Дыбысты жазу және ойнату. Информатика, 3 сынып, сабақ жоспары, 1 сабақ.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспарда қарастырылған бөлім:

3.2А Компьютер және дыбыстар

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Күні:

Қатысқан оқушылар саны:

СЫНЫП: 3

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

 1 сабақ. (2нұсқа) Дыбысты жазу және ойнату

Осы сабақ арқылы жүзеге асатың оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

        •  енгізу (мысалы, тінтуір, пернетақта) және шығару құрылғыларын (мысалы, монитор мен принтер) ажырату
        •  компьютерлік программалар қолданушының міндеттерін шешу үшін қажет екенін түсіндіру
        •  арнайы программаны пайдалана отырып дыбысты жазу, өңдеу және шығару

 3.1.3.1 цифрлық құрылғылармен жұмыс жасауда қауіпсіздік техникасының негізгі ережелерін сақтау;

Сабақтың мақсаттары

  •  енгізу және шығару құрылғыларын ажырата білу
  •  компьютерлік программа бойынша материалды игеру
  •  дыбысты жазу және ойнату мақсатында дыбыстық редактор қолдану
  •  дыбыстық файлды сақтау

Бағалау критерийлері

Оқушылар...

  •  компьютерге ақпаратты енгізетін құрылғыларды атайды, олардың қолданысын айтып береді;
  •  компьютерден ақпаратты шығаратың құрылғыларды атайды, олардың қолданысын айтып береді;
  •  компьютерлік программалардың қолданынсын түсіндіреді
  •  дыбыстық файлды ойнату және жазу программасын қолданады
  •  дыбыстық құрылғылардың қауіпсіздік ережелерін сақтайды

Тілдік мақсаттар

 Оқушылар:

  •  компьютердің енгізу шығару құрылғыларын атап береді;
  •  олардың қолданысын түсіндіріп береді;
  •  дыбысты жазу және ойнату программасының жұмыс жасау алгоритімін сипаттап береді
  •  осы тақырыпқа байланысты компьютерлік программалар қолданушының міндеттерін шешу үшін қажет екенін түсіндіреді
  •  дыбысты ойнату және іске қосу үшін қолданатын кұрылғылардың ішінен енгізу /шығару құрылғыларын атайды.

 Пәндік лексика және терминалогия:

 Ақпаратты енгізу құрылғылары, ақпаратты шығару құрылғылары, пернетақта, тінтуір, монитор, камера принтер, сканер, дыбыс жазу, дыбысты өңдеу, дыбысты ойнату, программа, дыбыстық редактор, аудио-редактор, аудиоплеер.

 Диалог/жазуға арналған пайдалы сөз тіркестер:

  •  Ақпаратты енгізу құрылғыларына … жатады.
  •  Ақпаратты шығару құрылғыларына … жатады.
  •  Дыбыстырды ойнату және жазу үшін ... құрылғылар қажет

Құндылықтарды дарыту

 Ынтымақтастық: Топтық / жұптық жұмыс кезінде жылы қарым-қатынасты дамыту.

 Академиялық адалдық: академиялық адалдық қағидаларын құрметтеуден тұратын басқа адамдардың идеялары мен ойларын құрметтеу.

 Өмір бойы оқуға бағыттау

Пәнаралық байланыс

Дыбыстармен жұмыс жасаған кезде – Өнер, музыка, дүниетану.

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта

Осыған дейін меңгерілген білім

Қомпьютер құрылғылары, файлдар мен бумалар, программа терезелері

Жоспар

Сабақ кезеңдері мен жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

1-2 мин

3-7 мин

8-10 мин

11-12 мин

  •  Ұйымдастыру кезені

 Оқушылармен амандасып олардың сабаққа дайындығын көзбен шолу.

  •  Білімді жүйелеу

 Сабақтың басында оқушыларды топқа бөлу.

 Топтар арасында компьютер құрылғылары бейнеленген кеспе қағаздары таратылады: монитор, принтер, сканер, жүйелік блок,микрофон, құлаққап, тінтуір, дыбыс күшейткіш.

 Тапсырма: Компьютер құрылғыларын топтастыр.

 Компьютер құрылғыларын топтастырып болған соң әр топ топтастырған өз нұсқасын дәлелдейді.

 Мұғалім сыныппен бірлесе отырып оқушылардың пікірлерін тыңдайды(оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілетін жетілдіру және оқушылар өз идеясын дәлелдейді).

 Мұғалім оқушыларды компьютер құрылғыларын енгізу/шығару құрылғыларына топтастыруына жетелейді.

 

 Мәселе тудыру:

  •  Осы құрылғылардың ішінен дыбыстармен жұмыс жасауға қандай құрылғылар жатады?

 Оқушылар суреттерді таңдап алады.

  •  Мақсатты тұжырымдау
  •  Сіздің ойыңызша, бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай?

 Оқушылар талқылай отырып сабақ тақырыбын және сабақ мақсатын тұжырымдайды.

Сонымен қатар оқушылар берілген оқу мақсатына бақалау критерийлерін тұжырымдауға тырысады

  •  Дәптерлеріңді ашып, сабақтың тақырыбын жазып алыңыз.

Презентация

1 слайд

Сабақтың ортасы

13-16 минут

17-20 минут

21-24 минут

25-27 минут

28-35 минут

  •  Жаңа тақырыпты алғашқы меңгеру.

 Топтар арасында талқылауға арналған сұрақтар:

  •  Қалай ойлайсыз, компьютерде дабыстарды жазып және ойнатуға құрылғылар қажет пе?
  •  Дыбыстарды жазып, ойнатуға мүмкіндік беретін қандай мамандар бар?

 Оқушылардың жауаптарың тыңдап Аудио плеер программалық қамтамасыздандырудың түрін атау. Бірнеше аудио плеердің интерфейсін көрсетіп, анықтама беру. Мұғалім Аудиоплеер компьютерлік программаның қолданысын түсіндіреді.

 Сондай-ақ дыбысты ойнатудан басқа дыбысты өңдеуге, түрлі әсерлер қосуға, дыбысты жазуға, қиюға мүмкіндік беретін программалар бар. Ондай программалар аудиоредакторлар деп аталады.

 Windows player-дегі әуенді ойнату үшін, мұғалім оқушылардан Windows стандартты қосымшасын іске қосуын сұрайды.

 Сабақ түсіндірген кезде мұғалім оқушылардың назарын программаны іске қосу тәсілдеріне аударады.

 Windows Media Player-ді іске қосатың кішкене таңбаша тез іске қосу құралдар тақтасында орналасқан. Оның үстінен тінтуір меңзерін әкеліп щертсеңіз программа іске қосылады.

 Сонымен қатар Media Player программасын Іске қосу(Пуск) - Программалар - Windows Media Player командаларын орындап іске қосуға болады. Керек болса программа таңбашасын жұмыс үстеліне де орналастыруға болады.

 Windows Media Player программасымен танысайық

  •  Білімді жүйелеу

 Қауіпсіздік ережесін талқылау

 «Сұрақ - жауап»

 Бақылау сұрақтар

  •  Компьютермен жұмыс жасаған кезде қандай ережелерді ұстану керек?
  •  Компьютермен жұмыс жасаған кезде қолдарымыз қандай болу керек?
  •  Компьютермен жұмыс жасамас бұрын нені тексеру қажет?
  •  Құлаққаптармен жұмыс жасаған кезде әсері қандай болуы мүмкін?

 Сергіту сәті

Музыка тыңдату. («Аяқпенен топ-топ-топ» әні ) мұғалім оқушылар мен бірге орындайды

  •  Практикалық жұмыс

 Тапсырманы оқушылар өздері орындайды.

 1 тапсырма

 Windows Media Player программасын іске қосып музыкалық файлдарды ойнатып тыңдаңыз.

 2 тапсырма

 Windows дыбыс жазу стндартты программасымен танысу «Дыбысжазу»(Звукозапись). Бұл программаны іске қосу үшін Пуск- Все программы- Стандартные- Звукозапись командасын орындау қажет.

 

 

 Немесе

 

 2* тапсырма

 Қауіпсіздік ережесін жазыңыз.

 Дербес компьютерде жұмыс жасау алдындағы қауіпсіздік ережесінің талаптары:

 Дербес компьютерді іске қосу кезінде оның сыртқы қорабының дұрыс жұмыс жасап тұрғандығына және сымдарының қатесіз жалғанғанына көз жеткізу керек ;

 Жұмыс жасау кезінде сымдардың дұрыс жалғанғанына ерекше көңіл бөлінуі керек.

 Жұмыс орнына бекітілген тіркеу журналына керекті мағлұматтарды енгізіп, белгі жасау қажет.

 Оқушылар жекеше мұғалім ұсынған кестене толтыру қажет. Олар бос торларға жетіспейтін енгізу/шығару құрылғыларын жазу керек.

https://www.youtube.com/watch?v=eR7kCG3I8iA

Сабақтың соңы

36-40 минут

Рефлексия

 Оқушылар жұмыстарымен алмасып бір-бірін бағалайдығ кері байланыс береді.

 Сабақтын соңында оқушылар кері байланыс береді

  • Қандай жаңа құрылғылармен таныстым
  • Қандай жаңа программамен таныстым
  • Сабақта не түсініксіз болды

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Топта жұмыс жасаған кезде оқушылар тапсырманы денгейіне сай жұмыс жасайды.

Қалыптастырушы бағалау екі түрлі тапсырмадан тұрады(кесте ретінде және бейне ретінде). Бәрәншә нұсқа күрделі болып келеді де қабәлетті оқушыларға арналған. Екі нұсқаны да тең орындаса керемет болар еді, себебі бір-бірін бағалаған кезде жұптар әртүрлі нұсқаларды алмастырады.

Сұрақтарға жауап алу арқылы.

Басты тапсырманы орындаған кезде сұрақтар қолдану. Енгізу шығару құрылғыларын жазантын қалыптастырушы бағалау.

Оқушылар мен көзге және қолға арналған жаттығулар өткізу. Қауіпсіздік ережесінің пункттері.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
Пікір жазу