Графикалық редактордың құрал жабдықтары. Информатика, 3 сынып, сабақ жоспары, 1 сабақ.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспарда қарастырылған бөлім: 3.2В: Компьютерлік суреттер |
| |||||
Күні: | Қатысқан оқушылар саны: | |||||
СЫНЫП: 3 | Қатыспағандар: | |||||
Сабақтың тақырыбы | Графикалық редактордың құрал жабдықтары (1 нұсқа) | |||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатың оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.1.2.1 компьютерлік программалар қолданушының міндеттерін шешу үшін қажет екенін түсіндіру; 3.2.2.1 қарапайым графикалық редактор құралдарын қолдану; 3.1.2.2 компьютерлік программаларда файлдарды ашу мен сақтау командаларын пайдалану. | |||||
Сабақтың мақсаттары | Оқушылар...
| |||||
Бағалау критерийлері |
| |||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар...
Пәндік лексика және терминалогия: Графикалық редактор, құрал, фигуралар, жуандығы, бояу, жиек, өшіргіш. Диалог/жазуға арналған пайдалы сөз тіркестер:
| |||||
Құндылықтарды дарыту | Топтық және жұптық жұмыс арқылы өзіне және басқаларға құрмет пен ынтымақтастыққа үйрету, өзіндік жұмыс арқылы- академиялық адалдық, оқушылар сабақтын мақсатымен қойылатын талаптарын болжап атайды –ашықтық. | |||||
Пәнаралық байланыс | Математика. Геометриялық фигуралар 2В Бөлім: Аудан. Мәндер. | |||||
АКТ қолдану дағдылары | Вilimland интерактивті сабақтар пайдалана отырып, оқу үдерісін визуалдау. | |||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Оқушылар мәзір командаларын қолдана отырып файлдарды ашатын және сақтайтын практикалық дағдыларына ие. Оқушылардың «Музыкалық редактор» және «Мәтіндік редактор» қосымшалары мен жұмыс жасайтын тәжірибелері бар. |
Жоспар | ||||
Сабақ кезеңдері мен жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | ||
Сабақтың басы 0-6 |
Оқушылармен амандасып олардың назарын сабаққа аудару. Психологиялық ахуал қалыптастыру.
Мәселе тудыру Жұптық жұмыс. Оқушылар проблемалық тапсырма ретінде екі суретшінің құралдарын салыстырады. Нәтижелерді талқылау. Компьютер көмегі арқылы сурет салу туралы әңгіме құру. Алдыңғы тақырыптармен біріктіру үшін суретті құрастыратын (дигитайзер) құрылғысына назар аудару қажет.
Оқушылар пайымдау арқылы сабақтың мақсаты мен тақырыбын тұжырымдайды. | Презентация 1 слайд Қосымша 1 | ||
Сабақтың ортасы 7-15 минут 16-18 минут 19-34 минут 35-38 минут |
Оқушылар он-лайн ресурсымен жұмыс жасайды: - «Қарапайым графикалық редактор» сабағын қарап шығады. - Интерактивті жаттығуларды орындайды.
Сергіту сәті Мұғалім оқушыларға өздерін графикалық редактор рөлінде көруің ұсыңады. Мұғалім қолданушы ролін атқарады. Мұғалім командаларды атайды, ал оқушылар оны орындайды. 1.Сол қолыңыздағы қылқалам арқылы гүлдің суретін салыңыз. 2. Оң қолыңыздағы өшіргіш арқылы суретті өшіріңіз. 3. Оң қол жанға, қолыңызда қарындаш, шеңбердін суретін салыңыз, 360 градуска бұрыңыз. 4. Мәтіндік ақпарат қосамыз. Жұмыс аймағын белгілейміз: әркім өз есімдерін баспа әріптері арқылы көзбен жазба жасайды.
5. Практикалық жұмыс Оқушылармен компьютерде жұмыс жасау кезінде орындалатын ережелерге нұсқаулық беріледі. Дескрипторларды талқылау:
Ұсынылған тізімді тағы да қандай дескрипторлармен толықтыруға болатының оқушылармен талқылаңыз. Мысалы, «ұқыпты орындау» және т.б. Оқушылар практикалық жұмысты орындауға кіріседі. Саралау мақсатында тапсырмалар күрделенеді өсу тәртібімен реттеледі. Дескрипторлар арқылы өзара бағалау. Алдын ала құрастырылған дескрипторлар арқылы оқушылар жұптасып бір-бірінің жұмыстарын бағалайды. | https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/5-synyp/lesson/eng-qarapajym-grafikalyq-redaktor - «Қарапайым графикалық редактор» интерактивті сабақ | ||
Сабақтың соңы 39-40 минут | Рефлексия «Қолмен сигналдар» техникасы «Қолмен сигналдар» техникасы (маған бәрі түсінікті – бас бармақ жоғары қарап тұр, менде түсінбей қалған сұрақтар бар – бас бармақ төмен қарап тұр). Бармақтарын жоғарыға қаратқан оқушыларға сұрақ (бәрі түсінікті): "Не түсіндіндер?", бармақтарын төмен қаратқан оқушыларға: "Не түсініксіз? Қай жерде қиындық туындады?".
|
| ||
Қосымша ақпарат | ||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||
Практикалық тапсырма орындау кезінде саралау шығармашылықтың кезеңі бойынша іске асады: тапсырмалар өсу ретінде берілген. Тапсырманы орындаған жағдайда мұғалім сұрақтар арқылы немесе нұсқау картасының қадамы бойынша алгоритм қолданып қолдау көрсетеді. Барлық оқушылар: •графикалық редактордын тағайындалуын түсіндіреді; өмірде оның қолдануына мысал келтіреді; •геометриялық фигураларды және әр түрлі құралдарды қолданып компьютерде сурет салады; • 1 Тапсырма бойынша бірнеше геомериялық фигура құрады. Оқушылардың көбісі: • құрған суреттерін сақтайды; • «Жиек» және «Сызықтың жуандығы» құралдарының баптауларын қолданады • қүйю құралын қолданып әр түрлі геометриялық фигуралардың суретің салады. Кейбір оқушылар: • «Саяжайдағы үй» тақырыбына сурет салады. | Бағалау сабақтың әр кезеніңде жүзеге асырылады: - қиындықтарды анықтап қолдау мақсатында оқушылардың жауптарын қадағалау (жұптық жұмыс) - теориалық материалды түсінуін бағалау кезенінде интерактивті тапсырмалар қолданылады; - практикалық жұмысты орындау кезінде бағалау дескрипторлар арқылы жұптасып орындалады.. - өзін-өзі реттеу мақсатыңда, кері байланыс ретінде сабақтың соңында, оқушылар өз жұмыстарын бағалайды, жетістіктері мен қиындықтарын талдайды. | Оқушылардың белсенділігін арттыру үшін сабақ барысында топтық жұмыс, физминутка қарастырылған. Компьютермен жұмыс жасап отырған кезінде оқушылар дене мүсінінің дұрыс болуына, көзбен монитор экранының ара қашықтығына көніл аударып, жағымсыз ситуациялар пайда болған жағдайда мұғалімге хабарлайды. Практикалық жұмыс орындаған кезде «Математика» пәнімен байланысады. Оқушылар геометриялық фигуралардың түрлерін еске түсіреді. |
Қосымша 1
Қосымша 2
Практикалық жұмыс
«Графикалық редактордың құрал саймандары»
Мақсаты: сурет салу барысында графикалық редактордың құрал саймандарың қолдану.
1 Тапсырма.
Графикалық редактордың әр түрлі құралдарын қолданып, жиек пен құю құралдарын баптап фигуралардың суретін салыңыз.
2 Тапсырма.
Графикалық редакторда келесі суретті салу үшін қолданылатын құралдарды атаңыз.
Осы суретті графикалық редакторда салыңыз.
Суреті бөлшектермен толықтырыңыз.
Дайын суретті компьютерде сақтаңыз.
3* Тапсырма.
Графикалық редактордың құралдарын қолданып «Саяжайдағы үй» тақырыбына сурет салыңыз.
Суретті толықтырыңыз. Компьютерде сақтаңыз.
Дескрипторлар:
- геометриялық фигуралардың суретің салуға «Фигуралар» тобының құралдары қолданылды;
- суретті бояу үшін «Құю» құралы қолданылды;
- «Жиек» және «Сызықтын қалындығы» құралдарының баптаулары қолданылды;
- өшіру үшін «Өшіргіш» құралы қолданылды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?