Қауіпсіздік ережесі. Денсаулық туралы негізгі түсініктер. Дене шынықтыру, 3 сынып, дидактикалық материал. 1 сабақ.
№1 сабаққа арналған дидактикалық материалдар және керекті құрал-жабдықтар.
Жеке адамды жан – жақты дамытуда дене тәрбиесінің маңызы өте зор.
Оқышылар денесінің дұрыс дамуы, денсаулығының нығаюы, жұмыс қабілетінің артуы сыртқа ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұрады. Жақсы денсаулық адамның еңбек және қоғамның іс – әрекеті жемісті қатысуының маңызды кепілі.
Өмірге қажетті дағды және іскерлік табиғи қозғалыстың барысында қалыптасады. Табиғи қозғалыстың түрлері: жүгіру, қарғу, жүзу, лақтыру, шаңғы, коньки, велосипед тебу, акробатика, снарядта жаттығу.
Дене тәрбиесі саласында ырғақ және гигиена, дене шынықтыру мәдениеті, туризм, спорт ерекше орын алады. Сабақтар мен сыныптан тыс дене тәрбие жұмыстарында күн ырғағы, дене жаттықтыру, организмді шынықтыру, тамақтану гигиенасы, ұйқы т.б. жөнінде оқушылар нақты білім алуы тиіс.
Дене жаттығулары – бұл саналы түрде орындалатын қимылдар және қозғалтқыш әрекеттер. Дене жаттығулары бұлшық ет жүйесін, қан айналымын және тыныс алу мүшелерін дамытады, буын сүйектерін қозғалмалы етеді, жалпы жұмыс қабілетін жақсартады. Дене жаттығулары бүкіл организмнің дамуына, жетілуіне қолайлы ықпал жасайды.
Оқушы әрекеті:
Оқушылар үш адамнан тұратын шағын топтарға бөлінеді.
1-әрекет. Жаңа сабақ барысында игерген қауіпсіздік ережелерін түсіндіре отырып, жаттығудың маңыздылығын айта отырып көрсетеді. Топтағы іс-әрекеттерді бөліп көрсетеді.
2-әрекет. Оқушылар шағын топта ақылдаса отырып өздерінің дене жаттығуларын жасақтайды, сынамалап көреді, ұсынады.
3-әрекет. Шағын топтарда жасақталған жаттығуды ұсыну. Оқушылар жаттығудың атын айтады, ойыншылардың әрекетін түсіндіреді.
Тапсырмаларды орындау деңгейін бағалау үшін дескрипторлар:
- қауіпсіздік ережелерін біледі, түсіндіреді;
- шағын топта тиімді әрекет етеді, жаттығуды көрсетеді.
Қимыл-қозғалыс ойындарына керекті жабдықтар
Кегли ысқырық жалаушалар
бор бос кеңістік
Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары
Бөлім/тақырып | 1-бөлім – Жеңіл атлетика арқылы қозғалыс әрекеттері Қауіпсіздік ережесіДенсаулық туралы негізгі түсініктер |
Оқу мақсаты | 3.3.4.4. Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін дене жаттығуларын орындау кезінде тиісінше жауап қайтарып, қиындықтар мен тәуекелдерді қалай еңсеру керек екендігін түсіну және көрсету |
Бағалау критерийі | Білім алушы
|
Ойлау дағдыларының деңгейі | Білу түсіну қолдану |
Тапсырма | |
Оқушы әрекеті: Оқушылар үш адамнан тұратын шағын топтарға бөлінеді. 1-әрекет. Жаңа сабақ барысында игерген қауіпсіздік ережелерін түсіндіре отырып, жаттығудың маңыздылығын айта отырып көрсетеді. Топтағы іс-әрекеттерді бөліп көрсетеді. 2-әрекет. Оқушылар шағын топта ақылдаса отырып өздерінің дене жаттығуларын жасақтайды, сынамалап көреді, ұсынады. 3-әрекет. Шағын топтарда жасақталған жаттығуды ұсыну. Оқушылар жаттығудың атын айтады, ойыншылардың әрекетін түсіндіреді. | |
Дескриптор | |
- қауіпсіздік ережелерін біледі, түсіндіреді; - шағын топта тиімді әрекет етеді, жаттығуды көрсетеді. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?