Эстафета элементтері бар жеңіл атлетика. Дене шынықтыру, 3 сынып, қосымша материал. 11 сабақ.
№11 сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулық
Тақырып: Эстафета элементтері бар жеңіл атлетика
Сабақтың кіріспе бөлімінде
Спорттық киімдеріне назар аудару.
Сәлемдесу.
Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру. Қатардағы жаттығулар.
Бұрылыстарды біркелкі орындау.
Аяқтың ұшын, өкшесін дұрыс пайдалану.
Жүрістегі жаттығулар.
Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Жүрістегі жаттығулардан жүгірістегі жаттығуларға көшу.
Баяу жеңіл жүгіру.
Арақашықтықты сақтау.
Қол кеуденің алдында, аяқтың ұшымен жүгіру.
Мұрынмен тыныс алу.
Жүгірістегі жаттығулар.
Бірте-бірте ақырындап жүріске көшу. Кең тыныс алу. Жүрісте үш лекпен бұрылып үш қатарға тұру.
Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары.
Жаттығулар тізбегі аяқ бұлшық еттері мен секіру, сермелу жаттығуларын қамтуды көздейді.
Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету.
Сабақтың негізгі бөлімінде
Мұғалім әрекеті: Бүгінгі сабақтың мақсатын тағы қайталай отырып, мақсатқа жетуде оқушылармен қимыл-қозғалс ойынын ұйымдастыру.
Ойын ережесі:
«Айдаһар». Оқушылар бір-бірін белінен(белбеуінен) ұстап шынжыр құрайды- бұл «айдахһардың құйрығы». Шынжырдың алдында жүргізуші тұрады – «айдаһардың басы». Жүргізуші барлығын соңынан ертіп қозғалыс траекториясын шеңбер бойымен, кедергіні айнала, «айдаһардың құйрығын» (саптың соңындағы ойыншыны) ұстау үшін шалт бұрылыстар жасап жүреді. Ойында жүгіру міндетті емес.
Дискриптор:
- ойынды ережемен ойнайды,
- қозғалыс троекториясын белсенді жасайды;
- ойында серіктестерімен бірлесе жүгіреді.
Бағалау: Оқушылардың өзіндік және серіктесін бағалауы тәжірибеленеді. Бір-бірлеріне ауызша кері байланыс береді. Ойынды сұрақ-жауап арқылы қорытындылайды.
Келесі ойын:
Оқушылар шеңберге тұрады. Жүргізуші оның ортасына өтіп, «Доп жоғарыға» сөзімен допты жоғары лақтырады. Оқушылар осы сәтте шеңбердің ортасынан барынша алыс жүгіріп кетуге тырысады. Жүргізуші допты қағып алып, «Тоқта!» -деп айғалайды. Барлығы тоқтау керек. Жүргізуші орыннан қозғалмастан допты өзіне бәрінен жақын тұрғанға лақтырады. Кімге доп тисе, сол жүргізуші болады. Егер жүргізуші тигізе алмаса, онда ол жүргізуші болып қала береді де, ойын жалғасады.
Қосымша ойын нұсқасы ретінде: Жүргізуші шеңбердің сыртында тұрып, доппен жаттығу жасайды, оқушылар беске дейін санайды. «Бес» дегенде олар тез жан-жаққа қашады. Жүргізуші «Тоқта!» деп айқайлап, жақын тұрған ойыншыға допты лақтырады. Кімге допты тигізс, сол жүргізуші болады. Егер ол тигізе алмаса, ол допқа жүгіреді, осы кезде ойыншылар барынша одан алысқа қашуға тырысады. «Тоқта!» деген белгіге барлығы тоқтайды. Жүргізуші тағыда жақын тұрған ойыншыға тигізуге тырысады. Ойын осылай жалғасады.
Дискрипторлар:
- ойынды ережемен ойнайды,
- доппен белсенді жұмыс жасайды;
- ойында белсенділік танытады.
Бағалау: Оқушылардың өзіндік және серіктесін бағалауы тәжірибеленеді. Бір-бірлеріне ауызша кері байланыс береді. Ойынды сұрақ-жауап арқылы қорытындылайды.
Бағалау: Оқушылардың өзіндік және серіктесін бағалауы тәжірибеленеді. Бір-бірлеріне ауызша кері байланыс береді.
Қорытынды бөлімде:
Сабақтан алған білімдерін сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізу.
Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.
Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар кері байланыс картасын толтырып қалдырады.
Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздік үштікті атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады. Оқушыларға «кері байланыс карталарын» толтырып қалдыруды тапсырады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?