Ақпаратты іздеу. Информатика, 3 сынып, қосымша материал.
Сынып: 3
6 Бөлім: Әлемнің барлығы Ғаламторда.
«Ақпаратты іздеу» сабағына әдістемелік нұсқаулық
Сабақтын мақсаты:
- Арнайы сұраулар арқылы ақпаратты іздеп табады;
- Компьютерлік программалардың міндетін тұжырымдайды.
Оқу мақсаты:
3.3.1.1 нақты сұрақтарға жауап табу үшін Ғаламтор қолдану
3.2.1.3 құжаттағы ерекшеленген мәтінді қиып алу, көшіру, қою.
Сабақтын түрі: Жаңа тақырып.
Бұл сабақ бөлім бойынша бірінші сабақ болып табылады және осы тақырып бойынша алғашқы сабақ.
Осы сабақта оқушылар әдебиеттік оқу пәнінің «Атақты тұлғалар» тақырыбы арқылы байланысады.
Оқушыларға психологиялық ахуал тудыру мақсатында олармен сабақ басында амандасу ұйымдастырылады. Әрбір оқушы бір-біріне жылылық сыйлау арқылы амандасып психологиялық ахуал тудырады.
Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында атақты тұлғалардын суреттерін қарап осы тұлғалар туралы өз ақпараттарымен бөліседі. Жұптасып нәтижелерімен бөліседі. Оқушылар атақты тұлғалар туралы ақпаратты алу жолдарын талқылайды. Мұғалім ақпаратты алу жолдарына ерекше назар аударады. Оқушылар ақпаратты алу жолдарының әр түрлі тәсілдеріне назар аударады. Содан соң оқушылар мұғаліммен бірлесе отырып күрделі мәселе қойады.
«Компьютер арқылы ақпаратты қалай алуға болады?» Осы жағдайды шешетін болжамымен бөліседі. Содан кейін оқушылар мұғаліммен бірлесе отырып сабақтын тақырыбы мен мақсатын тұжырымдайды. Қолдау ретінде тақтаға кесте арқылы негізгі сұрақтарды жазып қоюға болады: Нені оқып білеміз? Не арқылы іздейміз?
Сабақтың басыңда үлестірме материалдар дайындауға кеңес беріледі:
- Практикалық тапсырма.
- Қалыптастырушы бағалау
Сонымен қатар алдын ала сілтеме бойынша ақпаратты жүктеп алу қажет: https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/6-synyp/lesson/internetten-aqparatty-izdeu-tasilderi
Жаңа тақырып меңгеру кезеңінде оқушылар бейнересурс қолданып «Интернеттен ақпаратты іздеу тәсілдері» мен танысады. Ол үшін келесі сұрақтарға жауап беру қажет:
- Ақпаратты іздеуге арналған программа қалай аталады?
- Браузер дегеніміз не?
- Кен таралған браузерлерге мысал келтіріңіз.
Сонымен қатар мұғалім оқушыларды балаларға арналған Гогуль браузерімен таныстырады.
Жаңа тақырыпты қаншалықты тыңдап меңгергенің бағалау мақсатында оқушылар кеспе қағазда берілген «Дұрыс немесе бұрыс» ойыны арқылы білімдерін тексереді. Бір-бірін бағалау ұйымдастыру қажет. Ол үшін мұғалім тақтаға дұрыс жауаптарды шығарып бағалайды.
Жас ерекшеліктеріне қарай, оқушылардың шаршағаның басу үшін сабақтың ортасыңда сергіту сәтің өткізу ұсынылады. Сергіту сәтің мұғалім оқушылармен бірге орындауы қажет.
Практикалық бөлікті өткізу
Оқушылар компьютермен жұмыс жасаған кезде қауіпсіздік ережелеріне нұсқама алады.
Ғаламтор арқылы табылатын жауптардың сұрақтарын оқушылармен талқыланыз.
Ескертпе: жас ерекшеліктеріне сай іздеу жүйелерін қолдануға ұмытпаймыз.
Оқушылар компьютер мен жұмыс жасау ережелеріне нұсқама алады.
Оқушылар практикалық тапсырманың шартын талқылауға кіріседі:
1 тапсырма
Тақтада бейнеленген атақты тұлғалар туралы мәлімет қарастыру.
- Қай жылы туылған?
- Қай елді мекенде туылған?
2* Тапсырма: Қазақстан Республикасының тұнғыш Президентінің мұражайы туралы ақпарат табыныз. Мұражайдың жұмыс кестесі мен мекен жайын білу үшін іздеу жолына қандай сұрақ еңгізу керек?
Тапсырманың нәтижесіне жету үшін дескрипторлар тұжырымдайды. Тұтас әңгіме құрады.
Дескрипторлар үлгісі:
- Ақпаратты іздеу критерийлері тұжырымдалдый;
- Ғаламторда жұмыс жасау кезінде дұрыстайтын программа қолданды.
- Әр түрлі браузерлерге мысал келтіреді.
- Оқушылар практикалық тапсырманы орындауға кіріседі.
Дескрипторлар арқылы бірін бірі бағалау.
Алдын ала дайындалған дескрипторлар арқылы оқушылар жұптасып бір-бірін бағалайды.
Әдебиеттер мен дереккөздер:
- https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/6-synyp/lesson/internetten-aqparatty-izdeu-tasilderi Интернеттен ақпаратты іздеу тәсілдері
- https://www.zakon.kz/4920933-dimash-kudaybergen-vernulsya-v-aktobe.html Димаш Құдайберген
- https://www.nur.kz/1748844-gennadij-golovkin-rasskazal-o-svoej-mecte.html -Генадий Головкин
- http://novoetv.kz/2018/08/mir-prazdnuet-173-letie-so-dnya-rozhdeniya-abaya-kunanbaeva/ Абай Құнанбаев
- http://netler.ru/ikt/gogul.htm - гогуль
- http://gogul.tv/- Детский интернет-браузер Гогуль
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?