Ақпаратты іздеу. Информатика, 3 сынып, қосымша материал.
Сынып: 3
6 Бөлім: Әлемнің барлығы Ғаламторда.
«Ақпаратты іздеу» сабағына әдістемелік нұсқаулық
Сабақтын мақсаты:
- Арнайы сұраулар арқылы ақпаратты іздеп табады;
- Компьютерлік программалардың міндетін тұжырымдайды.
Оқу мақсаты:
3.3.1.1 нақты сұрақтарға жауап табу үшін Ғаламтор қолдану
3.2.1.3 құжаттағы ерекшеленген мәтінді қиып алу, көшіру, қою.
Сабақтын түрі: Жаңа тақырып.
Бұл сабақ бөлім бойынша бірінші сабақ болып табылады және осы тақырып бойынша алғашқы сабақ.
Осы сабақта оқушылар әдебиеттік оқу пәнінің «Атақты тұлғалар» тақырыбы арқылы байланысады.
Оқушыларға психологиялық ахуал тудыру мақсатында олармен сабақ басында амандасу ұйымдастырылады. «Шаттық щеңбер» әдісі бойынша бір-біріне тілек айтады. Әрбір оқушы бір-біріне жылылық сыйлау арқылы амандасып психологиялық ахуал тудырады. Сынып оқушыларымен «Мозайка» әдісін қолданып, сурет қиындыларын біріктіру арқылы топқа бөлінеді.
Оқушыларды сабақ тақырыбына жетілдіру мақсатында жаңа тақырыпқа уәждеме ұсынылады: Неміс философ-идеалисті және социолог Георг Зиммель: «Білімді адам – өзі білмейтінді қайдан табу керектігін білетін адам» деген екен. Осы сөздің мәнін қалай түсінеміз? Оқушылар өз ойларын білдірту арқылы тақырыптын атауы мен сабақ мақсатын тұжырымдайды.
Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында атақты тұлғалардын суреттерін қарап осы тұлғалар туралы өз ақпараттарымен бөліседі. Жұптасып нәтижелерімен бөліседі. Оқушылар атақты тұлғалар туралы ақпаратты алу жолдарын талқылайды. Мұғалім ақпаратты алу жолдарына ерекше назар аударады. Оқушылар ақпаратты алу жолдарының әр түрлі тәсілдеріне назар аударады. Содан соң оқушылар мұғаліммен бірлесе отырып күрделі мәселе қойады.
«Компьютер арқылы ақпаратты қалай алуға болады?» Осы жағдайды шешетін болжамымен бөліседі.
Сабақтың басыңда үлестірме материалдар дайындауға кеңес беріледі:
- Практикалық тапсырма.
- Қалыптастырушы бағалау
- топқа бөлуге арналған кепе қағаздар
Сонымен қатар алдын ала сілтеме бойынша ақпаратты жүктеп алу қажет:
- https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/6-synyp/lesson/internetten-aqparatty-izdeu-tasilderi
- https://www.youtube.com/watch?v=kt6Hnr61Gm0
Жаңа тақырып меңгеру кезеңінде оқушылар бейнересурс қолданып «Интернеттен ақпаратты іздеу тәсілдері» мен танысады. Ол үшін келесі сұрақтарға жауап беру қажет:
- Ақпаратты іздеуге арналған программа қалай аталады?
- Браузер дегеніміз не?
- Кен таралған браузерлерге мысал келтіріңіз.
- Компьютер арқылы ақпаратты қалай алуға болады?
Оқушыларға Интернет арқылы ақпарат іздестіру кітаптардан ақпарат іздеуден немен ерекшеленетіндігін түсіндіреді. Оқушылармен бірлесе отырып терминалогия кестесін құру қажет
Термин | Түсінігі |
браузер | Компьютер желісін қолдана отырып ақпаратты іздеу және қарау программасы |
веб-сайт | веб-парақша жинағы |
веб-парақша | Интернетте ақпарат ұсынылған жеке парақша |
Интернет | Дүниежүзілік ақпараттық компьютерлік желі |
Ақпаратты іздеу | Ақпаратты іздеуге арналған компьютерлік жүйе |
Сонымен қатар мұғалім оқушыларды балаларға арналған Гогуль браузерімен таныстырады.
Жаңа тақырыпты қаншалықты тыңдап меңгергенің бағалау мақсатында оқушылар кеспе қағазда берілген «Дұрыс немесе бұрыс» ойыны арқылы білімдерін тексереді. Бір-бірін бағалау ұйымдастыру қажет. Ол үшін мұғалім тақтаға дұрыс жауаптарды шығарып бағалайды.
Жас ерекшеліктеріне қарай, оқушылардың шаршағаның басу үшін сабақтың ортасыңда сергіту сәтің өткізу ұсынылады. Сергіту сәтің мұғалім оқушылармен бірге орындауы қажет.
Практикалық бөлікті өткізу
Оқушылар компьютермен жұмыс жасаған кезде қауіпсіздік ережелеріне нұсқама алады.
Оқушылар практикалық тапсырманың шартын талқылауға кіріседі:
1 тапсырма
Тақтада бейнеленген атақты тұлғалар туралы мәлімет қарастыру.
- Қай жылы туылған?
- Қай елді мекенде туылған?
Вопросы | Ответы для проверки |
Абай Құнанбаев қай жылы туылған? | 29 шілде [10 тамыз] 1845 |
Абай кім болған? | Ақын, философ, ағартушы және еңбек қайраткері |
Абай дын шынай аты кім? | Ибрахим |
Задание 2* | |
Абайдын атақты туысын ата | Шәкәрім Кудайбердиев |
Абайдын суретін жұмыс үстеліне сақта |
|
Вопросы | Ответы для проверки |
Роза Рымбаева қай жылы туылған? | 28 қазан в 1957 жылы |
Роза Рымбаева деген кім? | Әнші, Казақ ССР-нің еңбек сінірген әртісі |
Алғашқы жүлдесін қай жылы алған? | 1974 және 1975 жылы |
Задание 2* | |
Роза Рымбаева кім көп көмектескен? | Үлкен ағасы |
Роза Рымбаеваның суретін жұмыс үстеліне сақта |
|
Вопросы | Ответы для проверки |
Данияр Елеусинов қай жылы туылған? | 13 наурыз 1991 жылы |
Данияр Елеусинов деген кім? | боксшы |
Данияр Елеусиновтын бапкері кім? | Әкесі Марат Талипович |
Задание 2* | |
Алғашқы жүлдесін қай жылы алған? |
|
Данияр Елеусиновтын суретін жұмыс үстеліне сақта |
|
2* Тапсырма:
- Қазақстан Республикасының әнұран мәтінін тауып көрсетіңіз, оны өз бумаңызға көшіріп алыңыз.
- Герб суретін көшіріп алыңыз.
- ҚР «Құрмет» орденінің суретін тауып көріңіз.
Дескрипторлар үлгісі:
- Іздеу жүйесін қолданады
- Атақты тұлғалар туралы ақпаратты іздейді;
- Ақпаратты файылға көшіріп алады
- Файылды сақтайды
- Суреттерді қиып алу, сақтау командаларын қолданады.
- Әр түрлі браузерлерге мысал келтіреді.
- Оқушылар практикалық тапсырманы орындауға кіріседі.
Қалыптастырушы бағалау ретінде
Тапсырма программаның логотипін анықта.
A | B | C |
1) Браузерді анықта: …………………………………………….[1]
2) Ақпаратты іздеу программасын анықта: ………………… .[1]
Жауабы:
- C
- B
Әдебиеттер мен дереккөздер:
- https://www.youtube.com/watch?v=kt6Hnr61Gm0 - фиксики
- http://novoetv.kz/2018/08/mir-prazdnuet-173-letie-so-dnya-rozhdeniya-abaya-kunanbaeva/ Абай Құнанбаев
- http://vesti.kz/profi/247632/ - Данияр Елейсинов
- https://24smi.org/celebrity/1144-roza-rymbaeva.html - Роза Рымбаева
- http://netler.ru/ikt/gogul.htm - гогуль
- http://gogul.tv/- Детский интернет-браузер Гогуль
- https://www.tarbie.kz/23210 Сергіту сәті
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды