Эстафета элементтері бар жеңіл атлетика. Дене шынықтыру, 3 сынып, қосымша материал. 10 сабақ.
№10 сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулық
Тақырып: Эстафета элементтері бар жеңіл атлетика
Сабақтың кіріспе бөлімінде
Спорттық киімдеріне назар аудару.
Сәлемдесу.
Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру. Қатардағы жаттығулар.
Бұрылыстарды біркелкі орындау.
Аяқтың ұшын, өкшесін дұрыс пайдалану.
Жүрістегі жаттығулар.
Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Жүрістегі жаттығулардан жүгірістегі жаттығуларға көшу.
Баяу жеңіл жүгіру.
Арақашықтықты сақтау.
Қол кеуденің алдында, аяқтың ұшымен жүгіру.
Мұрынмен тыныс алу.
Жүгірістегі жаттығулар.
Бірте-бірте ақырындап жүріске көшу. Кең тыныс алу. Ж
үрісте үш лекпен бұрылып үш қатарға тұру.
Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары.
Жаттығулар тізбегі аяқ бұлшық еттері мен секіру, сермелу жаттығуларын қамтуды көздейді.
Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету. Ойын кезінде жұптарды мақтап, мадақтап отыру.
Сабақтың негізгі бөлімінде
Оқушылар жұптарға бөлінеді. Әрбір жұп жүгіру дағдысын дамытуға арналған бірізді жаттығулар кешенін пысықтайды.
Мысалы:
1. Жүгірудің негізгі кезеңдерін қысқаша шолу (табанды жерге қою, итерілу, жамбасты көтеру, денені еңкейту және жүгіру).
2. 30м тура кесіндіде серпімелі қадаммен жүгіру.
3. Кедергілермен жүгіру техникасын көрсету.
Жұпта ақылдасып, жұмыс жасап болғаннан кейін тең екі топқа бөлініп, құрал-жабдықтармен эстафета ойнату.
- Белгеленген жерге дейін шығыршықпен кедергілердің арасымен жүгіріп, өз белгілерін айналып келу. Шығыршықты лақтырмай келесі ойыншыға беру.
- Жеңіл резенке допты (волейбол добы) шығыршықтың көмегімен жерге домалатып, белгіні айналып келу.
- Үлкен резеңке доптың үстіде секіріп, өз белгілерін айналып келуі қажет.
- Әр ойыншы колдарына корзина алып, жерде жаткан әр түрлі түсті кагаздардан бір-бір түрінен жинап, белгіні айналып келесі оқушыға кәрзеңкені береді. Барлық ойыншы осылай жинаулары тиіс.
Эстафеталық ойын дискрипторлары:
- ойын кезінде қауіпсіздікті сақтайды;
- ережені мұқият тыңдап, тапсырманы дұрыс орындайды;
- өз командасы үшін жылдап жүгіріп, көшбасшылық танытады
Бағалау: Оқушылардың өзіндік және серіктесін бағалауы тәжірибеленеді. Бір-бірлеріне ауызша кері байланыс береді.
Қорытынды бөлімде:
Сабақтан алған білімдерін сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізу.
Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.
Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар кері байланыс картасын толтырып қалдырады.
Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздік үштікті атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады. Оқушыларға «кері байланыс карталарын» толтырып қалдыруды тапсырады.
Эстафеталық ойындардың ережесі
- Мұғалім белгі бергеннен кейін жүгіру;
- Әр ойыншы өз жолымен жүгіру;
- Эстафеталық ойындағы тапсырманы мұқият орындау. Егерде ойын ережесі бұзылған жағдайда, сол жерден қайта орындау;
- Құрал-жабдықтармен мұқият жұмыс жасау;
- Командасы үшін жауапкершілікті сезіну;
- Бір-бірлеріне қолдау көрсету;
- Бір эстафетаны аяқтағанда, топта қорытынды жасау, ой бөлісу;
- Әр оқушы топта көшбасшылық таныту;
- Жылдамдылық, шамшаңдық дағдыларын көрсету;
- Бірін-бірі бағалау. (жекелей, топтық бағалау жүргізу)
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?