Көлденең жолақты бұлшықет ұлпаларының құрылысы. Миофибрилла құрылымы (аймақ, дисклер, саркомерлер, актин, миозин т.б.). Биология, 10 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Бөлім: 10.2. Координация және реттелу

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны

Сынып: 10

Сабақ тақырыбы:

Көлденең жолақты бұлшықет ұлпаларының құрылысы. Миофибрилла құрылымы (аймақ, дисклер, саркомерлер, актин, миозин т.б.).

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

10.1.6.1 көлденең жолақты бұлшықеттердің ультрақұрылымын зерттеу

Сабақ мақсаты

көлденең жолақ бұлшықет құрылысын сипаттау;

миофибрилла құрылымы зерттеу

Бағалау критерийі

Оқушылар

  • көлденең жолақ бұлшықет құрылысын сипаттай алады;
  • миофибрилла құрылымы зерттеу нәтижесінде құрам бөліктерін ажырата алады.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика және терминология

қысқарту, босаңсу, төмендейді, жоғарылайды, артады, азаяды, түседі, редукциялау, көтеріледі

Диалог/жазу үшін пайдалы сөз тіркестерінің топтамасы

Əрбір бұлшық ет жүйке талшықтарымен қамтамасыз етіледі.Қаңқа еті көлденең жолақты .................тұрады. Ұзындығы 10см-дей, кейде одан да ұзын, ені 12-70 мкм болатын талшықтар ұзын,цилиндр тəрізді болып келеді. Бұлшық ет саркоплазмасы ................... нәруызына бай. Миоглобин гемоглобинге ұқсап оттегін байланыстырады

Құндылықтарды дарыту

Өмір бойы оқуды жаңа ақпараты игергенде,ашықтықты зерттеу нәтижесімен бөліскенде.

Пәнаралық байланыстар

Химия – органикалық заттар ыдырауы, физикалық жаттығу әсері

АКТ пайдалану дағдылары

Ноутбук , слайд

Бастапқы білім

8-9 сынып жануарлар ұлпалары, тірек қимыл аппараты жайлы білімдерін еске түсіреді

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспарланған іс- әреккттер

Ресурстар

Сабақ басы

0-5минут

Ой шақыру

1.Оқушыларға бұлшықеттің ультрақұрылымы көрсетіледі. Суреттен көлденең жолақты бұлшықет ұлпаларының құрылысынан миофибрилла құрылымы (аймақ, дисклер, саркомерлер, актин, миозин т.б.) көрсетуді сұрау.

Оқушыларға дұрыс жауабын көрсете отырып тақырып бойынша ЖАДА анықтауға мүмкіндік беріледі.

2.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау оқушылармен бірлесе отырып анықтау.

-көлденең жолақты бұлшықеттердің ультрақұрылымын зерттеу

Қосымша 1

Сабақ ортасы

7-15

15-20

20-30

30-60

60-78

3. Микроскоп арқылы зерттеу жүргізу. Көлденең жолақ бұлшықет ұлпасын микропрепараттан қарап суретін дәптерге салады. Оқушылармен диолог құры арқылы әртүрлі ойлар туындайды, мұғалім тақтаға оқушы ойларын жазады. Оқушының біреуі тақтаға суретін салдырса болады(оқушы қабілеті ескерілу керек).

4. Ойлану үшін берілетін тапсырма.

Бұлшықет ультрақұрылымының жиырылған кезде және босаңсыған кезде суретін көрсету арқылы оқушылардан ерекшеліктерін айтуды сұрау. Содан кейін оқушылар екі түрлі суретті дәптерлеріне салады және салыстырады.

5. Тақырып бойынша глассарий құрастыру.

«көлденең жолақ бұлшықет ультрақұрылымы».

Мұғалім көлденең жолақ бұлшықеті жайлы таныстырылым жасайды. Визуалдандыру, аудиалдандыру және қолмен ұстап көрсету арқылы жаңа терминдерді жазып таныстырылым барысында анықтама береді.

Таныстырылым барысында оқушы өзңне қажетті жерді тиянақтап дұрыс жауабын белгілей алады.

6. Практикалық жұмыс «Көлденең жолақты бұлшықеттердің ультрақұрылымын зерттеу»

Мақсат: көлденең жолақты бұлшықеттердің ультрақұрылымын зерттеу.

Құрал-жабдық:

микроскоп

дайын микропрепараттар: эпителий, біріңғай салалы, көлденең жолақты бұлшықеттер

Жұмыс барысы:

1.Кішірейтіп көрсететін обьектив арқылы кесінді шетін қарап көпқабатты жалпақ эпителий табу. Эпителий астында борпылдақ дәренкр ұлпасы орналасқан. Оның астында тілдің негізгі массасын құрайтын көлденең жолақ бұлшықеті орналасқан.

2. Бұлшық ет талшықтарының ұзыннан және көлденең бөліктерін табыңыз. Бұлшықет талшыған суретін салыңыз. Көлденең жолақ бұлшықеттің ұзыннан кесіндісінен бұлшықет жіпшелерінің цилиндр тәрізді формасын көруге болады. Бұлшықет жіпшесінің сыртында сарколемма болады. Саркоплазманың басым көпшiлiгiн миофибриллдер (myofibrilla, грек. «mуоs»-бұлшық ет, лат. «fibrillа»-талшық, жiпше;) алады. Миофибрилл-жiп тәрiздi құрылым, диаметрi 0,5-2 мкм, ұзындығы талшық ұзындығындай, ретке келтiрiлген актин және миозин белоктарынан тұрады. Симпласты полюстенген жарықта қарағанда миозин белогі, қос сәуленi сындыратындықтан-күңгiрт немесе қараңғы, актин белогінде ондай қасиет болмайтындықтан-ақшыл немесе ашық болып көрiнедi. Микроскопта миофибриллдердің құрылысы бiрдей, миозин, актин белоктары бiр деңгейде орналасатындықтан, ашық, күңгiрт түстi алқаптар байқалады.

Ашық алқап-изотропты, И-диск (discus), ал күңгiрт алқап-анизотропты немесе А-диск деп аталады. Әр И-диск аралығынан қоңыр аймақ-Z сызығы (linea) (телофрагма-telophragma), ал А-дискi ортасынан ашық Н-аймағы өтедi. Н аймағының дәл ортасында қоңыр М сызығы (мезофрагма-meso) болады.

Миофибриллдің құрылыс, қызмет бiрлiгi-саркомер , екi Z сызық аралығында орналасады. Саркомер бір жарты И-дискiсінен, толық А-дискiден және ұзындығы 2,5-4 мкм басқа И дискі жартысынан тұрады. Электронды микроскоп гисто-, биохимиялық зерттеулерде А-дискісі қалың (диаметрi 10 нм, ұзындығы 1,5 мкм), ал И-дискісі жұқа (диаметрi 5 нм, ұзындығы 1 мкм) миофиламенттерден тұратынын дәлелдедi. Қалың миофиламенттi миозин белогi, жұқа түрін-актин, тропомиозин және тропин белоктары құрады

7. Жұмыс нәтижелерін талдау. Оқушылар тексеру парағын толтырады. Практикалық жұмыс мақсақа жету жолы болып табылады.

http://www.bilimland.kz/kk/content/structure/1669-biologiya_kk#lesson=12708

4.

Сабақ соңы

78-80 минут

Кері байланыс

1. қандай көмек керек ....

2. не жақсы шықты...

Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау-оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақталуы

Ой шақыру кезеңінді жақын арадағы даму аймағын анықтайды.

Мағына тану кезеңінде дифференцация оқушы қабілетін ескере отырып ақпарат аудиалдарға және визуалдарға арналып дайындалады.

Сабақ басында оқушыларда ЖАДА анықталады суретке құрылым атын сәйкестендіре отырып.

Бағалау парағы оқушылардың мақсатқа жетуін анықтайды

Денсаулықты сақтау техникасы.

Физминутка және белсенді қызмет түрлері

Техника қауіпсіздік ережелері бөлімдерінен-ТҚ кіріспе нұсқаулығы

Қосымша 1

Қосымша 2

Көлденең жолақты бұлшықеттердің ультрақұрылымын зерттеуді бағалау парағы

Аты жөні

Сынып :

Микропрепараттан көрген көлденең жолақты бұлшықеттердің сызба түріндегі суретін салыңыз

Тілдің көлденең жолақ бұлшықетін сипаттаңыз.

Көлденең жолақ бұлшықет пішіні қандай

Көлденең жолақ бұлшықеттің біріңғай салалы бұлшықеттен айырмашылығы неде екенін түсіндіріңіз

Эндомезий мен перимизий ерекшелігі

(мұғалім үшін!! Оқушыға беретін кезде алып тастау керек)

Миосимпласттар бір-бірімен жұқа дәнекер ұлпалық аралықтар (эндомизий) арқылы байланысып, ет талшықтарының шоғырларын түзеді. Ет талшықтары шоғырлары бір-бірімен өзара қалыңдау келген дәнекер ұлпалық аралықтармен (перимизий) байланысып, бұлшықеттерді құрайды. Бүлшықеттер сыртынан дәнекер-ұлпалық қабықпен (эпимизий) қапталған. Құрылысы жағынан бұлшықеттер — паренхималы мүше. Оның паренхимасын — ет талшықтары, ал олардың аралығындағы қан, лимфа тамырлары мен жүйкелер өтетін дәнекер ұлпалық аралықтар мен ет қабығы (эндомизий, перимизий, эпимизий) бұлшықеттің стромасын құрайды



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу