Түстер палитрасы. Информатика, 3 сынып, қосымша материал, 1 сабақ.


 Сынып: 3

 5 Бөлім: Шығармашылық және компьютер.

  «Түстер палирасы» сабағына әдістемелік нұсқаулық

 

Сабақтын мақсаты:

  •  Графикалық редактордың мәзір командалары арқылы жұмыс жасайды(ашу, сақтау).
  •  Түстер палитрасын қолданып суретті графикалық редактор арқылы бояйды.

 Оқу мақсаты:

 3.2.2.1 қарапайым графикалық редактор құралдарын қолдану

 3.2.4.2 арнайы тақырыпқа сай фотосуреттерді қолдану

 Сабақтын түрі: аралас сабақ.

  Бұл сабақ бөлім бойынша үшінші сабақ болып табылады және осы тақырып бойынша бірінші сабақ. Оқушылар осыған дейін графикалық редактормен таныс. Олар суретті графикалық редакторға жүктеп алады, редакторда курал саймандар жұмыс жасай алады, сурет үзінділерін бөліп алады, сурет құрастыра алады. Осы сабақта осыған дейін меңгерілген білім қолданылады Оқушылар файлдарды ашып жабады, компьютердің құрылғыларымен жұмыс жасайды (тінтуір, пернетақта), графикалық редакторда сурет салады.

  Осы сабақта оқушылар математеика сабағымен байланысып есеп шығаоа отырып суреттерді бояйды.

 Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында оқушыларға кеспе қағазда бояу ұсынылады, оқушылар суретті есептің нәтижесін таба отырып бояйды, сабақта орыналатын іс-әрекетті анықтап сабақтың тақырыбымен оқұ мақсатын тұжырымдайды.

 

 Сабақтың басыңда үлестірме материалдар дайындауға кеңес беріледі:

 - Кеспе қағаздар.

 - Практикалық тапсырма.

 

 Сабақтың әр кезеңінен кейін оқушылар сабақтан алынған білімін айқындап және терминологияны ерекше атап өтуі тиіс.

 Жас ерекшеліктеріне қарай, оқушылардың шаршағаның басу үшін сабақтың ортасыңда сергіту сәтің өткізу ұсынылады. Сергіту сәтің мұғалім оқушылармен бірге орындауы қажет.

 Жаңа тақырып түсіндіру кезеңінде проблемалық мәселе тудыру арқылы оқушылардың қызығушылығын ояту.

 Оқушы құю құралын қолданып үйдін шатырын боямақшы болды. Қоңыр түсті таңдап құю құрылғысын қолданып еді, сурет толайымен қоңыр түсті болып боялып кетті. Не себепті екенің түсіндір.

 Оқушылар өздерінің түсініктерін білдіреді.

 Суреттерді не арқылы боядыңыз?

 Компьютерде берілген суреттерді бояу үшін қандай құрылғы қолданамыз?

 Paint –та  бір уақытта екі  түспен сурет алуға болады:  қалам түсімен (оны негізгі түс деп атаймыз),  және фон түсімен (фондық).

 Палитраның сол жақ шетінде  бірі екіншісінің  ішіне орналасқан  кішкене екі тіктөртбұрыш  тұр,  осылардың  үстіңгісі – негізгі, ал астыңғысы – фондық  түстерді көрсетеді.

 

 Кез-келген  сәтте  түстерді  өзгерту  мүмкіндігі бар,  ол үшін курсорды палитрадағы  жаңа  түске апарып,  тышқанның  сол жақ батырмасын шерте  отырып,   негізгі түсті,  ал оң жақ батырмасын  басу арқылы – фондық  түсті  өзгертуге болады.

 Бояу үшін құю құралын пайдаланамыз. Оның көмегімен тұйық контурды бояуға болады. Егер контур тұйық болмаса, сендер осы құралды қолдансаңдар, онда бояу бүкіл экранға төгіледі.

  Paint графикалық редакторын ашып балдарға бояу құралдарын көрсету.

 Бүріккіш құралы бояуды бүрку эффектісін жасау үшін қолданылады.

 Қылқалам (кисть) ерікті сызықтарды салуға, бояуға болады.

 Практикалық бөлікті өткізу

 Оқушылармен компьютерде жұмыс жасау кезінде орындалатын ережелерге нұсқаулық беріледі.

 Практикалық жұмыс орындамас бұрын, оқушылармен сурет салу үдерісінің іс әрекеттерін талқылаңыз.

 Ең күрделі жағдаяттарға назар аударыңыз.

 1 тапсырма. Жұмбақ жауабының суретін құрастырып, Paint терезесінде сал

 1 - нұсқа:

 Алдымда әр түрінен жібек жіптің,

 Аспанға әшекейлеп кесте тіктім.

 (Кемпірқосақ)

 

 2- нұсқа:

 Таңмен нұрын шашады,

 Әлемге көзін ашады.

 (күн)

2 тапсырма Оқушылар файылдарды жүктеп алып, есептерді шығарып сәйкес түспен суреттерді бояйды.

1 нұсқа «Әтеш» файлы

2 нұсқа «Серуен»

 Дескриптірлерді талқылау:

 - файлды мәзір командасын қолданып жүктеп алады.

 - сурет салуда әртүрлі құралдарды пайдаланады.

- суретті түстер палитрасын пайдаланып бояйды;

 - файлды мәзір командасы арқылы сақтап қояды.

 Оқушылар практикалық жұмысты орындауға кіріседі.

 Саралау мақсатында тапсырмалар өсу ретімен күрделенеді.

Дескрипторлар арқылы өзара бағалау.

 Алдын ала құрастырылған дескрипторлар арқылы оқушылар жұптасып бір бірінің жұмыстарын бағалайды.

 

 Әдебиеттер мен дереккөздер:

  • https://www.youtube.com/watch?v=wRqT6XGgZHo Үзіндіні көшіруге арналған бейне
  • https://es.dhgate.com/product/cushion-cover-cotton-linen-black-and-white/388572312.html
  • http://www.slovoart.ru/node/1120
  • http://ethnoboho.ru/slavyanskiy/drevnie-sekrety-russkogo-narodnogo-ornamenta.html
  • http://fromtundra.ru/?p=2491
  • http://xn----7sbbfb7a7aej.xn--p1ai/informatika_06_fgos/informatika_materialy_zanytii_06_05_fgos.html


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу