытындылау»
Мақсаты: Құрал-жабдықтарды жинау. Мұғалімнің сабақты қорытындылауын тығдау. Сұрақтарға жауап беру. Өткізілген сабаққа кері байланыс жасау және серіктестерін бағалау. Өзіне рефлексия жасау.
Қимыл-қозғалыс ойындарға керекті құралдар
Ысқырық секіртпе шығыршық (обруч)
резеңке доп секіртпе доптары
Спорттық ойындардың доптары (волейбол, баскетбол, футбол т.б)
гимнастикалық орындық
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?