Шапшаңдыққа бағытталған қозғалмалы ойындар. Дене шынықтыру, 3 сынып, қосымша материал. 19 сабақ.


19 сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулық

Тақырып: Шапшаңдыққа бағытталған қозғалмалы ойындар.

«Тақырып көлеміндегі әрекеттер»

Оқушылармен сәлемдесу. Түгелдеу. Спорттық кииімдеріне назар аудару. Қауіпсіздік ережесін таныстыру, қайталау.

Бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін оушылармен бірге құрастыру. Алдағы жұмыстармен таныстыру.

  • Жүру жаттығуларын орындау;
  • Жүгіру жаттығуларының түрлерімен жаттығу;
  • Жылдамдыққа жүгіру;
  • Тынысты қалыпқа келтіру

Одан кейін шеңбер бойына тұрып ЖДЖ орындайды. Шеңбер бойындағы әр оқушы бір-бір жаттығудан айтып, санақ бойынша орындатқызады.

Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету.

Сабақтың негізгі бөлімінде

Шапшаңдыққа бағытталған қозғалмалы ойындар

Мақсаты: оқушылардың шапшаңдық дағдылары жетілдіру, ойындар арқылы оқушылардың командалық жұмыстың маңызын түсіндіру, оқыту мақсаттарын шешу.

Сипаттама: эстафеталық ойындар арқылы топқа бөлініп жарысады, бірнеше командалар өзара сайысқа түседі. Оқушыларды тең екі топқа бөліп, қатарға тұрғызу

1-эстафета

Мұғалімнің белгісімен өз жолымен түзу жүгіріп, екі топтың ортасында тұрған допқа бірінші жетіп, допты алып, жоғары көтеру керек. Ойын топтағы ойыншылардың барлығы жүгіргенше жалғасады. Мақсаты: Шапшаң жүгіріп допқа бірінші жету қажет

Допқа бірінші жеткен команда мүшесіне ұпай беріледі.

2-эстафета

Мұғалімнің белгісімен топтағы ойыншылар екеуден жарысады. Алдарында обручтар жыланша жатады. Сол обручтардың ішіне қос аяқпен немесе бір аяқпен секіріп соңғы өз белгісіне дейін баруы керек. Қайтарда белгіні айналып, түзу жүгіріп келеді. Ойын соңғы оқушыға дейін жалғасады.

Мақсаты: обручтардың барлығнан өтулері тиіс. Обручтардың арасын баспауы керек.

Жыланша жүгіру міндетті.

3-эстафета

Мұғалімнің белгісімен жарысқа қатысушылар залдың ортасына дейін оң аяқпен, залдың ортасынан кейін сол аяқпен жүгіреді де өз белгілерінде тұрған допты алып, қайтарда түзу жүгіріп келеді де келесі ойыншыға допты береді. Келесі ойыншы доппен дәл солай жүгіреді де, допты қойып кетеді. Үшінші ойыншы допты алып келуі тиіс. Ойын осылай жалғасады.

Мақсаты: қателеспей оң, сол аяқпен секіріп, қайтарда түзу жылдам жүрулері тиіс.

барарда оң, сол аяқпен секіріп жүгіру міндетті

Дискрипторлар:

  • ойын ережелерін сақтайды;
  • тапсырмаларды жауапкершілікпен орындайды;
  • ойын кезінде шапшаңдықты дамытады.

Бағалау: Оқушылардың бірін-бірі және өзіндік бағалау тәжірибеленеді. Мұғалім әрбір эстафетадан соң команда мүшелерінің жеке жетістіктерін айтып тұрады.

Қорытынды бөлімде:

Сабақтан алған білімдерін сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізу.

Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.

Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар кері байланыс картасын толтырып қалдырады.

Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздік үштікті атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады. Оқушыларға «кері байланыс карталарын» толтырып қалдыруды тапсырады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу