Ашық ауадағы физикалық әрекет. Дене шынықтыру, 2 сынып, сабақ жоспары.


Кіріктірілген білім беру бағдарламасы бойынша дене

шынықтыру пәнінің қысқа мерзімді

CАБАҚ ЖОСПАРЫ №

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8-бөлім: Денсаулық және физикалық белсенділік.

Ортақ тақырып: Саяхат.

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі.

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Ахметов Б.С.

Сынып: 2

Қатысқандар cаны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ашық ауадағы физикалық әрекет.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.1.1.1 Қарапайым дене жаттығуларында негізгі қозғалыс дағдыларын орындау және жалпылау. 2.3.4.1 Дене жаттығуларының сауықтыруға пайдасын талқылау және сипаттай алу.

 Сабақ мақсаттары

Әр түрлі қимыл-қозғалыстарды қарапайым жаттығуларды кешенді орындау, денсаулыққа оң әсер ететін күнделікті жаттығулар кешенін орындаудың маңыздылығын білу, жаттығуларды тиісінше ретімен орындай білу.

 Бағалау критерийлері

Қарапайым дене жаттығуларын ретімен кешенді орындау, сауықтыруға пайдасын, денсаулықты жақсартатын, дамытатын жаттығулар кешенін күнделікті орындай алады және маңыздылығын, пайдасын түсінеді.

 Тілдік мақсаттар

 

Тіл туралы сындарлы ойлауды ынталандыру (мысалы, тілдерді салыстыру, оқушыларды тілді нақты қолдануға жігерлендіру, оқу тілінде ілгерілеуді бағалау). Мысалы: жүгіру, асықпай баяу жүгіру, жүру, жай жүріс.

 Құндылықтарды дарыту

 

Ойын барысында өзгелер көзқарасына құрмет және жеке, жұпта, командада жұмыс істеу қабілеті.

 Пәнаралық байланыстар

Өзін-өзі тану, жас өспірімдер физиологиясы.

 АКТ қолдану дағдылары

АКТ (әсіресе ғаламторды) байланыс, істестік, мазмұн жасау, дене тәрбиесі саласында көмек сұрау мен ақпарат табу үшін басты құрал ретінде қолдану.

Алдын ала білу керек

Оқушыларға осы бөлім бойы салауатты өмір салтының маңыздылығын машықтандыру, тану және көрсету ұсынылады. Оқушылар жүрек пен өкпеге пайдалы физикалық іс-әрекетке қатысады, сабақта кедергілер мен доптар қолданылады.

Жоспарлардағы әрекеттер.

Б = бүкілсыныптық жұмыс. Жж = жұптық жұмыс.

Тәж = оқушы тәжірибесі. Ф = формативті бағалаудың мүмкіндіктері.

Т = топтық жұмыс. Ж = жеке жұмыс. К = оқытушы көрсетеді.

Сабақ барысы.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Уақытты жоспарлау: Дайындық бөлім: 8-10 мин.

Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу.

Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру.

Қатардағы жаттығулар. Оңға, солға бұрылулар. Мәнерлі жүрістер.

Жүрістегі жаттығулар. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Арақашықтықты сақтау. Козғалыстағы жаттығулар тізбегі. Қолға, аяқа арналған бой жазу жаттығулары. Шеңберге тұру.

Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары. Созылуға, иілуге арналған жалпы дамыту жаттығуларды орындау. Буындарды, бұлшық еттерді негізгі қимыл-қозғалыстарды орындауға дайындау.

Әрбір әрекет түріне арналған үлкен, бос кеңістік. Мұғалімге арналған ысқырық.

Сабақтың ортасы

(Д, К, Ф) Ойынға ұзындығы 3-4 м болатын жіп қажет, оның ұшында бұршақ немесе құм толтырылған қапшық бар. Ойынға қарапайым секіргішті пайдалануға болады. Бұл балықшы (жүргізуші) басқа балықшыны (басқа ойыншыларды).ұстайтын қармақ. Барлық ойыншылар шеңбер бойы тұрады, ал жүргізуші шеңбердің ортасында қолына жіпті ұстап тұрады.

Жүргізуші қапшығы бар жіпті еден бойы жылжуы үшін ойыншылардың аяқ астында шеңбер жасап, айналдырады. Олар қапшықтың қозғалысына ерекше назар аударады, оларды басып кетпес үшін секіреді. Қапшықты немесе жіпті басып кеткен оқушы ортаға тұрып, жіпті айналдыра бастайды, ал бұрынғы жүргізуші оның орнына шеңберге барады.

Соңғы қалған екі, үш ойыншы жеңеді.

Егер жіп тізеден төмен аяқтың бөлігіне тиіп кетсе, ойыншы ұсталған болып саналады.

(Д, К, Ф) Қазақтың ұлттық ойыны - Тиынды көтер (Куме алу)

Салт аттылар сигнал бойынша старттың шартты сызығынан шауып барып, шамалары жеткенше орамалда оралған, алаң бойы ойын мақсатында лақтырылған көбірек тиынды жинап үлгеруі керек. "Куме алу" ойынының балаға арналған нұсқасы келесідей қорытындыланады: алаңда финиш және старт сызығы сызылады. Ойын алаңы бойында тиындар жайылады. Балалар старт сызығы бойына тұрады және "старт" бұйрығы бойынша аттағы шабандоздарды бейнелеп (гимнастикалық таяқты ат ретінде аяқтарының арасына ұстайды) алаң бойына финиш сызығына жүгіріп барады, "шауып бара жатып" тиындарды жинайды. Тоқтамастан "шауып бара жатып" көп тиынды жинап, финишқа жететін оқушы жарыстың жеңімпазы саналады. Оқушылар финиш сызығына жеткенше ат үстінде шауып бара жатқандай болуы және тиынды көтергенде тоқтамауы керек.

Доптар, мұғалімге арналған ысқырық, кең ойын алаңы.

Бағаналар, доптар, ысқырық.

Сабақтың соңы

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізіледі: Теориялық және практикалық жаттығуларда мұғалім командалық ойындарды ойнаған кезде, әдеттегі қателерге, жетістіктерге назар аударады анықтамалар береді. Оқушылар таңдаған белгілі ойындарға балалардың қызығушылықтарын қолдап және дамытып, дағдыларын дамытуға нұсқаулар беру, бақылау. Осы ойындарға байланысты басқа да баламалы нұсқаларды ұсынуға ұсыныстар жасау.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Берілген тапсырмаларды, жүйелі жаттығулар жинағының үйлесімділігін көрсетеді. Жаттығуларды барынша белсенді орындау, қозғалмалы ойындарды жалпылау. Топтық ойындардағы тапсмырмалардың күрделі тұстарына мән беру. Қабілеті жоғары оқушылар ойындардағы қимыл-қозғалыс әрекеттерін қайталап, орындалуын өз бетінше, нұсқаларын көрсету.

Оқушылардың өз бетінше тапсырмамен белсенді жұмыс істеуі, өз бетінше қателерін түзеу. Ойындар барысында бейресми қалыптастырушы бағалаулар. Күрделі тапсырмаларды орындауға бейім болу. Талаптарға сай орындалуына көңіл бөлу.

Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу. Жабдықтардың талапқа сай болуын қамтамасыз ету.

Дене қуатын үнемдеу шарттары.

Дұрыс тыныс алу.

Сабақ барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу