Компьютердің құрылғылары. Информатика, 3 сынып, қосымша материал, 1 сабақ.


 Сынып: 3

 1 Бөлім: Компьютер және программалар.

  «Компьютер құрылғысы» сабағына әдістемелік нұсқаулық

 

Сабақтын мақсаты: Есептеуіш техникасымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелерімен таныстыру. Компьютер сыныбында өзін - өзі ұстау ережелерімен таныстыру. Көз талғанда жасалатын жаттығулармен таныстыру. Төтенше жағдайлардағы іс - әрекет ережелерімен таныстыру. Енгізу және шығару құрылғыларын ажырата білу.

 Оқу мақсаты:

 3.1.1.1 енгізу (мысалы, тінтуір, пернетақта) және шығару құрылғыларын (мысалы, монитор мен принтер) ажырату);

 3.1.3.1 сандық құрылғылармен жұмыс істеу кезінде негізгі қауіпсіздік ережелерін сақтау.

 

 Сабақтын түрі: жаңа тақырып менгеру. Бұл сабақ осы тақырып бойынша бірінші сабақ болып табылады, және бұл пән осы оқу жылында алғашқы болып оқытылады.

 

 

 Оқушылардың осы сабақта алатын негізгі теориялық білімі.

 Сабақ барысында оқушылар төмендегі терминдер бойынша теориялық білім алады.

 Компьютермен жабдықталған кабинетте қауіпсіздік ережесін сақтау. Сонымен қатар шығару құрылғылары компьютерден ақпаратты шығаруға арналған.

 Компьютер – ол адам жиі байланысатын көмекші құрал.

 Пернетақта - компьютердің жадына мәтіндік және сандық деректерді енгізуге арналған құрылғы.

 Тінтуір- экранның нысандарын басқару үшін командаларға кіруге арналған құрылғы.

 Принтер – қағаз бетіне цифрлық ақпаратты шығаруға арналған құрылғы.

 Монитор - мәтіндер, сандар, суреттермен әрекеттерді көрсетуге арналған құрылғы. Сонымен қатар, басқа кіріс құрылғыларын да қосуға болады.

 

 Сабақтың басында мұғалімге үлестірме мәліметтер дайындауға кеңес беріледі:

 - Анаграмма

 - Қауіпсіздік ережелерін құрастыратын кеспе қағаздары.

 - Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары.

 - Компьютердің құрылғыларын атайтын кеспе қағазы;

 Сондай-ақ, материалды көрсету үшін презентацияны алдын ала жүктеңіз. Сабақтың басталуы пәнге танымдық қызығушылық туғызатын және ми қызметінің белсенділігін арттыратын сыни ойлау әдісіне негізделген.

 

 Сабақ басында калобаративті жағдай орнату үшін сыныпты ортаға шақырып бір – бірімен Сәлемдесу ойының ұйымдастырыңыз. Сол щеңберде тұрған кезде оқушыларға ақпараттық- коммуникативті технологияны үйренуге кірісетінің хабарлаңыз. Оқушыларға әріптер таратыңыз, олар топтасып анаграмма шешуге кіріседі. Нәтижесінде оқушылар компьютер және қауіпсіздік ережесі сөздерін табу керек.

 Жаңа тақырыпты алғашқы меңгеру кезеңінде оқушылардан қауіпсіздік ережесін қандай сабақта қарастырғаның және сол ережелерге мысал келтіруін ұсыныңыз. Жаңа тақырып дифференциалды тәсілге негізделген. Тапсырмаларды әзірлеу әртүрлі танымдық дағдылары бар оқушылар жас ерекшеліктері мен қабілеттерін ескереді. Оқушылар кеспе қағазында берілген суреттерге қарап топтасып ереже құрады. Бір-біріне құрастырған ережелерді айтып береді. Мұғалім өз тарапынан дұрыстап отырады.

 

 Сергіту сәтін орындаған кезде төменде көрсетілген ресурстардан басқа нұсқаларын қолдануға болады.

 

 Сабақтың әр кезеңінен кейін оқушылардың білімдерін жинақтап, терминологияға назар аудару керек:

  • Енгізу құрылғылары;
  • Шығару құрылғылары;

 Бұл сабақта оқушылар тілдік дағдыларды жазады, алынған нәтижелерді талқылайды, қауіпсіздік ережелері бойынша аяқталған тапсырмалардың нәтижелерін көрсетеді.

 Жас ерекшеліктеріне қарай, оқушылардың шаршағанын босату үшін сабақтың ортасында сергіту сәтін пайдалану ұсынылады.

 Қалыптасырушы бағалау ретінде оқушылар Орындауға болатын ережелерді жасыл түспен бояйды. Жұптасып бір-бірінің жауаптарын тексеріп, бір-біріне кері байланыс береді. Оқушылар кері байланыс беріп болған соң, тақтадан дұрыс жауап көрсетіліп кеспе қағаздарын қайтарып тақтадан тағы бір рет тексереді.

1 Қосымша Анаграмма. Әріптерді қиып оқушылар сөз құрастырады Нәтижесінде Компьютер, Қауіпсіздік ережесі сөздері құрастырылады.

2 Қосымша Суреттерге қарап ереже құру.

 Нітижесінде:

 - Мұғалімнің рұқсатынсыз компьютер бөлмесіне кіру.

 - Компьютердің көзге көрінетін ақаулығы жоқ екенін тексеріңіз.

 - Пернелерді абайлап, қатты соққысыз басу.

 - Компьютердің бөліктеріне заттар қою

 - Компьютерде дымқыл киімде немесе дымқыл қолмен жұмыс жасау.

 - Компьютер алдында тамақ жеп, сусын ішу

 - Компьютер алдында эргономикалық нормаларды сақтау

 - Экран бетін қолмен ұстау

 - Мұғалімнің рұқсатымсыз кабинетке кіру.

 - компьютер алдында көп отыру

3 Қосымша Орындауға болатын ережелерді – жасыл түспен немесе орындауға болмайтын ережелерді қызыл түспен бояңыз

Мұғалімнің рұқсатынсыз компьютер бөлмесіне кіру

Компьютерлік сыныпқа тыныш кіріңіз. Жұмыс орныңызға орналасыңыз

Компьютер жабдықталған кабинетте сыртқы киімде болу.

Компьютердің көзге көрінетін ақаулығы жоқ екенін тексеріңіз.

Компьютерлік сыныптың кіреберісінде бір-бірін итермелеу

Егер компьютердің көрінетін ақаулары пайда болса, мұғалімге айту

Қосылатын сымдардың қосқыштарын түрту.

Мұғалімнің рұқсатынан кейін ғана компьютерде жұмыс істеуді бастау

Қуат сымдарын ұстау.

Басқа компьтерлерден компакт-дискілер мен дискеттерді сыныпқа әкелу.

Компьютердің ақаулықтарын өз бетінше жою ға тырысу.

Сабаққа қатысты емес ойындарды немесе басқа программаларды қосу

Лас қолмен компьютерде жұмыс істеу.

Пернелерді абайлап, қатты соққы сыз басу.

Экран мен монитордың артқы жағына тию

Пернетақта пернелерін кернеу қосылғанда ғана басу.

Компьютерде дымқыл киімде немесе дымқыл қолмен жұмыс жасау

Көз бен монитор экранына дейінгі қашықтық 60-70 сантиметрден аспауы керек.

Компьютердің бөліктеріне заттар қою

Жұмыс аяқталғаннан кейін жұмыс орнын ретке келтіру

Бумалар мен файлдарды мұғалімнің рұқсатынсыз жою

4 қосымша Компьютер құрылғыларын ата

Жауабы:

  • Монитор
  • Пернетақта
  • Тінтуір
  • Жүйелік блок
  • Дискжетек

 Әдебиеттер мен дереккөздер:

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
Пікір жазу