Түстер палитрасы. Информатика, 3 сынып, қосымша материал, 2 сабақ.
Сынып: 3
5 Бөлім: Шығармашылық және компьютер.
«Түстер палирасы» сабағына әдістемелік нұсқаулық
Сабақтын мақсаты:
- Суретті өзгертуге арналған айналдыру, созу командаларын қолдану;
- Суретті қиып өлшемін өзгерту;
- Суретті бояу;
- Геометриялық фигуралар қолданып сурет салу.
Оқу мақсаты:
3.2.2.1 қарапайым графикалық редактор құралдарын қолдану
3.2.4.2 арнайы тақырыпқа сай фотосуреттерді қолдану
3.2.2.2 нысанның сыртқы келбетін өзгерту (қию, бұру, өлшмін өзгерту)
3.1.2.2 компьютер программасында файлдарды ашу және сақтау командаларын қолдану.
Сабақтын түрі: аралас сабақ.
Бұл сабақ бөлім бойынша соңғы сабақ болып табылады және осы тақырып бойынша екінші сабақ. Сабақтың соңында оқушылар бөлім бойынша жиынтық бағалау орыңдайды. Оқушылар осыған дейін графикалық редактормен таныс. Олар суретті графикалық редакторға жүктеп алады, редакторда курал саймандар жұмыс жасай алады, сурет үзінділерін бөліп алады, сурет құрастыра алады. Осы сабақта осыған дейін меңгерілген білім қолданылады.оқушылар графикалық фигуралар арқылы сурет салады, салған суреттерін сақтайды.
Осы сабақта оқушылар қазақ тілі/әдебиет, өнер сабақтарымен байланысады.
Оқушыларға психологиялық ахуал тудыру мақсатында олармен сабақ басында амандасу ұйымдастыру. Әрбір оқушы бір-біріне жылылық сыйлау арқылы амандасып психологиялық ахуал тудырады. Нұсқаулық: (оқушылар қимыл-қозғалыстар арқылы жаттығуды жасайды).
Көршіңді оң жақтан құшақта,
Көршіңді сол жақтан құшақта.
Оң жақтағы көршіңе бір жымиып,
Сол жақтағы көршіңе бір жымиып,
Бүгінгі сабақты,
Біз үлкен отбасы- деп бастайық
Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында жұмбақ беріледі. Жұмбақ шешімінің нәтижесі арқылы оқушыларға диалог құру арқылы сабақта орыналатын іс-әрекетті анықтап сабақтың тақырыбымен оқұ мақсатын тұжырымдайды.
Сабақтың басыңда үлестірме материалдар дайындауға кеңес беріледі:
- Кеспе қағаздар.
- Практикалық тапсырма.
Сабақтың әр кезеңінен кейін оқушылар сабақтан алынған білімін айқындап және терминологияны ерекше атап өтуі тиіс.
Жас ерекшеліктеріне қарай, оқушылардың шаршағаның басу үшін сабақтың ортасыңда сергіту сәтің өткізу ұсынылады. Сергіту сәтің мұғалім оқушылармен бірге орындауы қажет.
Жаңа тақырып түсіндіру кезеңінде проблемалық мәселе тудыру арқылы оқушылардың қызығушылығын ояту.
Оқушы құю құралын қолданып үйдін шатырын боямақшы болды. Қоңыр түсті таңдап құю құрылғысын қолданып еді, сурет толайымен қоңыр түсті болып боялып кетті. Не себепті екенің түсіндір.
Компьютерде берілген суреттерді бояу үшін қандай құрылғы қолданамыз?
Оқушыларға басты талаптар ұсынылады:
Практикалық бөлікті өткізу
Оқушылармен компьютерде жұмыс жасау кезінде орындалатын ережелерге нұсқаулық беріледі.
Практикалық жұмыс орындамас бұрын, оқушылармен сурет салу үдерісінің іс әрекеттерін талқылаңыз.
Ең күрделі жағдаяттарға назар аударыңыз.
- Тапсырма
- Paint графиктік бағдарламасын іске қосу.
- Үшбұрыш, төртбұрыш, қисық сызық, эллипс құралдарын пайдаланып, әртүрлі 5 сурет салу.
- Бояу тақтасын пайдалану.
*2 Тапсырма
Paint графиктік программасында жұмбақтың жауабын тауып, суретін салу және бояу.
Сары қозы, көк қозы,
Қарындары тоқ қозы.
Күздігүні көп қозы,
Қыстыгүні жоқ қозы. (Қауын-қарбыз)
Тақия, мұрын, бір құлағы бар,
Самаурын қасында тұрағы бар. (Шәйнек)
Салынған суретке ат беріп, сақтау
- ** Тапсырма
Мақсаты: өлеңге иллюстрация жасау. Қыс суреті
Жапалақтап аулада,
Тұрды таза ұлпа қар.
Қызықтайды бар бала,
Шақырады қырқалар.
Қарашы аппақ далаға
Жылынсын деп денеміз.
Отырып ап шанаға,
Біз сырғанақ тебеміз
Дескриптірлер
- сурет салуда әртүрлі құралдарды пайдаланады.
- суретті түстер палитрасын пайдаланып бояйды;
- файлды мәзір командасы арқылы сақтап қояды.
Оқушылар практикалық жұмысты орындауға кіріседі.
Саралау мақсатында тапсырмалар өсу ретімен күрделенеді.
Дескрипторлар арқылы өзара бағалау.
Дескрипторлар арқылы оқушылар жұптасып бір бірінің жұмыстарын бағалайды
Оқушылардың қаншалықты сабақ меңгергенін екі сұрақ арқылы белгілеп алу.
Қалыптастыру бағалау
Paint графиктік программасында жиегі басқа түспен фигура көрсетілген.
|
|
|
Әдебиеттер мен дереккөздер:
- https://www.youtube.com/watch?v=wRqT6XGgZHo Үзіндіні көшіруге арналған бейне
- http://xn----7sbbfb7a7aej.xn--p1ai/informatika_06_fgos/informatika_materialy_zanytii_06_05_fgos.html
- https://otvet.imgsmail.ru/download/47b6876b30c73a25e1ea6c53ce59ae57_i-3904.gif
- https://www.yaklass.ru/p/informatika/5-klass/kompiuternaia-grafika-12074/graficheskii-redaktor-ms-paint-11933/re-e4f71ca6-30f0-4de5-9c49-d6169e975920 түстер палитрасы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?