Қауіпсіздік ережесі. Денсаулық туралы негізгі түсініктер. Дене шынықтыру, 3 сынып, қосымша материал. 1 сабақ.
Әдістемелік нұсқаулық
Оқу үрдісін ұйымдастыру бойынша нұсқаулықтар.
Сабақтың кіріспе және дайындық бөлімдерінде оұушыларға алдағы жұмыс туралы көрсету арқылы ұсыну. Бұған презентацияны пайдалана отырып, сабақтың тақырыптары мен міндеттерін талқылау арқылы қол жеткізіледі. Қозғалыс кезінде және жаттығулар жасағанда балаларға қашықтықты және қауіпсіздік ережелерін сақтауды үйрету маңызды. Сабақтың негізгі бөлігінде, ойындарда міндеттерді орындаған кезде, ережелердің сақталуын бақылап, оқушылармен ойынның тиімділігін арттыру үшін талқылау керек. Сабақтың соңғы бөлігінде оқушылардың ағзасының функционалдық жүйелерін толқудан тыныштандыруға ауысу үшін төмен қарқындылық ойындары таңдалады.
Әдістемелік нұсқаулық
Бағалау бойынша нұсқаулықтар.
Оқушылард бағалау дене шынықтыру сабағында әр түрлі болуы мүмкін.
Ауызша бағалау. Бұл ең көп таралған түрі. Мұғалім оқушыны жаттығуды жақсы, көмектескендігі үшін мақтауы. Немесе алаңғасар оқушыны зейін қоймағандық үшін ескертуі. Ол үшін мұғалім ешқандай баға қоймады, бірақ оны бағалайды.
Байқау белгісі. Ия, бұл да бағалаудың бір түрі. Жақсы орындаған әрекет үшін мұғалім оқушыға ишарат білдірді, немесе жымиып күлді, немесе саусағымен ескертті.
Талдау. Мұғалім оқушыме қысқаша әңгімелескенде, өткен жылмен, аймен, сабақпен салыстырғанда оның жетістіктерін атап өтеді. Сонымен қатар, ол болашақта қандай жаттығуларға көңіл бөлу керектігін көрсетеді.
Салыстыру. Бір қызығы, оқушылардың жетістіктерін сыныптастардың, ағасы немесе апасының, басқа сынып оқушыларының, мектеп бітіруші түлектердің жетістіктерімен салыстырылған өте жақсы көреді. Кейде бұл бағалау түрі балалар үшін өте маңызы зор болып табылады.
Дене шынықтыру мұғалімінің сабақтағы негізгі міндеті - балаға қозғалыс әрекетінің дұрыс техникасын үйрету. Бағдарламаның материалдары дұрыс меңгеру нәтижесі жаттығуларды орындау әдісін бағалау болып табылады. Сараптамалық бағалау гимнастика, жеңіл атлетика жаттығулары, шаңғы тебу техникасы, мобильді және спорттық ойындардың элементтерінде қолданылады. Әдетте, дене шынықтыру мұғалімдерінің өздері жаттығулар жүргізу әдістемесіне қойылатын талаптарды өздері жасайды және сарапшылар ретінде орындау техникасын бағалайды.
Әдістемелік нұсқаулық
1-бөлім: Жеңіл атлетика арқылы қозғалыс әрекеттері
Сабақ тақырыбы: Қауіпсіздік ережесі. Денсаулық туралы негізгі түсінікте
Оқу мақсаттары:
3.3.4.4. Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін дене жаттығуларын орындау кезінде тиісінше жауап қайтарып, қиындықтар мен тәуекелдерді қалай еңсеру керек екендігін түсіну және көрсету
Сабақтың мақсаты:
- Дене жаттығуларын орындау кезінде қиындықтар мен тәуекелдерді түсінеді және көрсетеді.
Бағалау критерийлері:
- денсаулықты нығайтуға ықпал ететін дене жаттығуларын көрсетеді;
- жаттығуларды орындау барысында қиындықтарды және тәуекелдерді түсінеді.
1.Сабақтың басы.
Сергіту сәті. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын ояту. «Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды иез жасауларың керек. "Бастаймыз" деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен...қолмен... өкшемен...иықпен...құлақпен...тіземен....иекпен.... арқамен. Мұғалім айтады: «Біз пәндерді кіріктіруді, қозғалу дағдыларын, дене қасиеттерін қауіпсіздік ережесін сақтау мен сабақ тақырыбы бойынша айту арқылы дамытуды жалғастырамыз» Мұғалім Сіздер үшін денсаулықты сақтау нені білдіреді деп сұрақ қояды. Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады.
Орташа қалыпта жүгіру, алаңның оң жағынан сол жағына қарай .
1. Екі қол жоғарыда аяқтың ұшымен, екі қол белде өкшемен жүру.
2. Жеңіл жүгіріске көшу .
3. Аяқты артқа, қолға жеткізе жүгіру, екі қол алдыда тізені биік көтере жүгіру.
4.Оң және сол жақ қырымен адымдап жүгіру, екі қол белде
5. Жылдамдыққа жүгіру
6. Қолды екі жақтан тыныс ала көтеріп , түсіру, демді қалпына келтіру.
Сергіту сәті.
Еркiн ұста денеңдi,
Тарсылдатпай едендi
Орнымыздан тұрып ап
Жүгiрейiк бiр уақ.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.
Аяқты алға созайық
Тiк көтерiп, қозғайық.
Тым сылбыр да болмайық
Алға қарай озбайық.
Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.
Бой сергіту жаттығулар
Әдістемелік нұсқаулық
Дене шынықтыру сабағында қолданылатын қауіпсіздік ережелеріДене шынықтыру сабағында басты назар аударатын мәселе - жаттығуларды орындау кезіндегі қауіпсіздік. Сондықтан да мұғалім барлық жабдықтар мен снарядтардың жарамдылығы мен қауіпсіздігін мұқият қадағалауы қажет. Төменде бағдарламаның жекелеген тараулары (бөлімдері) бойынша сақтауға тиісті қауіпсіздік ережелері.Сабаққа келген оқушы арнайы спорт киімдерін киіп, оның таза болуын қадағалауды міндеттейді; Сабақ басталарда оқушы денесінің ыстығы көтеріліп т. б. аурулармен ауырып тұрса мұғалімге өз денсаулығы жайында ескерту керек.Спорт, алаңда орнатылған, құрылған спорт құралдарын мұғалімнің рұқсатынсыз тиіспеу керек; 1. Дене шынықтыру және спортпен шұғылданған кезде табаны резина аяқ киім қию керек.2. Қысқа қашықтықтарда тек қана өз жолымен жүгіру қажет. Жүгіріп келе жатып кілт тоқтауға болмайды.3. Ойлы - қырлы жерлерде кездескен кедергілерден (тас, құлаған ағаш, бұта, төмпешік т. б.) аспай - саспай өтуді есте сақтаған жөн.4. Жүгіру, секіру, лақтыру алаңдарын көлденең кесіп өтуге рұқсат етілмейді.5. Спорт құралдарын (граната, диск, найза т. б) лақтырғанда, лақтыру бағытында адамның болмауын қарап, бақылап алу қажет.6. Ұзындыққа, биіктікке секірер алдында шұңқырдағы құмды майдалап, қопсытып алу керек.7. Лақтырушының оң жағында тұруға, құралдарды рұқсатсыз алуға болмайды.
2.Сабақтың ортасы.
1. Ойнаушылар бірінен соң бірі жүгіріп келе жатқанда бірін-бірі итермей өз жолдарымен жүгіруі тиіс;
2. Тепе-теңдік сақтай отыра күрделі бұрылыстар жасағанда жүгіріп келе жатқан жерлері тегіс болу керек;
3. Бір-біріне кедергі жасамай, алда жүгіріп келе жатқанға соқтығыспай, дәл сызыққа басып, жолмен жүгіру керек. Ойын барысында осы қауіпсіздіктің барлығын мұғалім қадағалу керек.
4. Ойынға қатысушылар саны әртүрлі болуы мүмкін бір-біріне кедергі жасамайтындай.
5. Жолдың ұзындығы суретте көрсетілгендей кез келген ұзындықта болуы мүмкін, бірақ
5 м кем болмауы тиіс.
6. Бұл ойынды жарыс түрінде өткізуге болады.
7. Пішіні бірдей бірнеше сызық сызылып, әр қайсысының соңына жалаушалар қойылады.оқушылар жүгіргенде өз жалаушаларына қарай жүгіруі тиіс бір-біріне соқтығыспауын мұғалім қадағалап тұруы қажет.
8. Ойнаушылардың бірінші жалаушаға жеткені тез басынан жоғары көтеруі керек. Командалық ойын түрінде өткізуге болады.
3.Сабақтың соңы.
Сабақты қорытындылау.
Қол жеткен нәтижелер туралы ойлау өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру;
Өткен тақырып бойынша мұғалім мен оқушының талдау іс-әрекеті;
Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді;
Оқушылар өз жұмыстарын «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.
Рефлексия:
- нені білдім, нені үйрендім?
- нені толық түсінбедім?
- немен жұмысты жалғастыру қажет?
Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары № 1Дене шынықтыру
Сынып: ____3_____ Күні: ___________
1-бөлім: Жеңіл атлетика арқылы қозғалыс әрекеттері
- Сабақ тақырыбы: Қауіпсіздік ережесі. Денсаулық туралы негізгі түсінікте
- Оқу мақсаттары:
3.3.4.4. Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін дене жаттығуларын орындау кезінде тиісінше жауап қайтарып, қиындықтар мен тәуекелдерді қалай еңсеру керек екендігін түсіну және көрсету
Сабақтың мақсаты:
Дене жаттығуларын орындау кезінде қиындықтар мен тәуекелдерді түсінеді және көрсетеді.
Бағалу критерийлері:
- денсаулықты нығайтуға ықпал ететін дене жаттығуларын көрсетеді;
- жаттығуларды орындау барысында қиындықтарды және тәуекелдерді түсінеді.
Ойлау деңгейінің дағдысы: түсінеді, қолданады
№ 1 Тапсырма: Оқушылар бірінің соңынан жүгіріп, тепе-теңдікті сақтай отыра күрделі бұрылыстар жасайды.
№ 2 Тапсырма: Оқушылар бір-бірінің соңынан жүгіреді, жалаушаға өз жолдарымен кедергі жасамай.
№ п/п | Аты-жөні оқушының |
| |||||
Қауіпсздік ережесінің техникасын сақтайды | Тепе-теңдікті сақтайды, күрделі бұрылыстар жасайды. | Ойынның ережесін біледі. | Өз-өзінің іс-әрекетін бағалайды, жіберген қателерін анықтайды, ілгерідегі әрекетін түзетеді | ||||
1 | |||||||
2 | |||||||
- Қорытындыны белгілеу үшін мына белгідерді пайдалануға болады:
- V - (өте жақсы)
- Z – (жақсы)
- S - (әліде жұмыстану керек)
Қозғалмалы ойындар ғаламторға сілтеме:
http://bilimdiler.kz/balabaksha/5085-kimyldy-oyyndar.html
Айдапсал-ойыны.Ойнаушылар екі топқа тең бөлінеді де, бірінші топ үйдің сыртына шығып, екінші топ үйде қалады. Ойынды басқарушы сыртта тұрғандардың есімдерін үйде отырғандарға қойып, өзі белгілеп алады. Содан кейін сырттағы ойыншыларды бір-бірлеп шақыра бастайды.Ойынның шарты бойынша, сырттан кірген ойыншы отырғандардың ішінен өз есімі берілген ойыншыны табуы керек. Ал өз есімі берілген ойыншыны тапқандар соның қасына барып отырады, айып тартпайды. Айып тартушылар көпшіліктің ұйғаруымен өлең айтады, би билейді, т. б. өнер көрсетеді. Келесі жолы екі топ орындарын ауыстырады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?