Суретті өңдеу. Информатика, 3 сынып, сабақ жоспары, 2 сабақ.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспарда қарастырылған бөлім: 3.2В: Компьютерлік суреттер

Мектеп:

Мұғалім аты-жөні:

Күні:

Қатысқан оқушылар саны

Сынып: 3

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

 Суретті өңдеу

Осы сабақ арқылы жүзеге асатың оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.2.1 қарапайым графикалық редактор құралдарын қолдану

3.1.2.2 компьютерлік программаларда файлдарды ашу және сақтау командаларын пайдалану

3.1.2.1 компьютерлік программалар қолданушының міндеттерін шешу үшін қажет екенін түсіндіру

 Сабақтың мақсаттары

Суретті өңдеудің тиімді құралдарымен танысу үшін – Өңдеу(Правка) мәзірі: Болдырмау батырмасын (Отменить) пайдалану. Оны іс жүзінде қолдануды үйрену. Paint редакторының зерттелген ерекшеліктерін пайдаланып суретті салу.

 Бағалау критерийлері

  • суретке мәтін теріп жазды;
  • мәтін қарпін, түсін, өлшемін өзгертті;
  • графикалық редакторда файлды ашты және сақтады.

Тілдік мақсаттар

 

Оқытудың тілдік мақсаты

Оқушылар:

  • сурет өңдеуге арналған компьютерлік бағдарлама міндетін түсіндіреді;
  • сурет құру үшін әрекеттер тізбегін сипаттайды;
  • әртүрлі мамандық өкілдері компьютерлік кескін жасау бағдарламасын пайдалану туралы әңгімелейді.

Пәндік лексика және терминология

Мәтін, мөлдірлілік(прозрачность), масштаб, қылқалам стилі, баптаулар.

Диалог / жазу үшін пайдалы сөз тіркестерінің сериясы

  • Суреттерді компьютерде салған оңайырақ, өйткені …
  • Суретке жазба қолдану керек, егер …
  • Сурет көлемін өзгерту … қажет болады.

Құндылықтарды дарыту

 

 

Сабақта практикалық жұмысты орындау жауапкершілікке баулиды. Топтық және жұптық жұмыс арқылы өзіне және басқаларға құрмет пен ынтымақтастыққа үйрету, өзіндік жұмыс арқылы- академиялық адалдық, оқушылар сабақтын мақсатымен қойылатын талаптарын болжап атайды ашықтық

 Пәнаралық байланыс

Өнер/сурет:

Математика – суретті бояған кезде есеп шығарып шыққан нәтижесі бойынша түс таңдау

Бастапқы білім

Оқушылар мәзірден ашу және сақтау командаларын қолдану дағдыларына ие. Мәтін жазу құралдарын қолдана алады.

Жоспар

Сабақ кезеңдері мен жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

1-7 минут

  •  Ұйымдастыру кезені

 Оқушылармен амандасып олардың назарын сабаққа аудару. Психологиялық ахуал қалыптастыру.

  • Білімді жүйелеу

 Миға шабуыл.

  •  Компьютерлік сурет дегеніміз не?
  •  Оның айырмашылығы неде?

 Оқушылар талқылап өз ойларын білдіреді.

 Қорытыңды: Компьютерлік суреттер өңдеуге мүмкіншілік береді.

  •  Мақсатты тұжырымдау.

Оқушылармен оқыту мақсаты мен күтілетін нәтижелер туралы талқылау ұйымдастырыңыз.

Презентация

Сабақтың ортасы

    • минут
  • Өткен сабақты қайталау

 Оқушылар графикалық редактор Paint-тың құрал жабдықтарын атап шығуы тиіс.

 

  • Жаңа тақырыпты алғашқы меңгеру.
  •  Компьютермен жұмыс жасаған кезде бір затты дұрыстау керек болатын мәселе туса сіздер не істейсіздер? Не қолданасыздар? (дұрыс өшіргіш)
  •  Кейбір жағдайларда өшіргіш қолдану ыңғайлы ма?

 Графикалық кескінмен жұмыс істеуге ыңғайлы болу үшін жаңадан құрылған элементті болдырмау функциясы беріледі.

 Мысалы

 

 Өңдеу-Болдырмау (Правка-Отменить, ***Ctrl+Z)

 Өңдеу – Қайталау (Правка –Повторить,*** Ctrl+Y )

 Графикалық редакторда мәтін енгізу үшін батырмасын қолдану қажет.

  • Практикалық жұмыс.

 Оқушылармен бағалау критерийлерін құру.

  •  Суретті мәзір командалары арқылы ашты;
  •  Суретті Құю құралы арқылы бояды
  •  Суретке мәтін жазды;
  •  Суретке Өңдеу командаларын қолданды;
  •  Суретті сақтады.

 Тапсырма

  •  «Тотықұс» файлын аш. Суретте берілген есептерді шығар, шыққан нәтижесі бойынша боя.
  •  Суретке мәтін енгіз, ол үшін Times New Roman каріпін таңдап алып, қаріп көремі 14пп, әріптерді әр түрлі түспен боя.

 Оқушылар бір-бірінің жұмыстарын тексеріп кері байланыс береді. Жұмыстарын бағалайды

Сабақтың соңы

35-40 минут

Рефлексия

Сабақта алған әсері бойынша суреттін бұрышына смайликтін суретін салу қажет

Өте жақсы

Жақсы

Орташа

Қосымша 2

Саралау Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсетуі үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай

тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенің қалай тексерусіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциация: Практикалық тапсырмада өз таңдауларын (қаріп түрі немес түсі) безендіруде қолдану арқылы даралау. Өзара көмек ұйымдастыру.

Жекеше жұмыс нәтижесін бағалауды ұйымдастыру.

Информатика кабинетінде сақталу ережелерін естеріне салып отыру. Көзге жаттығу жасату.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу