Көлденең жолақты бұлшықет ұлпаларының құрылысы. Миофибрилла құрылысы (саркомерлер, актин, миозин т.б.). Бұлшықет талшықтарының жиырылу механизмі. Биология, 10 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.4 В Қозғалыс | Мектеп: ФМБ НЗМ Тараз қаласы
| |||||||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||
Мұғалім: | ||||||||||
Сабақ тақырыбы | Көлденең жолақты бұлшықет ұлпаларының құрылысы. Миофибрилла құрылысы (саркомерлер, актин, миозин т.б.). Бұлшықет талшықтарының жиырылу механизмі. | |||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | Көлденең жолақты бұлшықеттердің құрылымы мен бұлшықеттің жиырылу механизмінің өзара байланысын түсіндіру | |||||||||
Сабақ мақсаттары | Көлденең жолақты бұлшықеттердің құрылымы мен бұлшықеттің жиырылу механизмінің өзара байланысын сипаттау | |||||||||
Жетістік критерийлері | Миофибрилла құрылысын сипаттайды. Көлденең жолақты бұлшықеттердің құрылымы мен бұлшықеттің жиырылу механизмін сипаттайды және өзара байланысын түсіндіреді. | |||||||||
Тілдік мақсаттар
| Пәнге қатысты лексика мен терминология
Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы X / жиі деп аталады бөлінген қоршалған тұрады ұйымдастырылған
Бұл бөлік дегеніміз не? Бұл X X функциясы қандай? | |||||||||
Құндылықтарды дарыту |
| |||||||||
Пәнаралық байланыстар | Химия (деполяризация, Са2+ иондарының бөлінуі) | |||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Оқу үрдісін электрондық ресурстармен визуализациялау Microsoft PowerPoint | |||||||||
Бастапқы білім | Тірек-қимыл аппаратының қызметін сипаттай алуы және түсіндіре алуы керек және қанқа бұлшықеттерінің орналасуын білуі керек. | |||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы 0-7 минут | 1. Ой шақыру. Оқушылар суретті қолдана отырып сәйкестендіру тапсырмасын орындайды. Бұл тапсырманың негізінде оқушылар бастапқы білімдерін қолдана отырып, жаңа сабақтың мазмұны туралы ойлануға негізделуі жүзеге асырылады. 2. Оқушылармен бірге сабақ тақырыбы анықталады және сабақтың мақсаты мен жетістік критерийлері қалыптастырылады. | Презентация | ||||||||
Сабақтың ортасы 07-17 минут 17-22 минут 22-32 минут 32-45 минут 45-55 минут 55-75 минут | 3. Мұғалім таныстырылымы. - Бұлшықет ұлпаларының түрлері - Бұлшықет ұлпасының қызметтері - Миофибрилла құрылысы (саркомерлер, актин, миозин) 4. Анимация – 3D. Бұлшықет талшықтарының жиырылу механизмі. Анимация көрінісінен кейін оқушылар көлденең жолақты бұлшықеттердің құрылымы мен бұлшықеттің жиырылу механизмінің өзара байланысын талқылайды. 5. Оқушылар бұлшықет жиырылуы кезінде орын алатын іс-әрекеттер жиынтығының реттілігін дұрыс орналастырады. Бұл берілген тапсырманы оқушылар жеке орындайды және аяқтағаннан кейін жұптық жұмыста тексеру жүргізіледі. 6. Модельдеу. Оқушылар топтық жұмыста миофибрилла құрылысының негізінде нақты бір саркомердің моделін құрайды. Құралған модельдерге қатысты өзара баға береді. 7. Үлестірмелі қима қағаздармен бұлшықет талшықтарының жиырылу механизмін дұрыс реттілікте орналастырады. 8. Қорытынды бағалау. Оқушылар миофибрилла құрылысы (саркомерлер, актин, миозин т.б.) және бұлшықет талшықтарының жиырылу механизмі туралы білімдерін жазбаша жұмысты орындау арқылы тексереді. Оқушылар жеке жұмысты орындайды және өзін-өзі бағалауды іске асырады. | Презентация Muscle Contraction https://www.youtube.com/watch?v=BVcgO4p88AA Тапсырма 1. Түрлі-түсті қағаздар, ермексаз, қайшылар, желім т.б. (мұғалім өз қажетіне сәйкес жабдықтарды өзгерте алады) Қосымша 1 Тапсырма 2. | ||||||||
Сабақтың соңы 75-80 минут | 9. Сабақ мақсатына және тақырыпқа оралу. Кері байланыс - «Ресторан»
| |||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||
Барлық оқушылар Миофибрилла құрылысын сипаттай алады. Оқушылардың басым бөлігі бөлігі Бұлшықет талшықтарының жиырылу механизмін дұрыс реттілікпен орындалуын сипаттауда мәтіндік және суреттік тапсырмалармен жұмыс жасай алады. Кейбір оқушылар Модельдеу кезеңінде миофибрилла құрылысына байланысты 3D көлемді сұлбаларды ұсынады және қызметін түсіндіреді. | Сабақтың бастапқы кезеңінде оқушылар алдыңғы білімдерін диагностикалық бағалауға мүмкіндік бере отырып айқындайды. Мұғалімнің жауаппен қамтамасыз ету арқылы оқушылар өзін-өзі бағалауды жүзеге асыратын болады. Қорытынды қалыптастырушы бағалау жеке орындау және жұмысты тексеру арқылы ұсынылады. | ТҚ нұсқаулығымен танысу, өткір-кескіш құралдарымен жұмыс жасау ережелерін сақтау | ||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Тапсырма 1.
Кестеде бұлшықет жиырылуы кезінде орын алатын іс-әрекеттер берілген. Кестені іс-әрекеттердің орындалуына байланысты дұрыс реттілікпен орналастырыңыз.
Іс-әрекеттер | Іс-әрекеттер сипаты | Дұрыс реттілігі | |
Q | Ca2+ иондарының саркоплазмалық тордан шығарылуы | 1 | |
R | Миозин бастарының актинмен байланысуы | 2 | |
S | Сарколемманың деполяризациялануы | 3 | |
T | Саркомер қысқаруы | 4 | |
U | Ca2+ иондарының тропонинге байланысуы | 5 | |
V | Т-түтіктерінің деполяризациялануы | 6 | |
W | Актиннің байланысу аймағының ашылуы | 7 | |
X | Миозин бастарының иілуі | 8 | |
Y | Тропомиозиннің қозғалуы | 9 | |
Z | тропониннің құрылымының өзгеруі | 10 |
Жауабы:
Дұрыс реттілігі | |
1 | S |
2 | V |
3 | Q |
4 | U |
5 | Z |
6 | Y |
7 | W |
8 | R |
9 | X |
10 | T |
Тапсырма 2.
1 X, Y және Z әріптерімен не көрсетілген?
X | Y | Z | |
A. | саркомер | миозин жіптері | актин жіптері |
B. | саркомер | актин жіптері | миозин жіптері |
C. | қара жолақ | миозин жіптері | актин жіптері |
D. | қара жолақ | актин жіптері | миозин жіптері |
2 X белгісі нені білдіреді?
A.Сарколемма
B.Саркомер
C.Саркоплазмалық тор
D.Эндоплазмалық тор
3 (a)Саркомердің таңбаланған сызбасын сызыңыз.
(b)Бұлшықет жиырылуындағы кальций иондарының рөлін түсіндіріңіз.
......................................................................................................................................
......................................................................................................................................
......................................................................................................................................
......................................................................................................................................
......................................................................................................................................
Жауабы:
1 D
2 B
3 (a) Z сызықтары;
актин;
бастары бар миозин талшықтары (жіптері);
ақ жолақтар және қара жолақтар;
(b) Ca2 + иондары бұлшықетке жүйке импульстері келгенде босатылады;
Ca2 + иондары саркоплазмалық тордан босатылады;
миозин бастары үшін байланыстыратын аймақтар ашылады;
бұл миозин мен актиннің арасындағы қалыптасатын кросс-көпірлерге мүмкіндік береді;
тропомиозинмен өзара әрекеттесу;
миозинді (бастарды) актин / актиномиозинді байланыстыруға / ұстауға мүмкіндік береді;
ATФ-аза / ATФ босатылған энергияны белсендіру;
Қосымша 1
Келесі бет →
Жауабы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?