Қауіпсіздік ережесі. Денсаулық туралы негізгі түсініктер. Дене шынықтыру, 3 сынып, қосымша материал. 2 сабақ.


Әдістемелік нұсқаулық

Оқу үрдісін ұйымдастыру бойынша нұсқаулықтар.

Сабақтың кіріспе және дайындық бөлімдерінде оұушыларға алдағы жұмыс туралы көрсету арқылы ұсыну. Бұған презентацияны пайдалана отырып, сабақтың тақырыптары мен міндеттерін талқылау арқылы қол жеткізіледі. Қозғалыс кезінде және жаттығулар жасағанда балаларға қашықтықты және қауіпсіздік ережелерін сақтауды үйрету маңызды. Сабақтың негізгі бөлігінде, ойындарда міндеттерді орындаған кезде, ережелердің сақталуын бақылап, оқушылармен ойынның тиімділігін арттыру үшін талқылау керек. Сабақтың соңғы бөлігінде оқушылардың ағзасының функционалдық жүйелерін толқудан тыныштандыруға ауысу үшін төмен қарқындылық ойындары таңдалады.

Әдістемелік нұсқаулық

Бағалау бойынша нұсқаулықтар.

Оқушылард бағалау дене шынықтыру сабағында әр түрлі болуы мүмкін.

Ауызша бағалау. Бұл ең көп таралған түрі. Мұғалім оқушыны жаттығуды жақсы, көмектескендігі үшін мақтауы. Немесе алаңғасар оқушыны зейін қоймағандық үшін ескертуі. Ол үшін мұғалім ешқандай баға қоймады, бірақ оны бағалайды.

Байқау белгісі. Ия, бұл да бағалаудың бір түрі. Жақсы орындаған әрекет үшін мұғалім оқушыға ишарат білдірді, немесе жымиып күлді, немесе саусағымен ескертті.

Талдау. Мұғалім оқушыме қысқаша әңгімелескенде, өткен жылмен, аймен, сабақпен салыстырғанда оның жетістіктерін атап өтеді. Сонымен қатар, ол болашақта қандай жаттығуларға көңіл бөлу керектігін көрсетеді.

Салыстыру. Бір қызығы, оқушылардың жетістіктерін сыныптастардың, ағасы немесе апасының, басқа сынып оқушыларының, мектеп бітіруші түлектердің жетістіктерімен салыстырылған өте жақсы көреді. Кейде бұл бағалау түрі балалар үшін өте маңызы зор болып табылады.

Дене шынықтыру мұғалімінің сабақтағы негізгі міндеті - балаға қозғалыс әрекетінің дұрыс техникасын үйрету. Бағдарламаның материалдары дұрыс меңгеру нәтижесі жаттығуларды орындау әдісін бағалау болып табылады. Сараптамалық бағалау гимнастика, жеңіл атлетика жаттығулары, шаңғы тебу техникасы, мобильді және спорттық ойындардың элементтерінде қолданылады. Әдетте, дене шынықтыру мұғалімдерінің өздері жаттығулар жүргізу әдістемесіне қойылатын талаптарды өздері жасайды және сарапшылар ретінде орындау техникасын бағалайды.

Әдістемелік нұсқаулық

1-бөлім: Жеңіл атлетика арқылы қозғалыс әрекеттері

Сабақ тақырыбы: Қауіпсіздік ережесі. Денсаулық туралы негізгі түсінікте

Оқу мақсаттары: 3.3.1.1 Дене жаттығуларының, сауықтыру пайдасы денсаулықты нығайтуға ықпал ететін көрсете білу және түсіну

Сабақтың мақсаты:

  • Жаттығулардың сауықтыру пайдасын, денсаулықты нығайтуға ықпал ететіндігін көрсетеді және түсінеді

Бағалау критерийлері:

  • дене жаттығуларының сауықтыру пайдасын, денсаулықты нығайтуға ықпал ететіндігін көрсетеді;
  • жаттығулардың сауықтыру пайдасы, денсаулықты нығайтуға ықпал ететіндігін түсінеді.

1.Сабақтың басы.

Сергіту сәті. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын ояту. «Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды иез жасауларың керек. "Бастаймыз" деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен...қолмен... өкшемен...иықпен...құлақпен...тіземен....иекпен.... арқамен. Мұғалім айтады: «Біз пәндерді кіріктіруді, қозғалу дағдыларын, дене қасиеттерін қауіпсіздік ережесін сақтау мен сабақ тақырыбы бойынша айту арқылы дамытуды жалғастырамыз» Мұғалім Сіздер үшін денсаулықты сақтау нені білдіреді деп сұрақ қояды. Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады.

Орташа қалыпта жүгіру, алаңның оң жағынан сол жағына қарай .

1. Екі қол жоғарыда аяқтың ұшымен, екі қол белде өкшемен жүру.

2. Жеңіл жүгіріске көшу .

3. Аяқты артқа, қолға жеткізе жүгіру, екі қол алдыда тізені биік көтере жүгіру.

4.Оң және сол жақ қырымен адымдап жүгіру, екі қол белде

5. Жылдамдыққа жүгіру

6. Қолды екі жақтан тыныс ала көтеріп , түсіру, демді қалпына келтіру.

2.Сабақтың ортасы.

1. Ойнаушыларды бірнеше топқа тепе-тең бөледі.

2. Бір «жылқы», екі-үш «қасқыр», екі-үш «құлыншақ» таңдалынады ішіндегі ең шапшаң жүгіретінді таңдайды..

3. Қалған ойнаушылар «жылқы үйірі» болады.

4. Оқушылар қолдарынан мықтап ұстап, шеңбер жасайды.

5. Шеңбердің ішінде «құлыншақтар» болады.

6. Шеңбердің ішінде жүретін ойыншыларға сақ болу керек, жүгіргенде жерлері тегіс болуын тексеру керек.

7. «Құлыншақтар» шеңбердің ішінде жүріп, «жылқылардың кісінегеніне» еліктей алады.

8. Үйірдің айналасында «жылқы» жүреді. «Үйір» мен «құлыншақтарды» күзетеді.

9. Егер «қасқырлар» жақындаса, оларды кісінеп, оқыранып қорқытады, «қасқырға» қолын тигізсе, «қасқыр» ұсталған болып есептеледі.

10. «Қасқырлар» «үйірдің» жанында аңдып жүреді.

11. Шынжырды үзіп, «құлыншақтарды» ұстап, өзінің «апанына» алып кетуге тырысады. Сол кезде мұғалім қадағалау керек ойыншылардың құлап қалмауын.

12. «Құлыншақ» еш қарсылықсыз «қасқырмен» кетеді.

13. «Жылқы» «қасқырлардың» барлығына қолын тигізгенше жалғасады.

Әдістемелік нұсқаулық.

Қозғалмалы ойындарға арналған алаңды даярлау.

      Қозғалмалы ойындар ойналатын ойындарды өткізу кезінде жетекші онымен алдын-ала танысып, ойынға қажетті шартты шекараны белгілеп өтуі тиіс. Ойынға арналған орынды жетекші оқушылармен бірге отырып, даярлайды. Алаңды белгілеп өту көп уақытты талап ететін жағдайда бұл ойын басталмастан бұрын жасалынады. Қарапайым белгілеуді ойын шартын түсіндірумен бір уақытта немесе ойын басталғанға дейін жасауға болады, ал әңгіме белгіленген шекараны көрсетумен толықтырылады. Егер ойын жиі өткізілсе, үнемі қолданылатын белгілеу жасауға болады.

Әдістемелік нұсқаулық.

Қозғалмалы ойынға арналған инвентарь даярлау.

      Қозғалмалы ойын сәйкес инвентармен қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл жалаушалар, түрлі-түсті бойаулар, әртүрлі көлемдегі доптар, секіргіштер және т.с.с. Инвентарь жарқын түсті, ойынды байқаулы болуы керек, бұл әсіресе бастауыш сынып оқушылары үшін маңызды, ал көлемі мен салмағы – ойыншылардың әлі келетіндей болуы тиіс. Инвентар саны алдын-ала қарастырылады.

Әдістемелік нұсқаулық.

Ойынды алдын-ала талдау.

      Ойынды өткізбес бұрын жетекші ойын үрдісін ойлап табуы және ойын барысында туатын барлық мүмкін жағдаяаттарды қарастыруы тиіс. Әсіресе қаламаған құбылыстардың алдын-ала, қарастыру қажет.

      Ойыншылардың берілген ұжымын жақсы білетін жетекші ойыншылар ролін алдын-ала белгілеп, ойынға әлсіз және пассивті ойыншыларды қалай тарту керектігін қарастыруы керек. Кейбір ойындарды өткізу үшін ол алдын-ала өзіне көмекшілерді таңдап алады, олардың қызметтерін анықтайды, қажет болған жағдайда оларға даярлануға мүмкіндік береді. Көмекшілер бірінші болып ойын ережесі мен оның өткізу орнымен танысады.

Әдістемелік нұсқаулық.

Ойынға жетекшілік ету.

