Мәтінді теру және өңдеу. Информатика, 3 сынып, сабақ жоспары, 1 сабақ.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспардағы бөлім: Сөз артында сөз (ортақ тақырып: «Жақсы деген не, жаман деген не?» | Мектеп: | |||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
СЫНЫП: 3 | Қатысқан оқушылар саны: Қатыспағандар: | |||||
Сабақтың тақырыбы | Мәтінді теру және өңдеу | |||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатың оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.2.1.1. мәтіндік редакторда қарапайым сөйлемдерді теруді жүзеге асыру; 3.1.2.1 компьютерлік программалар қолданушының міндеттерін шешу үшін қажет екенін түсіндіру; 3.1.2.2 компьютерлік программаларда файлдарды ашу және сақтау командаларын пайдалан | |||||
Сабақтың мақсаттары | Оқушылар...
| |||||
Бағалау критерийлері |
| |||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар …
Пәндік лексика және терминалогия:
Диалог/жазуға арналған пайдалы сөз тіркестер:
| |||||
Құндылықтар | Топтық және жұптық жұмыс арқылы өзіне және басқаларға құрмет пен ынтымақтастыққа үйрету, өзіндік жұмыс арқылы- академиялық адалдық, оқушылар сабақтын мақсатымен қойылатын талаптарын болжап атайды –ашықтық. | |||||
Пәнаралық байланыс | Қазақ тілі - мәтін. Мәтіндік редакторда мәтін терген кезде. | |||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Оқушылар Файл,бума тақырыптарымен таныс. Терезенің негізгі пішімдерімен таныс | |||||
Жоспар: | ||||||
Сабақ кезеңдері мен жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | ||||
Сабақтың басы 0-5 | Сәлеметсіз бе. Бүгін және әрқашан мен сізді көруге қуаныштымын. Бір-бірімізге күлімсірейміз, көршіңізге махаббатқа, мейірімділіке толы жағымды ақпарат айтамыз. Мысалы: Әсем сен әдемісің, Болат сен батырсың.
Проблемалық сұрақ Оқушыларды ой қозғау арқылы тақырыпқа әкелу.
Оқушыларға баспалау машинасын көрсетіп интербелсенді тақтаға шығару:
Оқушыларға жазу машинкасы туралы ақпарат беріп және оның қызметің айтыңыз. (Мәтінді қағаз бетіне басып шығару) Мақсатты тұжырымдау Оқушылар пайымдау арқылы сабақтың мақсаты мен тақырыбын тұжырымдайды. Оқушыларға бағалау критерийлерінің тізімін беріңіз. | Презентация | ||||
Сабақтың ортасы | Миға шабуыл Қазіргі заманда баспа машинасы қолданылмайды, оның орнын компьютерлер басты.
Мұғалімнің түсіндіруі - Қолжазбаны және компьютерде терген жазбаны салыстырайық. - Дәптерлеріңізге қате жібергенде не істейсіз, естерінізге түсіріндерші. (оқушылар екі мәтінді салыстыру арқылы жауап береді)
Қорытындылаймын: сіз қатені түзетесіз, бірақ қанша ұқыпты түзетсеңізде іздері байқалады. Неғұрлым түзетулер көп болса, соғұрлым қолжазбалық мәтін әдемі емес болып көрінеді. Ал компьютерде жазған мәтінге түзетулерді қажет болғанша бірнеше рет жасай аласыз және ешқандай түзету білінбейді. Қолжазба мен мәтінді жазу кезінде сөздерді ауыстыруға болмайды, ал компьютер мәтінінде сөздерді және тіпті сөйлемдерді ауыстыра аласыз. Компьютердің көмегімен мәтінге бірнеше рет өзгерістер енгізуге болады. Мәтіннің соңғы нұсқасы компьютердің жадында сақталады және кез-келген уақытта арнайы принтер арқылы басып шығарылуы мүмкін.
- Редакторды іске қосу - Мәтінді теру үшін оған арнайы бір программа қажет (Мәтіндік редактор) Мәтіндік редактор дегеніміз ақпартты өңдеп пішімдеуге мүмкіндік беретін программа. Компьютердің мәтін теретін көптеген программалары бар. Ең күшті мәтіндік редатордың бірі - Word. Біз Microsoft Word редакторымен жұмыс жасаймыз. Оны іске қосу үшін: ПУСК-ПРОГРАММЫ-Microsoft office-Microsoft Word арқылы, сондай ақ бума немесе жұмыс столына мәнмәтіндік мәзір арқылы (тінтуірдің он жақ пернесін щертіп) Мәнмәтіндік мәзір- Құру- Word құжаты. Редактор терезесінің скриншотын оқушыларға таратып береді. Мұғалім редактор терезесін түсіндірген кезде оқушылар кеспе қағазына жазып отырады. Осы кеспе қағазын кейін оқушылар өз дәптерлеріне жабыстырып қояды.
- Қателерді түзету және мәтіннің мазмұнын өзгерту жөніндегі әрекеттер қалай аталады?
Өңдеу - қателерді түзету, жаңа мәтін қосу немесе бұрын енгізілген мәтіннің бір бөлігін жоюға байланысты мәтіндік өзгерістер. Меңзер - мәтінді өңдеуге арналған басқару тетігі.
«Тауып ал» ойыны Мұғалім пернетақтаның батырмаларын атайды, ал оқушылар оны тауып алады. Әр батырмаға мұғалім түсініктеме береді.
Сергіту сәті.
Иiлiп оңға бiр, Иiлiп солға бiр. Денемiздi дұрыстап, Тұрамыз тік ұстап.
Тақырыпты бекіту Оқушыларға кеспе қағазы таратылады, жасалатын әрекеті бойынша батырмаларды анықтаңыз Дескрипторлар:
| Презентация | ||||
26-36 | Практикалық жұмыс. Компьютер алдына қалай отырғандарына назар аударыңыз.
ПУСК-ПРОГРАММЫ-Microsoft office-Microsoft Word Немесе Мәнмәтіндік мәзір- Құру- Word құжатыарқылы редакторды іске қосып көрейік. (Оқушылар программаны іске қосады)Оқушылар мәтінді тереді
Саралау Аудармасын білетін сөздерді ағылшын тілінде теру
Дескрипторлар:
| |||||
Сабақтың соңы 37-40 | Рефлексия. Білім қоржыны Оқушылар сабақтан алған әсерін стикерге жазып білім қоржынына салады | Презентация | ||||
Қосымша ақпарат | ||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||||
Бағалау кезеңінде оқушыларға тапсырма ұсынылады. Практикалық жұмыс орындаған кезде тапсырманы тез орындаған оқушылар саралау жұмысына кіріседі. | Оқушылар тапсырмаларын орындау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау. |
1 Қосымша
Оқушылар аталған ұғымдарды сәйкесінше жазып отырады.
2 Қосымша
Жасалатын әрекеті бойынша батырмаларды анықтайды
Батырма | Жасайтын әрекеті |
Батырма үлкен әріптер режиміне ауысады - барлық әріптер бас әріппен жазылады. Режимді өшіру үшін батырманы қайтадан басыңыз. | |
Сөз арасындағы бос орындарды реттейді | |
Дұрыс терілмеген символдарды өшіреді | |
Жаңа жолға ауысу |
Дескрипторлар
- Барлық әріптер бас әріппен жазылатын батырманы атайды
- Сөз арасындағы бос орындарды реттейтін батырманы атайды
- Дұрыс терілмеген символдарды өшіретін батырманы атайды
- Жаңа жолға ауысатын батырманы атайды
3 Қосымша
Практикалық жұмыс
Мәтінді тер!!!
- Отан оттан да ыстық..
- Уақыт жеткізбес жүйрік.
- Құжатты сақтап қой
- Жұмыс үстеліне бума құрыңыз
- Оның атын өз тегінізбен атаңыз
- Мәтіндік редакторда құрған құжатты осы бумаға сақтаңыз
Дифференциациялау
- Жетістікке жетудің үш құпиясы: басқалардан көп білу, өзгелерден көп жұмыс істеу, басқаларға қарағанда аз нәрсе күту.
(Уйльям Шекспир)
- Өмірінде бір рет сатқындық жасаған адам екінші рет оны міндетті түрде қайталайды. (Майк Тайсон)
- Оқушылар білетін сөздердің аудармасын ағылшын тілінде тер
Дескрипторлар:
- мәтіндік редакторда сөйлемдерді тереді
- Бас әріпке арналған батырманы қолданады
- Бос орынға арналған батырманы қолданады
- Меңзердің онң жағында орналасқан қатені дұрыстайды
- Меңзердің сол жағында орналасқан қатені дұрыстайды
- Азат жолына көшеді
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?