Компьютердің құрылғылары. Информатика, 3 сынып, сабақ жоспары, 2 сабақ.
Сабақ жоспары
3.1А Компьютер және программалар | Мектеп: | ||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||
СЫНЫП: 3 | Қатысқан оқушылар саны: | ||||
Қатыспағандар: | |||||
Сабақтың тақырыбы | Компьютердің құрылғылары | ||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатың оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
| ||||
Сабақтың мақсаттары |
| ||||
Бағалау критерийлері |
| ||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар осы тақырыпқа байланысты терминалогияларды қолдана отырып компьютердің енгізу, шығару құрылғыларын атап олардың қызметін айтады. Пәндік лексика және терминалогия:
Диалог/жазуға арналған пайдалы сөз тіркестер:
| ||||
Құндылықтар | Топтық және жұптық жұмыс арқылы өзіне және басқаларға құрмет пен ынтымақтастыққа үйрету, өзіндік жұмыс арқылы- академиялық адалдыққа, өмір бойы оқуға бағыттау. | ||||
Пәнаралық байланыс | Дүниетану, бейнелеу, орыс тілі | ||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта | ||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Оқушылардың компьютердің құрылғылары туралы түсінігі бар (монитор, пернетақта, тінтуір, жүйелік блок) |
Жоспар | ||||
Сабақ кезеңдері мен жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | ||
Сабақтың басы 0-5 |
Оқушыларды түгелдеу, сабаққа дайындығын көзбен шолу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Оқушылар мұғалімге бір-бірден жақындап, кеспе қағазын алып, 3 топқа бөлінеді. (Кеспе қағазында монитор, пернетақта, жүйелік блок бейнеленген болсын).
Талқылау арқылы топ ережесін тақтаға жазып қою. (алдын ала плакатқа жазып қоюға да болады)
Топтарға монитор, жүйелік блок, пернетақта бейнеленген парақша таратылып суреттердің атауын ақылдасу арқылы жазады. Оқушылар ақылдасу арқылы сабақтың тақырыбын табады. Алдарына мақсат қояды. | Презентация Қосымша 1 | ||
Сабақтың ортасы 6-37 мин |
Сыни тұрғыдан ойлау әдісі «Зигзаг» Әр топқа жаңа сабақ бойынша ақпарат жазылған парақша қағаздарын тарату керек. Оқушылар алдымен асықпай оқып танысып, содан кейін өз тобында ақылдасып, ойларын жинақтайды. Оқушылар тақта алдына шығып оқып білгенін түсіндіреді. Бекіту «Сұрақ жауап» ойыны Оқушыларға сұрақтар дайындап отыру тапсырылады. (егер оқушылар сұрақтар дайындамаған жағдайда, тақта алдындағы оқушылар қаншалықты оларды сынып тындағанын білу үшін сыныпқа сұрақ қояды). Қалыптастырушы бағалау «Өзіңді тексер». Мәтінді оқып бос орынға қажетті сөз тіркестерін жазыңыз. Дескрипторлар: -жүйелік блокты атайды -мониторды атайды -пернетақтаны атайды - тінтуірді атайды
Бағалау Сабақ соңында көп фишка жинаған оқушылар бағаланады. Сабаққа белсенді араласқан оқушылар мадақталынады, белсенділік танытпаған оқушылар болса ескерту беріледі. Оқушыларға саралау жұмысы ретінде (немесе үй жұмысы) «Компьютер құрылғысы» тақырыбына сөз жұмбақ құрастырып келуін ұсыныңыз. | Қосымша Қосымша 2 Қосымша 4 | ||
Сабақтың соңы 38-40 мин | Рефлексия. «Бағдаршам» әдісі Оқушыларға сары, қызыл, жасыл түсті жетон таратылады. Егер оқушы бәрін түсінген болса, –жасыл түсті жетонды көрсетеді, егер түсінбей қалған ақпараттар болса,- сары түсті көрсетеді, егер сабақ түсініксіз болса, – қызыл түсті көрсетеді. Сабақтан алған әсерлерін смайликтер арқылы көрсету. | |||
Қосымша ақпарат | ||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||
Топтық жүмыс атқарған кезде әр оқушы өз деңгейінде жұмыс жасайды. Қалыптстырушы бағалау тапсырманың екі жағдайын қарастырады(кесте түрінде және сурет түрінде). Бірінші түрі күрделі болып келеді сондықтан қабілеті жоғары балдарға ұсынуға болады. Егерде екі түрін де қолданса мінсіз болар еді, себебі өзара бағалау кезінде бірнеше нұсқа қарастыруға болады. Білімді жетілдіруге көмектеседі. | Тақырыпты меңгеру деңгейін бағалау, сұрақ-жауап, қалыптастырушы бағалау арқылы қарастырылды. Онда оқушылар еңгізу және шығару құрылғыларын жазып береді. | Оқушылармен көзге және қолға арналған жаттығулар өткізіңіз |
1 қосымша
Сыныпты топқа бөлуге арналған кеспе қағазы
2 Қосымша
Бос торға құрылғылардың атауын жазып толтырыңыз
3 Қосымша
Топтық жұмыста дайындалуға арналған ақпарат
Компьютер кабельдермен байланыстырылған бірнеше блоктардан тұрады.
