Қауіпсіздік ережесі. Денсаулық туралы негізгі түсініктер. Дене шынықтыру, 3 сынып, дидактикалық материал. 3 сабақ.


Дидактикалық материал №3

  • Жаттығу кезіндегі қауіпсіздік талаптары.

 Секіру кезіндегі қауіпсіздік ережелері.

 Секіруге арналған шұңқыр 20-40 см тереңдікте құм топырақпен толтырулы болуы керек. Секірер алдында секіретін шұңқырдағы құм топырақ қопсытылған болуы керек, күректер, тырмауыштар және басқа бөтен заттарды алып тасталуы керек.

Секіру техникасы оқу бағдарламасына сәйкес және оқушының аяғымен түсуін қамтамасыз ету.

 Білімалушылар міндетті:

  • Тырмаларды ұштарын төмен қаратып жатқызуы;
  • Тегіс емес, борпылдақ және тайғанақ топырақта секіруге болмайды, секіріп жерге түскенде қолмен тірелмеуі;
  • Мұғалім рұқсат еткен кезде және шұңқырда ешкім болмағанда секіру керек;
  • Біреудің жолын кеспей басқа оқушы секірген мезгілде, кезекпен секіру керек;
  • Секіріп болғанан кейін тез арада секіретін шұңқырды босатып өз орнына қайтып келіпкелесі секіру әрекетіне жолдың оң және сол жағымен екпін алуға даындалу керек.

Жаттығу кезіндегі қауіпсіздік талаптары.

Жүгіру жаттығулары кезінде.

Білімалушылар міндетті:

  • қашықтыққа тек қана өз жолымен қысқа жүгіру керек, жолдың ұзындығы мәре сызығынан кейін 15 метрден кем болмауы тиіс;
  • жүгірген уақытта тек қана өз жолына қарау;
  • соқтығысып қалмау үшін тез тоқтап қалмауы;
  • сөреге шеткі жолмен қайта оралу, қашықтық сөре кезінде шалмау, қолмен қарсыласты кідіртпеу;
  • алыс қашықтыққа жүгіргенде, жүгірушілерді тек қана оң жағынан басып озу;
  • ойлы-қырлы жермен жүгіргенде, мұғалімнің белгіленген трассасымен немес белгіленген бағдарымен тапсырманы орындау;
  • ширату жүгірісін шеткі жолмен орындау.

Жүгіру түрлері

Жалпы дамыту жаттығулар

 Карточка №1

 Дене сымбатына арналған жаттығулар кешені

 1. Бастапқы қалып – қабырғаға жақындап, желке, жауырын, жамбас, шынтақ және өкшені тигізіп тұру. Сол тұрған күйде алға, сосын артқа қарай қадам жасау; бірнеше рет қайталау.

 2. Бастапқы қалып – тізерлеп тұрып тірелу, артқа сәл иіледі. Басты алға иіп, арқаны бүгу, бастапқы қалыпқа келу. (8–10 рет).

 3. Бастапқы қалып – тік тұрып, аяқты алшақ қою. Кеудені солға қарай иіп, сол қолды төмен түсіру, оң қолды жоғары сырғыту, бастапқы қалыпқа келу; дәл осылай оң жаққа орындалады (әр жаққа 5–6 рет).

 4. Бастапқы қалып – аяқ алшақ қойылады, екі қол екі жақта. Кеудені солға және оңға бұру (әр жаққа 5–6 рет).

 5. Бастапқы қалып – аяқтың ұшымен тұрып, сол аяқты оң аяқтың алдына шығару, екі қол белде. Аяқтың тұрысын алмастырып секіру.

 6. Бір орында тұрып, әскерге ұқсап жүру.

Дұрыс орындауы

Негізгі қателіктер

1. Жүргізушіні сайлап алу.

Жүргізушіні дұрыс сайламағаны

Тегіс жерде ойналмауы

Шеңбер дұрыс жасамаулары

Қатты жүгіріп кетуі

Ойынды дұрыс түсіндірмеуі

Ойыншы шеңберді айналып жүгіру екенін білмеуі

Шеңбер жасап тұрған ойыншы мойнына орамал салмауы

2. Бос орын қалдырмау.

Жүгіруді жылдам бастап кетуіОқыс қозғалуы

Шеңберді дұрыс айналлып жүгірмеуі

Айтылған жолмен жүгірмеуі

Шеңберді анйлғанда күрделі бұрылыстар жасамауы

Айналып жүгірген кезде орамалды біреудің иғына тастауы

Жүгіргенде жүргізушеге қарай жүгірменгені

3. Қалған орынды дәл тауып тұру.

Бос қалған орынды тез жаппауы

Ашық қалған орынға жылжып барып жабу керек екенін білмеулері

Шеңбердің ішіндегі бос орынды көрмеуі

  • Сабақ басталмас бұрын денені қыздыру жаттығуларын жасау керек
  • Дене қыздыру жаттығулары
  • Жүру түрлері
  • Аяқтың өкшесімен
  • Сыртқы қырымен
  • Аяқтың ұшымен
  • Жартылай, толық отырып жүру
  • Жүгіру
  • Арнаулы жүгіру жаттығулары.
  • Тынықтыру жаттығулары
  • Орнында жасалатын жаттығулар.
  • Ойын алаңын мұқият қарап шығу керек
  • Жүгіру жолдарын тексеріп шығу
  • Басқа заттардың жоқ екендігіне көз жеткізу
  • Ойынды мұғалімнің рухсатымен бастау керек
  • Жүгіру алаңына басқа оқушылардың кедергі жасамауын қадағалау

Қорытынды  бөлім

Сапқа  тұру, жай  жүгіру, жүру  тыныс  алу  жаттығуларын  жасап  бастапқы  қалыпқа  түсу.

—          Сабақты  қорытындылау

—          Үйге  тапсырам  беру

—          Ұйымдасқан  түрде  оқушыларды  тарату

Оқушылардың  бастапқы  қалыпқа  түсу  жаттығуларының  дұрыс  орындалуын  қадағалау.

Ғаламторға сілтеме: «Балаларға арналған қозғалмалы ойындар»

https://infourok.ru/bastauish-sinipti-oushilarina-arnalan-imilozalis-oyindari-1171478.html



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу