Графикалық редактордың құрал жабдықтары. Информатика, 3 сынып, сабақ жоспары, 2 сабақ.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспарда қарастырылған бөлім:

3.2В: Компьютерлік суреттер

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Күні:

Қатысқан оқушылар саны:

СЫНЫП: 3

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

 (2 сабақ) Графикалық редактордың құрал жабдықтары (1 нұсқа)

Осы сабақ арқылы жүзеге асатың оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

 3.2.2.1 қарапайым графикалық редактор құралдарын қолдану;

 3.1.2.2 компьютерлік программаларда файлдарды ашу мен сақтау командаларын пайдалану.

 3.1.2.4 компьютерлік программада меню командаларын қолдану

3.1.3.1 цифрлық құрылғылармен жұмыс жасауда қауіпсіздік техникасының негізгі ережелерін сақтау

Сабақтың мақсаттары

  •  мәзір командаларымен жұмыс жасау, графикалық редактордағы файлдарды ашу және сақтау дағдыларын қалыптастыру;
  •  сандық құрылғылармен жұмыс істеу кезінде негізгі қауіпсіздік ережелерін еске түсіру;
  •  графикалық редактордың құрал жабдықтарымен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.

Бағалау критерийлері

Оқушылар...

  •  оқушылар компьютерлік программалар қолданушының тапсырмаларын орындау үшін екенің түсіндіріп бере аладады;
  •  қарапайым графикалық редактордың құрал жабдықтарын қолдана алады;
  •  графикалық редактордың мәзір командаларын қолдана алады;
  •  компьютерлік программалардың файлды ашу, сақтау командаларын қолданады;
  •  компьютермен жұмыс жасаған кезде қауіпсіздік ережесін сақтайды.

Тілдік мақсаттар

 Оқушылар...

  •  компьютерлік кескіндерді жасау программалардың мақсаты ;
  • кескін жасау әрекеттерінің кезектілігін сипаттайды;
  • әртүрлі мамандықтардың өкілдері компьютерлік кескін жасау программасын қолдануы туралы талқылайды.

 Пәндік лексика және терминалогия:

 Графикалық редактор, құю, болдырмау, жылжыту, фигура, бояу палитрасы, өшіргіш, құрал жабдықтар.

 Диалог/жазуға арналған пайдалы сөз тіркестер:

  •  Суретті компьютер арқылы салған дұрыс, себебі …
  •  Суреттер … тұрады.
  •  Соңғы іс әрекетті болдырмау үшін ...
  •  Сурет толығымен боялып кетті, себебі ...
  •  Суреттерге жазуды ... орнату керек
  •  Қылқаламның стилін өзгерту үшін….

Құндылықтар

 Топтық және жұптық жұмыс арқылы өзіне және басқаларға құрмет пен ынтымақтастыққа үйрету, өзіндік жұмыс арқылы- академиялық адалдық, оқушылар сабақтын мақсатымен қойылатын талаптарын болжап атайды ашықтық.

Пәнаралық байланыс

 Математика. Геометриялық фигуралар

  Бөлім: Аудан. Мәндер.

 Сурет, дүние тану. Пән аралық байланыс сабақ үстінде жаңа тақырыпты оқып үйренгенгеде, түсіндіргенде қарастырылады

Осыған дейін меңгерілген білім

 Оқушылар мәзір командаларын қолдана отырып файлдарды ашатын және сақтайтын практикалық дағдыларына ие.

Жоспар

Сабақ кезеңдері мен жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

0-6

  • Ұйымдастыру кезені

 Оқушылармен амандасып олардың назарын сабаққа аудару. Психологиялық ахуал қалыптастыру.

  • Білімді жүйелеу

  Жұптық жұмыс.

 «Айырмашылықты тап»

 Мұғалім оқушыларға екі сурет ұсынып олардың айрмашылығын табуын ұсынады.

 

 Суретті бояту (Қосымша 2)

 

 Оқушылардың орындаған іс-әрекеттері бойынша талқылау ұйымдастыру.

 Мұғалім проблемалық сұрақ қояды.

  • Компьютер арқылы қалай сурет салуға болады?

Оқушылар осы сұрақты талқылап жауаптарын береді. Дұрыс жауаптырды мұғалім тақтаға жазып отырады.