      Сонымен, ойынды өткізу кезінде жетекшіге келесі аспектілерді ойлап тауып, есепке алу ұсынылады:

  • Балалар ойнайтын ойын ережесі және талаптармен танысу. Ол басталмас бұрын барлық қажетті материалдар мен құрал-жабдықтарды даярлау.
  • Балалардың даму деңгейін, олардың талаптарын, қолдарынан келерлері мен келместерін ескеру. Балалардың бойы, күші, өмірлік тәжірибесіне сәйкес берілген жастық топтың қол жетерлік ойындарды ғана ұсыну. Өздері күрделі болатын қатысушыларды ойыннан сәтті шығара білу.
  • Ойыншылар бойында жоғары энтузиазм қатты қозу болуына қамту.
  • Қарапайым ойыншы ретінде ойынға қатысуға даяр болу, үлкендер жасауға болмайтын да ережелерге бағыну.
  • Компенетті емес және координацияланбаған балаларға көмектесу, олардың машықты деңгейлерін есепке ала отырып жаттығу орындауға мүмкіндік беру немесе орындауға тапсырма беру. Белгілі бір кемшілігі бар бала сот – хронометрист, ұпайлар есепшісі немесе өзі қатыса алмайтын ойында бас сот болғаннан қанағаттану сезімін алады. Кейбір балалардың қателеріне көңіл бөлмеу қажет немесе ойынды тоқтатпастан оларды байқап түзету. Егер бала ережені бұзса немесе ойынды қателесе басқалардың алдында оған ұрсып-зекімеу.
  • Әрбір ойын ережесін уақытында түсіндіру және балаларға белсенді ойын басталмас бұрын бір немесе бірнеше рет машықтануға рұқсат беру. Егер баллар жетекші ұсынған бірінші ойынды қабыл алмаса, қорда алдын-ала даярланған альтернативті ойындардың бір қатары және қажетті құралдарға ие болу.
  • Балалардың жастары мен мүмкіндіктеріне сәйкес ойындар арасында демалыс уақытын беру.
  • Курделену мүмкіндіктерін есепке ала отырып ойынды таңдау: қарапайымнан бастап, машықтандыра отырып, балалардың ептілігін жақсарту шарасы бойынша үнемі күрделендіру.

Әдістемелік нұсқаулық.

Ойынның ережесін түсіндіру.

      Ойынның дұрыс түсіндірілуі белгілі бір мөлшерде оның жетістігіне әсер етеді. Жоғарыда айтылғандай, ойынды бастамастан бұрын жетекші оның мазмұнын анық түсініп, алдын-ала талдап алу керек, тек осыдан кейін ғана оны түсіндіруге кірісуге болады. Кез-келген ойынды шамамен мына сызбада түсіндіруге болады:

  • Ойын атауы (ойынның қандай мақсатта өткізілетіндігін айтуға болады);
  • Ойнаушылардың рөлі және олардың алаңда орналасуы.
  • Ойын мазмұны;
  • Ойын мақсаты;
  • Ойын ережесі.

       Ойынды түсіндіру ойыншылардың сұрақтарына жауап берумен аяқталады. Барлығына назар бөле тұрып, қатты дауыспен жауап етілуі тиіс. Ойын барысы туралы әңгімелей отырып жетекші, талассыз, ережелерді де атап өтеді, алайда әңгіме соңында балалар есінде жақсы сақтау үшін

  • Баланың жалпы дене дамуын бағалау
  • Баланың инциатива және табандылық көрсетуі
  • Командадағы серіктестеріне қатынасы
  • Өзі жіберген қате және оларды қайталама ойын кезінде түзете білуі
  •  Жалпы тәртіптілік, өзіне талап қоя білу
  •  Жеңіспен, жеңілуге қатынасы.

3.Сабақтың соңы.

Сабақты қорытындылау.

Қол жеткен нәтижелер туралы ойлау өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру;

Өткен тақырып бойынша мұғалім мен оқушының талдау іс-әрекеті;

Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді;

Рефлексия:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?

бәрін жақсы түсіндім.

Енді түсініп келемін

Түсінбедім

Барлығын түсіндім

Қозғалмалы ойындар ғаламторына сілтеме:

http://bilimdiler.kz/balabaksha/5085-kimyldy-oyyndar.html

Арынды арқан ойыны.

Ойнаушылар дөңгелене шеңбер құрып тұрады. Бір ойыншы арқанның бір жақ ұшын ұстап, шеңбер ортасында отырады. Екінші ойыншы арқанның екінші ұшына таяқша байлап, шеңбер бойымен айналдырады. Ал балалар арқанды аяқтарының астынан секіре алмай ұстап қалса, сол бала ойыннан шығады да, көпшіліктің ұйғаруы бойынша,ортада өнер көрсетеді.Немесе былай да ойнауға болады: арқаннан секіре алмай қалған бала ойыннан шығып қалады, осылайша бір ойыншы қалғанға дейін арқанды айналдыра беруге болады, соңғы қалған бір ойыншы жеңімпаз атанады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу