1 Наурыз - Алғыс айту күні (Үй иесі)



алғыс айту сөздері, алғыс айту үлгісі

Құрметті халайық, ойыма келіп ат салысып, қуанышқа ақ тілек айтып жатырғандарыңызға көп рахмет! Менде болған қуаныш сендерде де 10 рет, 100 реттен еселеніп бола берсін! Ақ тілек періштенің құлағына шалынып, тойға тілеген тілектерің өздеріңе де ақ ниет болып қайтсын! Балбұл жанған көздеріңнен нұр кетпей, достық, ағайындық татулығымызға жан жетпесін!

Қуанышым бөлістіңдер рахмет,
Шақырғанмын жанашырым, жақын деп.
Үйлеріңде ұлы тойлар көп болсын,
Тілекшіме Жаратқаным рақым ет.
Ашық болсын аспандарың әрдайым,
Байлық, баққа толы болсын жағдайың.
Балаларың абыройды көтерсін,
Өмірдің тат ең тәттісін, балдайын.


Қажетті сілтемелер:



Көп рахмет келгендерге үйіме,
Қосылдыңдар қуанышты күйіме.
100 қуаныш, 1000 қуаныш тілеймін,
Қолдан келсе сыйлар едім сый үме.
Бір болайық бірлікпенен тірлікте,
«Ищай» демей зулар жалған күндікте.
Өмір мәні- татулық пен алғыста
Бақыт нұры шалқып тұрсын түндікте.

Тойым болды қолдауымен жақынның,
Қуаныштың қазанын да сапырдың.
Қара қазан сендерде де қайнасын
Шаттықпенен таңды тойлап атырғың.

Қуанышыма ортақтасым келгендеріңе көп рахмет! АЛЛАНЫҢ нұры жаусын! Денсаулығымыз зор болып, ағайын-туыс, жос-жаран, көрші болып осылай араласып, құраласып қуаныштарымызға ортақ болып жүре берейік! Мендегі болған қуаныш сендерге де жұғысты болсын! Өзіме қандай бақыт тілесем сендерге де сондай бақыт тілеймін! Арман, тілегіміз, адал ниетіміз, тірлігіміз бірлікте болсын!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу
Пікірлер 5
  1. Оқырман Дастан
    Оқырман Дастан 28.02.2023 22:14
    0 + 2 -
    Рахмет сізге дастан аға бүгінгі алғыс айту күні құтты болсын бақытты болайық бәріміз біріміз үшін біріміз бәріміз үшін рахмет сізге
  2. Мұхтасар Жанбол
    5 + 4 -
    Құрметті Қазақстан республикасының тұрғындары сіздерді бүгінгі келіп жеткен 1 наурыз алғыс айту күні мерекесімен құттықтаймын. Зор денсаулық ұзақ ғұмыр қажымас қайрат тілеймін. Отбасыларыңыздың қасында күліп ойнап жүре беріңіздер аман сау болыңыздар!!!!!
  3. тілек
    тілек 01.03.2021 13:36
    8 + 7 -
    Құрметті қазақстандықтар!

    ?Сіздерді алғыс айту күнімен құттықтаймыз!

    Алғыс айту күні – қазақстандық патриотизмнің, бірлік пен достықтың жарқын мерекесі. Қазақстан халқы бұл мейрамды алғаш рет 2016 жылы атап өтті. 2016 жылдың 14 қаңтарында ҚР Тұнғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнін, яғни 1 наурызды Алғыс айту күні етіп жариялады.

    Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, ұзақ ғұмыр, отбастарыңызға амандық пен бақыт, шаңырағыңызға шаттық пен мереке, дастарханыңызға береке тілейміз!

    Мәңгілік Ел: бір ел - бір тағдыр!!!
  4. Алғыс
    Алғыс 01.03.2021 11:55
    6 + 5 -
    Рақмет бәріне, қажетті сілтемені коскандарыныз керемет ?
  5. Оқырман Мадина
    Оқырман Мадина 01.03.2021 11:54
    5 + 8 -
    Сіздерге көп рақмет