Программа терезесі. Информатика, 3 сынып, қосымша материал.


 Сынып: 3

 1 Бөлім: Компьютер және программалар.

  «Программа терезелері» сабағына әдістемелік нұсқаулық

 

 Сабақтын мақсаты: оқушыларды программа терезелерінің негізгі элементтерімен таныстыру, мәзірмен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, терезелерді манипуляциялау дағдыларын үйрену, енгізу шығару құрылғыларын қайталау

 Оқу мақсаты:

 3.1.1.1 енгізу (мысалы, тінтуір, пернетақта) және шығару құрылғыларын (мысалы, монитор мен принтер) ажырату

        •  компьютерлік программалар қолданушының міндеттерін шешу үшін қажет екенін түсіндіру

 3.1.2.4 компьютерлік программада меню командаларын қолдану

 

 Сабақтын түрі: жаңа тақырыпты менгеру. Бұл сабақ осы тақырып бойынша бірінші сабақ (сабақтың 1 нұсқасы), Оқушылар алдын-ала білімдері мен дағдыларын алды: «Компьютерлік құрылғылар», «Файлдар мен бумалар».

 

 Бұл сабақты оқып-үйрену үшін қажетті алдын-ала білім.

 Алдыңғы тақырыптарда оқыған білімдерін жаңарту ұсынылады, оқушылар шығыс құрылғысынан кіріс құрылғыларын анықтай алады. Олар файлдарды ашуға, файлдарды сақтауға, компьютерлік программаны бастауға және жабуға қабілетті. Бумаларды файлдан ажырата алады.

 Алдыңғы АКТ сабақтарында алынған материалды қайталау

 Жаңарту кезеңінде оқушылар алдыңғы сабақтардан алған білімдерін еске алады, оқушылар негізгі теориялық материалды қайталайды: компьютерлік программа, кіріс-шығыс құрылғылары. Жаңа білімдер, дағдылар мен қабілеттер алу.

 Получение новых знаний.

 Терезенің элементтерімен танысу.

 

 

 Сабақтың басында мұғалімге үлестірмелі материалдарды дайындауға кеңес беріледі:

 - суреттер;

 - тапсырмалар;

 - қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар.

 Жас ерекшеліктеріне қарай, оқушылардың шаршағанын босатын сабақтың ортасында сергіту сәті ұсынылады. Сергіту сәтін орындаған кезінде оқушылар интерактивті тақтаға немесе мұғалімнің алдында орналасу керек.

 Мұғалім оқушылар мен бірге музыкалық жаттығуларды санау арқылы орындайды.

 Мұғалім алдын ала сілтеме арқылы бейнежазбаны сілтеме арқылы жүктеп алады.

 https://www.youtube.com/watch?v=0OzABZ8BPi4

 

 Жаңа тақырыпты меңгеру кезінде оқушыларға жұптармен материалдарды мұқият меңгеру үшін мұғалімге «Терезені элементтері» кеспе қағаздарын таратып беру қажет.

 Негізгі теориялық материал.

 Терезенің негізгі элементтері

  • Тақырып жолағы программа атауынан тұрады;
  • Жиыру батырмасы программаны Жұмыс үстелінен жиырып тастауға арналған;
  • Жаймалау батырмасыпрограмма терезесін экран бетіне масштабтауына арналған;
  • Жабу батырмасы программа терезесін жабады;
  • Мәзір жолы программалармен жұмыс жасауына мүмкіндік береді;
  • Жұмыс аумағы – деректермен әс- ерекет орындалатын орын
  • Жылжыту жолағы жұмыс аумағындаорналасқан барлық ақпаратты қарап шығуға арналған

 Сабақтың әрбір сатысынан кейін оқушылар алған білімдерін және терминологияны ерекше атап өту керек, мысалы:

1) программа мәзірі;

2) негізгі мәзір;

3) терезе;

4) жұмыс аумағы;

5) жылжыту жолақтары;

6) тақырыптық жолақ.

 Практикалық жұмыс

1 Тапсырма: Нұсқаулыққа сүйене отырып программаны таңдаңыз.

1 нұсқа

2 нұсқа

«Калькулятор» программасын іске қосыңыз

Бейнелерді қарау программасын іске қосыңыз

Программаны зерттеп кестені толтырыңыз.

Программа терезесінің элементтері

(бар/жоғын) анықта

Тақырып жолы

Жұмыс аумағы

Жылжыту жолағы

Жиыру, Жаймалау, Жабу батырмалары

 2 Тапсырма: Қазақстан мен Алматының ұлттық символы «Қар қабыланы» бейнеленген суретті ашыңыз. Программамен келесі командаларды орындаңыз:

  • Программа терезесін жиырыңыз.
  • Жұмыс үстеліне программа терезесін қалпына келтіріп Жаймалаңыз.
  • Программа терезесінінің өлшемін өзгертіңіз
  • Программа терезесін Жұмыс үстелінің сол жағына жылжытып қойыңыз.
  • *Бейнені қарау программасын қолданып тандап алған суретке сүзгі орнатыңыз.
  • Суретті бұрыңыз
  • Суретті қалпына келтіріңіз
  • Масштаб қолданып суретті үлкейтіңіз

Сәйкесін тап

Программа мәзірі

Жиыру, Жайылу, Жабу батырмалары

Бейнены бұру

Масштаб

Экран беті бойынша

Файлды өшіру

Жауабы

Программа мәзірі

Жиыру, Жайылу, Жабу батырмалары

Бейнены бұру

Масштаб

Экран беті бойынша

Файлды өшіру

 

 Әдебиеттер мен дереккөздер:

 1) Информатика: Учебник для 5 класса. Изд. 3-е, испр. / Л.Л. Босова. - М.: БИНОМ. Лаборатория знаний, 2009. - 191 с.: ил.

 2) Информатика: Рабочая тетрадь для 5 класса. / Л.Л. Босова. - 4-е изд.- М.: БИНОМ. Лаборатория знаний, 2009. - 87 с.: ил.

 3) Уроки информатики в 5-6 классах: Методическое пособие / Л.Л. Босова, А.Ю. Босова. - 2-е изд., испр. и доп. - М.: БИНОМ. Лаборатория знаний, 2007. - 320 с.: ил.

 4) https://www.youtube.com/watch?v=0OzABZ8BPi4

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу