Эстафеталар мен ойындар. Дене шынықтыру, 2 сынып, сабақ жоспары.


Дене шынықтыру пәні

CАБАҚ ЖОСПАРЫ №

Ұзақ мерзімді жоспар

6-бөлім –Бастаушы және күрделі қозғалмалы ойындар.

Ортақ тақырып:

Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті.

Мектеп: ФМБ НЗМ Талдықорған қ.

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 2

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Эстафеталар мен ойындар.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.3.3.1 Тірек қимыл - аппаратының жұмысын талқылау және сипаттай алу.

2.3.2.1 Дене жаттығуларын орындау кезінде ағзадағы дене өзгерістерін айыру.

Сабақ мақсаттары

Эстафеталық «Біріккен ойындар» тәсілін түсіндіру.

Бағалау критерийлері

  • ойындарда тірек қимыл жұмысын талқылайды және сипаттайды;
  • жаттығуларды орындау кезінде дене өзгерістерін ажыратады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

соққылар, аяқпен соғу, лақтыру, айналу және дриблинг сияқты кейбір іс-қимыл дағдыларын түсінуді сипаттау және көрсету

Пән лексикасы және терминология

  • дененің бөліктері: қолдар, аяқтар, тізелер, бас, саусақтар, саусақ ұштары
  • жүгіру, жүру
  • ереже, қатер, қауіпсіздік

Құндылықтарды дарыту

Салауатты өмір салты маңызынан хабардарлық (дене,ой, қатынас);

Қимылдар, таңдаулар мен шешімдерде тәуелсіздік;

Жеке, жұпта және командада жұмыс істеу қабілеті;

Мектеп миссиясын, пайымдауын және жаһандық азаматтықты жүзеге асыру

Оқушылардың Рухани - адамгершілік құндылықтарын және патриоттық сезімін ұялатуға, бір-бірін құрметтеуге, командалық жұмыс дағдыларын жауапкершілікке және өзара түсіністікке тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі, жас өспірімдер физиологиясы

АКТ қолдану дағдылары

АКТ (әсіресе ғалам торды) байланыс, істестік, мазмұн жасау, дене тәрбиесі саласында көмек сұрау мен ақпарат табу үшін басты құрал ретінде қолдану.

Бастапқы білім

Іс-қимыл белсенділігі кезінде денені бақылаудың іс-қимыл дағдыларының диапазоны бөлімнің барлық бөлігінде қолданылады: айналу, лақтыру, дриблинг, соққылар. Оқушыларға әртүрлі іс-шараларда шығармашылық тәсілдемені өздерінің іс-қимыл дағдыларын байланыстыру және топтық, жеке жұмыс барысында ережені, динамикалық өзгерістерді зерттеу арқылы таныту ұсынылады. Арнаулы іс-тәжірибеге, анықтыққа, биіктікке және қашықтыққа ерекше көңіл аударылады.

Жоспарлардағы әрекеттер

Б = барлық сынып ЖЖ = жұптық жұмыс

Тәж = оқушы тәжірибесі

ф = формативтік бағалауды қолдайды Т = топтық жұмыс

Ж = жеке жұмыс К = оқытушы көрсетеді

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Уақытты жоспарлау: Дайындық бөлім: 12-15 мин. Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу. Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру. Қатардағы жаттығулар. Бұрылыстарды біркелкі орындау. Аяқтың ұшын, өкшесін дұрыс пайдалану. Жүрістегі жаттығулар. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Жүрістегі жаттығулардан жүгірістегі жаттығуларға көшу. Баяу жеңіл жүгіру. Арақашықтықты сақтау. Қол кеуденің алдында, аяқтың ұшымен жүгіру. Мұрынмен тыныс алу. Жүгірістегі жаттығулар. Бірте - бірте ақырындап жүріске көшу. Кең тыныс алу. Комплекстік жаттығу №16-18.

Мұғалімге ысқырық, секундомер,

тексеру журналы.

Сабақтың ортасы

Біріккен ойындар.

(К, Г, Ф) «Шырша бүршіктері, емен жаңғақтары, жаңғақтар»

Ойыншылар шеңбер жасайды. Шеңбердің ортасында жүргізуші тұрады, ал қалғандары үшке бөлініп, бір-біріне беттерімен қарап ортаға тұрады (бірінші нөмір — жүргізушіден үш-төрт қадамда). Жетекші (оқушы болуы да мүмкін) барлық ойыншыларға атауларды береді: бірінші үштік «шырша бүршіктері», екіншісі «емен жаңғақтары», үшіншісі «жаңғақтар». Белгі бойынша жүргізуші дауыстап атауларын атай бастайды, мысалы: «Жаңғақтар». «Жаңғақ» деп аталған барлық ойыншылар орындарын ауыстырулары қажет, ал жүргізуші бос қалған орынға жүгіреді. Егер бұл ойы жүзеге асса, онда орынсыз қалған ойыншы жүргізушіге айналады. Егер жүргізуші «Емен жаңғақтары» десе, үштікте тұрғандар екінші болып, «Шырша бүршіктері» десе, үштікте тұрғандар бірінші болып ауысады. Ойын меңгерілгеннен соң, жүргізушіге үштіктен екі немесе тіпті үш ойыншыны шақыруға болады, мысалы: «емен жаңғақтары, жаңғақтар». Шақырылғандар да орындарын ауыстырады.

Сұраңыз: дұрыс нәтижеге қол жеткізудің ең жақсы әдісі қандай? (мысалы, бір-бірімен сөйлесу, ойыншының қасында тұру және оған орын бермеу).

(Г, К, Э) «Альпинисттер». «Альпинисттердің» екі тобы сап түзеп, гимнастикалық қабырғаға қарап, одан 6-7 м аралықта тұрады. Бірінші ойыншылар мен гимнастикалық қабырға арасында білте тақтайшасы жоғары төңкерілген гимнастикалық орындықтар орнатылады. Қабырғаның шеткі аралығында гимнастикалық төсеніштер қойылады. Мұғалімнің сигналы бойынша бірінші ойыншылар гимнастикалық орындықтың білте тақтайшасы бойынша жылжи бастайды, гимнастикалық қабырғаға өтеді, оған мінеді, шеткі аралыққа дейін қабырға бойынша жылжиды және төмен түседі. Мұғалім қабырғада өрдің биіктігін алдын ала көрсетеді (кішкене лентамен, жалаушамен белгілейді). Гимнастикалық қабырғадан түскен кезде ойыншы төсеніште бормен белгіленген диаметрі 40 см шеңбер ішіндегі 70-75 см биіктікте орналасқан білте тақтайшадан секіре алады. Жерге түскен соң ойыншы сапта соңғы болып тұрады. Екінші ойыншылар алдыңғы «альпинист» жерге түскен соң бірден гимнастикалық орындық бойынша жылжи бастайды.

Барлық ойыншыдан сұраңыз: Топқа қандай тактиканы қолдануға болады? Тобыңыздың жақсырақ жұмыс істеуі үшін не істей аласыз? (мысалы, бір-бірімен сөйлесу, «топтық әңгіме» арқылы басқа топтың әлсіз жақтарын анықтай отырып сол топтың жасаған қорытындысын талқылау).

Үлкен кең алаң, ысқырық, бор, Швед қабырғасы, гимнастикалық баспалдақ, дистанцияны белгілеуге арналған конустар.

Сабақтың соңы 5 минут

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізіледі:

«Атаулар туралы үш сұрақ»

Мұғалім сабақ басында тақырып бойынша үш терминді жылжымалы тақтаға жазып, оқушыларға осы атауларға қатысты мынандай сұрақтарға ауысша жауап беруді тапсырады:

  • Қайда? Бұл терминдерді сіз бұрынырақта қайда және қандай мағынада кездестіріп едіңіз?
  • Қалай? Сабақтағы тәжірибеңізбен осы атауларды қолданудың мысалдарын келтіре аласыз ба?
  • Қандай? Осы сабақта бұл атаулар қандай қолданыста болады деп ойлайсыз?

 Әдеттегідей бұл жұмысты оқушылардың жеке, жұппен (шағын топ ішінде) ауызша немесе жазбаша орындауы ықтимал. Содан кейін мұғалім бірнеше оқушының пікірін тыңдайды.

 Мұғалімнің сұрақтарды шығармашылық тұрғысынан әр сабақта тақырыпқа байланысты өзгертіп отыруы тиімді.

Үйге тапсырма: қол,дене бұлшық еттеріне арналған жаттығулар.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

.

Қозғалмалы ойындарындағы тапсырмаларды, жүйелі жаттығулар жинағының реттілігін көрсетеді. Жаттығуларды барынша біркелкі орындау, орындалу сапасы, бірлескен ойындарда тапсырмалардың мағынасын ашу. Орындалуын анықтау.

Қабілеті жоғары оқушылар қозғалыс әрекеттерін қайталап, сынып алдында орындалуын өз бетінше көрсету.

Оқушылардың өз бетінше тапсырмамен белсенді жұмыс істеуі, өз бетінше қателерін түзеу. Дағдыларын дамытуға ынталану. Қозғалыс әрекеттерін белсендендіру. Ойындар барысында бейресми қалыптастырушы бағалаулар.

Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу.

Дене қуатын үнемдеу шарттары.

Дұрыс тыныс алу.

Сабақ барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары / оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаты негізгі бөлімдегі іс-қимылдардың орындалуына байланысты қойылған.

Оқу мақсаты оқушыларға түсінікті, белсенді түрде ынталанып қол жеткізді.

Әр тапсырмаға бөлінген уақыт толығымен жеткілікті болды.

Әр түрлі деңгейдегі тапсырмалардың орындалу сапасын бақылау, саралау.

Жоспарланған іс-әрекеттер кезеңдері бойынша толығымен меңгерілді.

Жекелеген оқушыларға дағдысын қалыптастыруға тапсырмалар берілді, қарастырылды.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Жекелей, топтық тапсырмалардың орындалу сапасы.

2: Жаттығулардың орындалу ретінің сақталуы. Өзін-өзі бағалау.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Саралап тапсырмалар беру.

2: Тапсырмалардың орындалуына ықпал ететін факторлар. Тапсырманың мағынасын ашу.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік / қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Сыныптың ішкі жағдайына, оқушылардың үнін есту, жекелеген оқушыларға әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар беру, ұсыну әдістерін қарастыру. Тапсырманың орындалуына байланысты сұрақтар қою. Тапсырманы бірнеше рет қайталап көрсетуге мүмкіндік беру.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу