Эстафета элементтері бар жеңіл атлетика. Дене шынықтыру, 3 сынып, қосымша материал. 12 сабақ.
№12 сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулық
Тақырып: Эстафета элементтері бар жеңіл атлетика
Мақсаты: Игергелі отырған тақырып пен оқыту мақсаттары жөнінде ақпарат беру.
Сипаттамасы: Мұғалім мен оқушының тақырып бойынша бірлескен іс-әрекеті. Сұрақ-жауап; эстафеталық ойындар арқылы жүгіру, секіру, лақтыру кезінде, түрлі қозғалыс әрекеттерін қалай орындау керек екендігінің маңызы туралы мәселелер нақтыланады.
Мұғалім әрекеті: Тақырып, жоспардағы іс-әрекеттер жөнінде ақпаратпен, мақсаттар және бағалау критерийлерімен таныстырады, сұрақтарға жауап береді. Оқушыларды бағалау критерийлерін талқылауға жұмылдырады. Қыздырыну жаттығуларын қызықты қимыл ойындары арқылы ұйымдастырады. Мысалы: «Қуып жет!» Оқушылар белгіленген алаңда бір-бірінен қашып жүгіреді. Сәл уақыттан кейін мұғалім ысқырықпен белгі береді, одан кейін оқушылар екі-екеуден жұптасып жүгіреді. Жұпта ажырамай бірге қашып, бірге қуу керек. Ұсталынған жұптар қосылып, бірге басқа жұптарды қуады. Ойын осылай барлық жұптар ұсталынғанша жалғасады.
Тыныс алу, жалпы дамыту жаттығулары оырндалады.
Оқушы әрекеті: Мұғалімнің берген ақпаратын тыңдайды, мақсаттар және бағалау критерийлерімен танысады, сұрақтар қояды. Мұғаліммен бірлесе отырып бағалау критерийлерін талқылайды.
Тапсырмаларды орындау кезіндегі ойын ережесін, қауіпсіздік ережесін мұқият орындайды.
Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету.
Сабақтың негізгі бөлімінде
Мұғалім әрекеті: Бүгінгі сабақтың мақсатын тағы қайталай отырып, мақсатқа жетуде оқушылармен құралмен эстафеталық ойын ұйымдастыру. Оқушыларды тең екі топқа бөледі
Әр топ өзінше бірінің артына бірі қатарға тұрады.
Ойын ережесі:
- Саптың басындағы ойыншы допты қос аяқты ашып, ортасынан допты артындағы серіктесіне береді, соңғы ойыншы қабылдайды да саптың алдына келеді. Белгіленген жерге дейін (5 метр) осылай жалғасады. Белгіге бірінші жеткен топ жеңімпаз.
немесе
- Топта ойыншылар екі-екеуден үш допты алып жүгірулері тиіс. Екі ойыншы қолдарындағы доптың ортасына тағы бір допты қойып алып, белгіні айналып, допты түсірмей алып келулері тиіс.
- Топта бірінші ойыншы екі допты құшақтап алып, өз белгісіне апарып қояды, келесі оқушы екі допты алып келеді, келесі оқушы апарады. Ойын осылай жалғасады.
- Топта ойыншылар екі қолға екі таяқшаны алып, допты сол тяқшаның көмегімен ұстап, өз белгілерін айналып, түсірмей жүгіріп келулері тиіс.
Дискрипторлар:
- эстафеталық ойында ҚЕ сақтайды;
- тапсырманы мұқият тиянақты орындайды;
- доппен жүгіру кезінде икемділік дағыдыларын қалыптастырады.
Бағалау: Оқушылардың өзіндік және серіктесін бағалауы тәжірибеленеді. Бір-бірлеріне ауызша кері байланыс береді. Әр ойын аяқталғанда кері байланыс орнатып отыру. Оқушыларды мақсату, мадақтау сөздері арқылы қалыптастырушы бағалау жүргізу.
Қорытынды бөлімде:
Сабақтан алған білімдерін сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізу.
Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.
Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар кері байланыс картасын толтырып қалдырады.
Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздік үштікті атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады. Оқушыларға «кері байланыс карталарын» толтырып қалдыруды тапсырады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?