Блоктардың номенклатурасы әртүрлі болуы мүмкін, бірақ кез келген компьютер жұмыс істеуі үшін үш блоктан тұратын жинақ керек. Басқа құрылғылардың барлығы қосымша деп аталады. Оларға принтер, дыбыс колонкалары, құлаққап, микрофон, модем, сканер, тінтуір, трекбол, терте жатады. Компьютердің аталған негізгі жинағының басты элементі - жүйелік блок. Компьютердің жүйелік блогы – компьютердің негізгі тораптары орналасқан тік төртбұрышты қорапша.
ДК (дербес компьютер деген атау бір-ақ адам қолданады дегенді білдіреді) бірнеше құрылғыдан тұрады. Монитор, жүйелік блок, пернетақта, мультимедиа колонкасы, модем, тінтуір және т.б.
Бұл құрылғылардың ең негізгісі монитор, жүйелік блок, пернетақта.
Компьютердің барлық құрылғылары оның артындағы ажыратып-қосқыштар арқылы ажыратылады. Компьютердің процессоры мен жедел жадысынан басқалары оның сыртқы құрылғылары болып табылады. Олар: монитор, пернетақта, принтер, тінтуір, модем. Әрбір сыртқы құрылғы процессормен арнайы блоктар – адаптер немесе контролер арқылы жалғасады..
Жүйелік блок
Жүйелік блокта компьютердің негізгі құрылғылары орналасқан. Компьютерді қосып өшіру батырмасы, дискжетек, компакт-дискіні оқитын CD-ROM орналастырылған. Жүйелік блоктың ішінде аналық плата, процессор, CD-ROM, бейнетақташа, дыбыс тақташасы мен Процессор Жедел жад (ОЖҚ)
Дисплей
Дисплей – компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. Дисплей: электрондық – сәулелі түтікшеден (ЭСТ) (электронная лучевая труба ЭЛТ), қоректендіру блогынан және сәулелі басқарушы электрондық блоктан тұрады. Монитор түрлі түсті монохромды болады.
Монитор - ақпаратты компьютер экранына шығару құрылғысы. Мониторды екі белгісі бойынша жіктеуге болады. Бейнелеу түсі бойынша және шығаратын ақпараты бойынша
Пернетақта (Клавиатура)
Пернетақта - компютерге ақпарат енгізетін құрылғы. Онда 101 немесе 105 перне болады. Ол таңбалық деректерді енгізу қызметін атқарады және негізгі енгізу құрылғысы болып табылады.
Шартты түрде пернетақтаны 5 бөлікке бөлуге болады:
-басу пернетақтасы (алфавитті- цифрлық және таңбалық ернелер)
-функционалды пернелер: F1-F12
-арнайы операциялар пернелері: Enter, Esc, Tab, Ctrl, Alt, BackSpace
-меңзерді басқару және өңдеу пернетақтасы.
-сандық пернетақта.
Функционалдық пернелер. Олар символдық пернелердің үстінде орналасқан, компютердің күрделі операцияларын тез орындайды. Әртүрлі программаларда әртүрлі қызмет атқарады.
Символдық пернелер – пернетақтаның негізгі бөлігі. Символ, цифр енгізуге болады.
Нұсқаушы немесе меңзерді экранда басқару пернесі. Меңзерді экранда жылжытуға арналған.
Цифрлық қосымша NumLock пернетақта арқылы қосылып ажыратылады.
Enter - енгізу пернесі, – белгілі бір әрекетті аяқтағанда басылады.
Бос орын символдарды бір-бірінен ажыратады.
← немесе Backspace пернесі алдыңғы символды өшіреді.
Shift кіші әріптерді үлкен етуге және керісінше орындауға болады.
Caps Lock үлкен әріптер енгізеді.
Delete меңзердің оң жағында орналасқан символдарды өшіреді.
Кейбір амалдарды орындау үшін пернелердің комбинациясын пайдаланады. Ctrl Alt
Тінтуір. Қазіргі кездегі компьютерлер тағы да бір ақпараттарды енгізу құрылғысы – «Тінтуір» манипуляторымен жабдықталған. Бұдан былай оны тек Тінтуір (маус) деп қана атайтын боламыз. Оның аты Тінтуір деп бекер аталмаған. Себебі ол - сұр түсті, тышқанның құйрығына ұқсайтын компьютерге жалғанған иілгіш сымы бар қорап. Ол алақанға ыңғайлы және кілемше бетінде еркін жылжитын арнайы құрылғы.
Джойстик. Джойстик - компьютерлік ойындарда экрандағы жылжитын нысандарды басқаруға арналған рычагты манипулятор.
Принтер. Ақпараттарды қағазға басып шығаратын құрылғы. Ол дисплейге не шығарылса да, соның бәрін қағазға басып шығаруға мүмкіндік береді. Принтерге мәтіндік, кестелік, графикалық ақпараттарды шығаруға болады. Принтердің үш түрі бар: матрицалық, сия бүріккіш, лазерлік.
Матрицалық принтерлер – бұл қарапайым басу құрылғылары. Деректер қағазға инелердің бояйтын таспа арқылы соғуының нәтижесінде пайда болады.
Лазерлік принтерлер полиграфиялық баспадан кем емес баспа сапасын қамтамасыз етеді. Олар минутына бет баспаға шығу жылдамдығымен өлшенеді.
Сия бүріккіш принтерлер. Кескін бояудың тамшыларының қағазға түсуінің нәтижесінде пайда болады. Сиябүріккіш принтерлер түрлі түсті баспада кеңінен қолданылады
Сыртқы жад: сыртқы жад ретінде магнитті диск пайдаланылады. Дискілер қазіргі дербес компьютерлерде ақпарат тасушы болып табылады, олар ақпаратты тұрақты түрде сақтауға арналған. Магнитті дискілердің екі типі болады. Бірінші типке иілгіш, алмалы-салмалы дискілер немесе дискеттер жатады.
Компакт –дискілер. Компакт дискіні лазерлік дискі деп те атайды. Оның сыйымдылығы өте үлкен, олардағы ақпаратты тек оқуға болады. CD-R компакт –дискілеріне басқа жаңа ақпараттар жазуға немесе ақпараттарды қайта жазуға болмайды. Ал CD-RW дискілеріне ақпаратты жазуға, қайта жазуға болады.
Флэшка - жинақтауыштар және жады карталары. Флэшка ақпаратты сақтау үшін ең қолайлы контейнер болып табылады. Оларға 32 Мбайттан 8 Гбайтқа дейін ақпарат сақтауға болады. Салмағы жеңіл, қолайлы флэшкаларды USB –портқа қосады, секундына 1-10 Мбайт жылдамдықпен ақпарат жазуға болады.
Сканер - қағаздағы кескінді (жазуды, суретті) түсіріп, дисплей экранына шығаруға мүмкіндік беретін құрылғы. Оның көмегімен суретті, графикті, мәтіндерді сканерлеуге (түсіріп алуға) болады.
4 Қосымша
Қалыптастырушы бағалау
Өзіңді тексер
Мәтінді оқып бос орынға қажетті сөздер жаз.
1 нұсқа
............................картаның суреті көрсетіліп, ........................ әуеннің дыбысы шықты. Содан-соң .............................. қала тұрғызылатын орынды көрсет деген ұсыныс келді. Арман .........................(не?) арқылы қала тұрғызылатын орынды көрсетіп, оның атын ....................... арқылы терді. Кейін ол «Сақтау» командасын берді. Енді қала картасы ...................... сақтаулы тұр.
2 нұсқа
Қателерді түзет.
(Қате жазылған сөздерді сызып, орнына дұрыс жауапты жазып қой)
Мен компьютерді қосып, тінтуірдің дыбысын күшейтіп, өзімнің сүйікті ойынымды сканерді тез жылжыта отырып ойнадым. Рекордтық нәтижеге ие болып, мен колонкалар арқылы өз есімімді енгізіп проектор арқылы рекордшылар тізімін басып шығардым. Содан-соң микрофон арқылы өз жанұиям туралы шығарма теріп, принтерден соңғы суреттерімді көшіріп алып мәтінгі орналастырдым да, пернетақта арқылы шығармамды басып шығардым.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?