  • Мақсатты тұжырымдау

 Талқылап болған соң оқушылар пайымдау арқылы сабақтың мақсаты мен тақырыбын тұжырымдайды.

 Мұғалім сабақтын тақырыбын көрсетіп бағалау критерийлерін пайымдауын ұсынады.

Презентация

1 слайд

Қосымша 1

Қосымша 2

Сабақтың ортасы

7-15 минут

16-18 минут

19-34 минут

35-38 минут

  •  Алдыңғы сабақта алынған тақырыпты қайталау.

 Мұғалім графикалық редактордың құралдары туралы алдын-ала сұрақ жүргізеді

 1 тапсырма: кестеде берілген деректерді сәйкестендір (Қосымша 3)

 

 Тапсырма орындалып болған соң, мұғалім оқушылармен бірге қауіпсіздік ережелерін еске түсіреді.

 Мұғалім экраннан суреттер көрсетеді.

 Тапсырма: информатика кабинетінде орындауға қажет қауіпсіздік ережелерін құрастыр.

 «Көңілді айналым» әдісін қолданып осы тапсырманы оқушылар өзара бағалайды.

 Қиындық туған кезде оқушылар мұғалімнің көмегіне жүгінеді.

 Оқушылармен көздің шаршағаның болдыртпау көз жаттығуын өткізеді

 

 5. Практикалық жұмыс

 Практикалық тапсырмаларды орындамас бұрын, мұғалім оқушылармен бірге графикалық редакторда жұмыс істеудің негізгі әдістерін еске алады.

 Оқушылар сұрақтарға жауап береді:

  • Суреттерді салып, өңдейтін компьютерлік программа қалай аталады?
  • Paint программасын қалай іске қосады?
  • Суретті компьютерде қалай сақтайды?

 

 1 Тапсырма: Paint графикалық редакторын іске қосыңыз. Мәзірдің көмегімен «Үйшік» файлын ашыңыз.

 2 тапсырма: берілген үйді бояп күннің суретін салыңыз.

 3тапсырма: суретті «Түсті үй» деп сақтап қойыңыз. Мұғалімге нәтижесін көрсетіңіз.

 Компьютермен жұмыс жасаған кезде қауіпсіздік ережесін сақтауға оқушылардың назарын аударыңыз

 Мұғалім қушыларға бағалау критерийлерін тұжырымдауға усыныс береді. Оқушылар қиналған кезде оларға көмек көрсетіп экранға үлгі өлшемдерді көрсетеді.

Бағалау критерийлері:

  •  Қарапайым графикалық редактордың құралдарын қолданылады;
  •  Графикалық редактордың мәзір командаларын қолданылды;
  •  Суретті толайымен бояу, құю арқылы толтырады;
  •  Компьютерлік программада ашу және сақтау командаларын қолданады;
  •  Масштабтау және үлкейтубатырмаларын қолдана алады;
  •  Компьютермен жұмыс жасаған кезде қауіпсіздік ережелерін сақтайды.

 Құрастырылған бағалау критерийлер арқылы оқушылар жұптасып бір-бірінің жұмыстарын бағалайды.

Сабақтың соңы

39-40 минут

Рефлексия

Келесі сұрақтарға жауап бер

  • Бүгінгі сабақта мен ... білдім
  • Маған ... қызықты болды
  • Маған ... қиын болды
  • Мен ... тапсырмаларын орындадым
  • Мен ... түсіндім.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Сабақ барысында оқытушы дифференциацияның әр түрлі әдістерін қолданады, мысалы, көлем, шығармашылық және көмек.

Өзін-өзі бағалау сияқты бағалау әдістері пайдаланылады. Өзара бағалау, мұғалімнің бағалауы.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Қолданылатын сергіту сәті және белсенді қызмет.

Осы сабақта Қауіпсіздік ережелерінен қолданылатын элементтер

Қосымша 1

 «Айырмашылықты тап»

Қосымша 2

Суретті боя

Қосымша 3

Материалдарды жаңарту үшін оқушылар тапсырманы орындайды. Деректерді байланыстыру.

Қарындаш арқылы сурет салады

Сопақша салады

Тіктөртбұрыш салады

Салынғанды өшіреді

Тұйық ауданның ішіне бояун құяды

Тіке сызықтар салады

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу