Компьютердің құрылғылары. Информатика, 3 сынып, сабақ жоспары, 2 сабақ.
Сабақ жоспары
3.1А Компьютер және программалар | Мектеп: | ||||
Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Күні: | Қатысқан оқушылар саны: | ||||
СЫНЫП: 3 | Қатыспағандар: | ||||
Сабақтың тақырыбы | Компьютердің құрылғылары | ||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
| ||||
Сабақтың мақсаттары |
| ||||
Бағалау критерийлері |
| ||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар осы тақырыпқа байланысты терминалогияларды қолдана отырып компьютердің енгізу, шығару құрылғыларын атап олардың қолданысын айтады. Пәндік лексика және терминалогия:
Диалог/жазуға арналған пайдалы сөз тіркестер:
| ||||
Құндылықтар | Топтық және жұптық жұмыс арқылы өзіне және басқаларға құрмет пен ынтымақтастыққа үйрету, өзіндік жұмыс арқылы- академиялық адалдыққа, өмір бойы оқуға бағыттау. | ||||
Пәнаралық байланыс | Дүниетану, бейнелеу, орыс тілі | ||||
АКТ қолдану дағдылары | |||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Оқушылардын компьютердің құрылғылары туралы түсінігі бар (монитор, пернетақта, тінтуір, жүйелік блок) |
Жоспар | ||||
Сабақ кезеңдері мен жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | ||
Сабақтың басы 0-4 минут |
Сабақтың басында мұғалім оқушыларға монитор, пернетақта, тінтуір, принтер бейнеленген кеспе қағазызын таратып екі топқа бөледі. Топқа бөлініп болған соң талқылауға сұрақтар қояды:
«Миға шабуыл» (Сабақ тақырыбың анықтауға арналған іс- әрекеттер)
Сабақтың тақырыбын және оқу мақсатың тақтаға жазып қою
| Монитор, пернетақта, тінтуір, принтер бейнеленген кәртішкі (1қосымша) Презентация (1-2 слайдтар) | ||
Сабақтың ортасы 5-38 минут |
Мұғалім топтағы суретке анықтамасын тұжырымдауға ұсыныс білдіреді.
Ақпаратты енгізу құрылғылары... үшін берілген, Ақпаратты шығару құрылғылары ... үшін берілген
Мұғалім үсынылған анықтамаларды дұрыстап, дәптерге жазып алуға ұсыныс береді.
Топтық жұмыс Топта талқылау арқылы (өздерінің қолдарында бар құрылғыларға) тағы қандай құрылғылар қосуға болатынын және не себепті осы құрылғыларды ұсынып отырғанын түсіндірсін. (Егерде оқушы қиналып отырса, мұғалім тақтадаң суреттер көрсете алады). Мысалды оқушылар дәптерлеріне жазып алады.
Көрсетілім Ноутбук бейнеленген сурет көрсетіп, ондағы енгізу және шығару құрылғыларын көрсетіп, атап беруін ұсынады.
Смартфон бейнеленген сурет көрсетіп, ондағы енгізу және шығару құрылғыларын көрсетіп, атап беруін ұсынады.
Мүмкін оқушылар смартфон арқылы қосымша енгізу және шығару құрылғыларын атай алатын болар (gps қабылдағышы, сенсорлы экран...)
Көп дау тудырған және атқаратын қызметін түсіндіріп бере алмаған құрылғыларды айқындаңыз. Мүмкіндігінше шынайы компьютер қолданып, құрылғыларды атап бере аласыз.
Қалыптастырушы бағалау . Оқушылар мұғалім ұсынған кестені өз бетінше толтырады. Олар бос торға қажет енгізу және шығару құрылғыларын жазады. Көзбен шолушыларға ол құрылғылардың суреті болуы мүмкін, соның астына енгізу және шығару құрылғыларын жазып беру қажет. Дескрипторлар:
Оқушылар кестені толтырып, жұмыстарымен алмасады, бір-бірін бағалау арқылы кері байланыс береді. | Презентация | ||
Сабақтың соңы 39-40 | Рефлексия Сабақтың соңында рефлексия өткізіледі:
|
| ||
Қосымша ақпарат | ||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||
Топтық жүмыс атқарған кезде әр оқушы өз деңгейінде жұмыс жасайды. Қалыптстырушы бағалау тапсырманың екі жағдайын қарастырады(кесте түрінде және сурет түрінде). Бірінші түрі күрделі болып келеді сондықтан қабілеті жоғары балдарға ұсынуға болады. Егерде екі түрін де қолданса мінсіз болар еді, себебі өзара бағалау кезінде бірнеше нұсқа қарастыруға болады. Білімді жетілдіруге көмектеседі. | Тақырыпты меңгеру деңгейін бағалау, қалыптастырушы бағалау арқылы қарастырылды. Онда оқушылар еңгізу және шығару құрылғыларын жазып береді. | Оқушылармен көзге және қолға арналған жаттығулар өткізіңіз |
1 Қосымша
Топқа бөлуге арналған суреттер
2 Қосымша
Қалыптастырушы бағалау
Бос торға қажет құрылғыларды жазып толтырыңыз
Енгізу құралдары | |
Монитор | |
3 Қосымша
Енгізу және шығару құрылғыларын жазып көрсетіңіз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?