Доппен қозғалыс ойындары. Орта қозғалыстар арқылы ойындар. Дене шынықтыру, 2 сынып, қосымша материал.
Қалыптастырушы бағалау
Дене шынықтыру
2-сынып
1-тоқсан
Бөлім | Спорт ойындарын меңгеруге арналған қозғалу ойындары. |
Бөлімше | Доппен қозғалыс ойындары. |
Оқу мақсаты | 2.2.3.1. Әділ ойында тактика мен стратегия элементтерін түсіну. |
Ойлау дағдыларының деңгейі | Білу және түсіну, қолдану. |
Бағалау критерийі | Ойында әділдік танытады, тактикалар мен әдіс-тәсілдер құрады, стратегиялық элементтерді түсінеді, пайдаланады. |
Тапсырма | |
Оқушылар дөңгеленіп тұрады. Мұғалім әрбір шеңберге 2-3 доптан бір-бірлеп домалатып жібереді. Доптардың тоқтамауы және шеңберден шықпауы керек, оларды тек қана аяқпен және қолмен итеруге болады. Оқушылар ойын шартын сәтті орындайтын болса, мұғалім қосымша доп санын домалатып жібереді. Доп ортада тоқтап қалатын болса, мұғаліп оны алып тастайды. Шеңбердегі доптар саны бойынша рекордты орнатуға әрекет жасау керек.
| |
Бағалау критерийі | Дескриптор |
Ойында әділдік танытады, тактикалар мен әдіс-тәсілдер құрады, стратегиялық элементтерді түсінеді, пайдаланады. | Оқушы -ойынға белсенді қатысады, әділдік танытады; -ойын ережелерін, шарттарын біледі; - тактикалар мен әдіс-тәсілдер құрады (допты дұрыс домалату, шеңберден шығарып алмау) анықтайды; -ойын барысында қатерлерді (доптың домалау жылдамдығы, қол, аяқты дұрыс пайдалануды) түсінеді; -стратегиялық элементтерді, нәтижеге жету жолын (икемді аяқ, қолдың қозғалысы, арақашықтықты дұрыс ұстау) айтады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?