Қозғалыс координациясына бағытталған қозғалмалы ойындар. Дене шынықтыру, 3 сынып, дидактикалық материал. 17 сабақ.


№17 сабаққа арналған дидактикалық материалдар (керекті құрал-жабдықтар)

Кіріспе бөлім

Тақырып: Қозғалыс координациясына бағытталған қоғалмалы ойындар.

Мұғалімді мұқият тыңау, сұрақтарға жауап беру. Оқу мақсатына қол жеткізу үшін тапсырмаларды мұқият орындау.

Жүру жаттығулары:

-қол жоғарыда, аяқтың ұшымен жүру,

-қол белде, өкшемен жүру,

-қол алда, жартылай отырып жүру,

-қол желкеде, толық отырып жүру.

Жүгіру жаттығулары:

-қолды алға айналдырып, оң жағымен жылжу;

-қолды артқа айналдырып, сол жағымен жылжу;

-сол қол алда, артпен жүгіру;

-қол белде, аяқты алға сермеп жүгіру;

-қол желкеде, аяқты артқа сермеп жүгіру.

Жалпы дамыту жаттығулары:

-Б.қ. қол белде, иық көлемінде, басымызды солға 4 рет, оңға 4 рет айналдырамыз;

-Б.қ. аяқ иық көлемінде, қол иықта, қолымызды алға 4 рет, артқа 4 ретайналдырамыз;

-Б.қ. аяқ иық көлемінде, сол қол белде, оң қол жоғарыда, 4 рет сол жаққа, 4 рет оң жаққа қисаямыз;

-Б.қ. аяқ иық көлемінде, қол тізеде, тіземізді ішке 4 рет, сыртқа 4 рет айналдырамыз;

-Ұл балалар 15 рет қолды бүгіп-жазу, қыз балалар 25 рет отырып тұру.

Негізгі бөлім:

Қозғалыс координациясына бағытталған қозғалмалы ойындар

Мақсаты: ойындар арқылы оқушылардың командалық жұмыстың маңызын түсініп, көшбасшылық дағдылары жетілдіру, оқыту мақсаттарын шешу.

Сипаттама: ойындар арқылы топқа бөлініп жарысады, бірнеше командалар өзара сайысқа түседі.

«Командамен жүгіру» ойыны

Әзірлік. Ойыншылар екі тең командаға бөлініп, 2 колонна болып сап түзейді. Колонналар бір-біріне параллель, аралары 2-4 қадамнан және беттері бір жаққа қарай тұрады. Колонналардың алдынан сөре сызығы сызылады. Арақашықтығы 15-20 м. жерге бағана, немесе басқа нәрсе қойылады. Колоннадағы әрбір ойыншы өзінің алдындағы ойыншыны белінен құшақтап ұстап тұрады.

Ойынды баяндау. Жетекшінің белгісі бойынша ойыншылар колонналарымен бағанаға дейін жүгіреді, оны айналып, қайтадан кері оралып, сызықтан жүгіріп өтеді. Жүгіргенде бөлінбей және бірінші келген команда жеңімпаз команда болып тапады.

Ережесі.

1. Белгі берілгенде жүгіреді.

2. Кімде-кім қолын жіберіп алса, онда алдагы ойьншыны қуып жетіп, қайтадан беліненұүстап жүгіруі керек.

3. Колоннада тұрғандар түгелдей бағананы айналуы керек.

Мұғалім әрекеті:

Ойын кезінде оқушыларды бақылап, кемшіліктерді айтады және оқушыларды өз тарапынан бағалайды.

«Ортаға шық» ойыны

Дайындық. Оқушыларды тең екі топқа бөлінеді. Бірінші топтың ойыншылары екі-екеуден ортаға түсуге дайындалады. Ал, екінші топтың ойыншылары екіге бөлініп, екі жақта қарама-қарсы тұрады да, ортаға түскен қарсылас командаларының ойыншыларын жеңіл резеңке доппен ұрып, ортадан шығарулары тиіс.

Ортадағы ойыншылардың міндеті: Қозғалыс координацияларын жетілдіру мақсатында доптан түрлі әдіспен қашып, тигізбеулері қажет. (Мысалы: бұрылу, еңкею, бұғып қалу, доптан секіріп өткізіп жіберу т.б)

Доп лақтырушылардың міндеті: Допты ортадағы ойыншыларға бағыттап лақтыру, дәл тигізу, допты қос қолмен тез қағып алу, бір қолмен жылдам лақтыру.

Мұғалім әрекеті: Оқушылардың қимыл-қозғалыстарының дағдылануын бағалау, бақылау. Оқушылардың қозғалыс координацияларының жетілуіне мақтау, мадақтау сөздер айтып, қызығушылықтарын ояту мен қатар икемділік, ептілік дағдыларын дамыту.

Бағалау: Оқушылардың бірін-бірі және өзіндік бағалау тәжірибеленеді.

«Сабақты қорытындылау»

Құрал-жабдықтарды жинау. Мұғалімнің сабақты қорытындылауын тығдау. Сұрақтарға жауап беру. Өткізілген сабаққа кері байланыс жасау және серіктестерін бағалау. Өзіне рефлексия жасау.

Қимыл-қозғалыс ойындарға керекті құралдар

Ысқырық секіртпе шығыршық (обруч)

резеңке доп конустар атлетикалық кедергі

Гимнастикалық маты гимнастикалық орындық



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу