Қозғалыс координациясына бағытталған қозғалмалы ойындар. Дене шынықтыру, 3 сынып, қосымша материал. 17 сабақ.
№17 сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулық
Тақырып: Қозғалыс координациясына бағытталған қозғалмалы ойындар.
«Тақырып көлеміндегі әрекеттер»
Оқушылармен сәлемдесу. Түгелдеу. Спорттық кииімдеріне назар аудару. Қауіпсіздік ережесін таныстыру, қайталау.
Бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін оушылармен бірге құрастыру. Алдағы жұмыстармен таныстыру.
- Жүру жаттығуларын орындау;
- Жүгіру жаттығуларының түрлерімен жаттығу;
- Жылдамдыққа жүгіру;
- Тынысты қалыпқа келтіру
Одан кейін шеңбер бойына тұрып ЖДЖ орындайды. Шеңбер бойындағы әр оқушы бір-бір жаттығудан айтып, санақ бойынша орындатқызады.
Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету.
Сабақтың негізгі бөлімінде
Қозғалыс координациясына бағытталған қозғалмалы ойындар
Мақсаты: ойындар арқылы оқушылардың командалық жұмыстың маңызын түсініп, көшбасшылық дағдылары жетілдіру, оқыту мақсаттарын шешу.
Сипаттама: ойындар арқылы топқа бөлініп жарысады, бірнеше командалар өзара сайысқа түседі.
«Командамен жүгіру» ойыны
Әзірлік. Ойыншылар екі тең командаға бөлініп, 2 колонна болып сап түзейді. Колонналар бір-біріне параллель, аралары 2-4 қадамнан және беттері бір жаққа қарай тұрады. Колонналардың алдынан сөре сызығы сызылады. Арақашықтығы 15-20 м. жерге бағана, немесе басқа нәрсе қойылады. Колоннадағы әрбір ойыншы өзінің алдындағы ойыншыны белінен құшақтап ұстап тұрады.
Ойынды баяндау. Жетекшінің белгісі бойынша ойыншылар колонналарымен бағанаға дейін жүгіреді, оны айналып, қайтадан кері оралып, сызықтан жүгіріп өтеді. Жүгіргенде бөлінбей және бірінші келген команда жеңімпаз команда болып тапады.
Ережесі.
1. Белгі берілгенде жүгіреді.
2. Кімде-кім қолын жіберіп алса, онда алдагы ойьншыны қуып жетіп, қайтадан беліненұүстап жүгіруі керек.
3. Колоннада тұрғандар түгелдей бағананы айналуы керек.
Мұғалім әрекеті:
Ойын кезінде оқушыларды бақылап, кемшіліктерді айтады және оқушыларды өз тарапынан бағалайды.
«Ортаға шық» ойыны
Дайындық. Оқушыларды тең екі топқа бөлінеді. Бірінші топтың ойыншылары екі-екеуден ортаға түсуге дайындалады. Ал, екінші топтың ойыншылары екіге бөлініп, екі жақта қарама-қарсы тұрады да, ортаға түскен қарсылас командаларының ойыншыларын жеңіл резеңке доппен ұрып, ортадан шығарулары тиіс.
Ортадағы ойыншылардың міндеті: Қозғалыс координацияларын жетілдіру мақсатында доптан түрлі әдіспен қашып, тигізбеулері қажет. (Мысалы: бұрылу, еңкею, бұғып қалу, доптан секіріп өткізіп жіберу т.б)
Доп лақтырушылардың міндеті: Допты ортадағы ойыншыларға бағыттап лақтыру, дәл тигізу, допты қос қолмен тез қағып алу, бір қолмен жылдам лақтыру.
Мұғалім әрекеті: Оқушылардың қимыл-қозғалыстарының дағдылануын бағалау, бақылау. Оқушылардың қозғалыс координацияларының жетілуіне мақтау, мадақтау сөздер айтып, қызығушылықтарын ояту мен қатар икемділік, ептілік дағдыларын дамыту.
Бағалау: Оқушылардың бірін-бірі және өзіндік бағалау тәжірибеленеді. Мұғалім әрбір ойыннан соң команда мүшелерінің жеке жетістіктерін айтып тұрады.
Қорытынды бөлімде:
Сабақтан алған білімдерін сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізу.
Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.
Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар кері байланыс картасын толтырып қалдырады.
Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздік үштікті атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады. Оқушыларға «кері байланыс карталарын» толтырып қалдыруды тапсырады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?