Лақтыру, секіру және жүгірудің түрлері. Дене шынықтыру, 3 сынып, сабақ жоспары. 9 сабақ.


Дене шынықтыру сабағының қысқа мерзімді жоспары № 9

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1-бөлім – Жеңіл атлетика арқылы қозғалыс әрекеттері

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 3 сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Лақтыру, секіру және жүгірудің түрлері

Оқу мақсаттары

3.1.2.2 Дене дамуы үшін қарастырылған түрлі дене жаттығуларын орындау кезінде қозғалыстарды қалай орындау керек екендігін білу және түсіну

 Бағалау критерийлері

  • топтық дағдылар мен ынтымақты көрсету;
  • белгілі бір уақыт ішінде дене қасиеттерін дамытатын жаттығуларды құрастыру.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқудың тілдік мақсаты

Оқушылар:

  • жеңіл атлетикаға байланысты дағдылар мен біліктерін көрсету және талқылау

Пәндік лексика және терминология

Мыналарды қамтиды:

  • физикалық қасиеттер: жылдамдық, күш, төзімділік, ептілік
  • лақтырулар, көтеріп лақтыру

Диалогқа арналған пайдалы сөз тіркестері

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Оқушының секіруді жақсартуға мүмкіндігі болмаған жағдайда не істеу керектігін түсіндіріңіз?
  • Ұзындыққа секіру кезінде қолдың серпілуі қаншалыты маңызды?

 Құндылықтарды дарыту

 

 

-Шығармашылықты нығайту

-Көшбасшылыққа бағытталған сапалы білім беру

-Қазақстанның белсенді азаматтарын дамыту

-Құрмет

-Ынтымақтастық

-Жауапкершілік

 Пәнаралық байланыстар

Биология, физика пәндерімен байланыстырылады. (Жүгіру, секіру, лақтыру жаттығуларын орындау барысында дене мүшелерінің белсенді қызметін және бұлшық еттердің қимылын түсінеді)

 АКТ қолдану дағдылары

Тақырып бойынша дене жаттығуларын орындау әдісін көрсету, іс-әрекетке бағытталған жаттығуларды көрсету.

Бастапқы білім

Оқушылар жүгіру, секіру, лақтыру тәжірибесіне, өткен сыныптағы және сабақтағы және ойындарға негізделген контекстерде қарапайым жалпы дамытушы жаттығуларды орындау қабілетіне ие болады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин.

«Тақырып көлеміндегі әрекеттер»

Спорттық киімдеріне назар аудару.

Сәлемдесу.

Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру. Қатардағы жаттығулар.

Бұрылыстарды біркелкі орындау.

Аяқтың ұшын, өкшесін дұрыс пайдалану. Жүрістегі жаттығулар.

Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Жүрістегі жаттығулардан жүгірістегі жаттығуларға көшу.

Баяу жеңіл жүгіру. Арақашықтықты сақтау. Қол кеуденің алдында, аяқтың ұшымен жүгіру. Мұрынмен тыныс алу. Жүгірістегі жаттығулар. Бірте-бірте ақырындап жүріске көшу. Кең тыныс алу. Жүрісте үш лекпен бұрылып үш қатарға тұру.

Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары.

Жаттығулар тізбегі аяқ бұлшық еттері мен секіру, сермелу жаттығуларын қамтуды көздейді.

Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету. Ойын кезінде жұптарды мақтап, мадақтап отыру.

Үлкен, бос кеңістік, ойын алаңы, пішіндерді белгілеуге арнаған бор, жалаушалар, ысқырық.

Сабақтың ортасы

25 мин.

Дененің дұрыс дамуы үшін жүгіру, секіру, лақтыру жаттығуларының жетілдіру тапсырмалары.

Сыныпты шағын топтарға бөлу, секіру жаттығуларын орындау:

  • Екі аяқпен итеріліп, орнынан ұзындыққа секіру (5-6 рет).
  • Алты-сегіз жүгіру қадамымен ұзындыққа секіру (5-6 рет).

Дескрипторлар:

  • секіру үшін арнайы қозғалыстарды орындайды;
  • жеке қауіпсіздік үшін қол, аяқ қозғалыстарын үйлестіре алады;
  • дене қасиеттерді дамыту үшін бірнеше жаттығулар ұсынады.

«Өзеннен секіріп өту» ойынын ойнату. Сынып екі командаға бөлінеді. Оқушылар сөре сызығының артына бағанға тұрады. Сөреден 8м-ден кейін екі параллель сызықпен екі метрлі ені бар шартты өзен белгіленеді, содан соң 8м. кейін әрбір қойылады. Бағыттаушының белгісі бойынша ойыншылар бұрылыс бағанына қарай жүгіреді, екпін алып өзеннен секіріп өтеді, бағанды айналып, өзеннен сол тәсілмен өтіп, кері қайтады және эстафетаны келесі ойыншыға береді. Әрбір өзеннен өтпеу үшін командаға екі айыппұл ұпайы есептеледі.Келесідей сұрақтар қою арқылы білімді бекітеді.

Командаластарыңызға қандай көмек көрсеттіңіз? Тапсырманы күрделендіру үшін қандай ұсынысыңыз бар?

Бағалау: Оқушылардың өзіндік және серіктесін бағалауы тәжірибеленеді. Бір-бірлеріне ауызша кері байланыс береді.

Үлкен, бос кеңістік, ойын алаңы, ысқырық, бор, «Қозғалмалы ойындар және эстафета элементтері бар жеңіл атлетика» сілтемесі:

:http://u-s.kz/publ/10618-podvizhnye-igry-i-estafety-s-elementami-legkoy-atletiki.html

Сабақтың соңы

5 мин

«Сабақты қорытындылау»

Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.

Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар кері байланыс картасын толтырып қалдырады.

Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздік үштікті атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады. Оқушыларға «кері байланыс карталарын» толтырып қалдыруды тапсырады.

Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік болу үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Сабақ басында мұғалім сұрағына жауап береді. «Кері байланыс картасын» толтырады.

Бағалау: Мұғалім оқушыларына «Кері байланыс картасын» таратып береді, оқушылар өзіндік бағалау арқылы парақшаларын толтырады.

Бос кеңістік.

Әрбір оқушыға «Кері байланыс картасы».

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Берілген тапсырмаларды, жүйелі жаттығулар жинағының реттілігін көрсетеді. Жаттығуларды барынша біркелкі орындау, жеңіл атлетикалық секірулерді жалпылау. Қабілеті жоғары оқушылар секіру дағдыларын қозғалыс әрекеттерін қайталап, сынып алдында орындалуын өз бетінше көрсету.

Бақылау;

Ынталандыру мадақтары;

Ауызша сындарлы кері байланыс.

Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу.

Дене қуатын үнемдеу шарттары.

Дұрыс тыныс алу.

Сабақ барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу