Топтарда істесіп шармен ойнау. Дене шынықтыру, 1 сынып, сабақ жоспары.
Кіріктірілген білім беру бағдарламасы бойынша дене
шынықтыру пәнінің қысқа мерзімді
CАБАҚ ЖОСПАРЫ № 57
IV –тоқсан. Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7-бөлім: Ойын арқылы қарым-қатынас пен әлеуметтік дағдылар. | Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||
Күні: 22.04.2016.ж. | Мұғалімнің аты-жөні : Ахметов Б. С | ||||||
Сынып: 1А | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | ||||||
Сабақ тақырыбы | Топтарда істесіп шармен ойнау. | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | Дене жаттығуларын орындау барысында тыныс алу, жүрек қысқаруларының жиілігі, температура секілді ағзадағы физикалық өзгерістерді қалай бақылайтынын білу (4с). | ||||||
Сабақ мақсаттары | Дене жаттығуларын орындау кезінде физикалық өзгерістерді анықтау. | ||||||
Жетістік критерилері | Білу және түсіну. Дене жаттығуы барысында байқалған дене өзгерісінің кем дегенде үшеуін анықтайды. | ||||||
Тілді толық ортаға енгізу | Тақырыбы: 7-бөлім: Тағам және сусын | ||||||
Тілдік мақсаттар
| Тілге тән оқу дағдыларын дамыту (мәселен, таңдамалы түрде тыңдау, түсіндіру, металингвистикалық және метакогнитивтік танымды дамыту, басқа сөзбен айту, сөздікпен жұмыс дағдылары); | ||||||
Құндылықтарды дарыту
| Бұл бөлім арқылы оқушылар әлеуметтік дағдылардың маңыздылығын тану, бастан өткізу, ойлануға бағытталғын. Серіктестер допты бір-біріне түрлі жолдармен беруді үйренетін және бірге саяхаттайтын кездегі қарапайым серіктестік доп жаттығулары алдын ала дамытылған. Оқушылардың тепе-теңдікті, реакция уақытын, жылдамдықты қажет ететін жұптық ойындарды жасау және ойнауға мүмкіндіктері бар. | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Қазақ тілі. Дүние тану. | ||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Оқушылардан алдыңғы бөлімдерде балабақша мен үйде түрлі әлеуметтік дағдылар мен карым-қатынас түрлері дамытылған деп күтіледі. | ||||||
Сабақ барысы Б-барлық сынып, Т-топтық, ЖЖ- жұпптық жұмыс, Ж- жеке,Тәж -оқушы тәжірибесі, К- мұғалімнің көмегі, Ф-фор.бағалау. | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы | Уақытты жоспарлау: Дайындық бөлім: 12-15 мин. Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу. Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру. Қатардағы жаттығулар. Бұрылыстарды біркелкі орындау. Аяқтың ұшын, өкшесін дұрыс пайдалану. Жүрістегі жаттығулар. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Жүрістегі жаттығулардан жүгірістегі жаттығуларға көшу. Баяу жеңіл жүгіру. Арақашықтықты сақтау. Қол кеуденің алдында, аяқтың ұшымен жүгіру. Мұрынмен тыныс алу. Жүгірістегі жаттығулар. Бірте- бірте ақырындап жүріске көшу. Кең тыныс алу. Жүрісте үш лекпен бұрылып үш қатарға тұру. Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары. | Әр жаттығуға кең, ашық кеңістік. Мұғалім үшін ысқырық. | |||||
Сабақ ортасы
| Негізгі бөлім: 18-20 мин. (Т, Тәж, ф) Төрт оқушысы бар топтар бір шармен жұмыс істейді. Олар шарды сақтауды түрлі жолдарын ашады: жерде жатып, шарды аяқтарымен ғана ұстайды. Еденде тізелеп отырып, шарды тек қолмен және баспен ұстау. (Б, ф) Пайымдау: Бұл бөлімде бірлесіп жұмыс істегенде өзіннің мінезінді қалай бейімдедің? Идеяларын жайлы серіктесінмен сөйлес. | Әр жаттығуға кең, ашық кеңістік. Керекті жабдықтар: мысалы, Шарлар (әр топқа біреу), және оқушыларға шарларды үрлеу үшін құрылғы. | |||||
Сабақтың соңы | Қортынды бөлім: 5-7 мин. Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізіледі: Оқушалардан бұл жаттығуда қандай қиын тұстары бар екенін және оны қалай ұтымды орындауға болатынын сұрау. Оқушылар өз бетінше таңдаған тірек-қимыл дағдыларын бақылау. | ||||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы. | |||||
Оқушыға жұбымен жұмыс істеу қиын болса, басқа жұптарды қарап, олардың жұмыстарын бақылау. Олар жақсырақ жұмыс істеп жатса, олардың идеяларын басқа топтарға үлгі көрсету. | Жұмыс кезінде дамып келе жатқан қарым-қатынасты белгілеп, талпыныстарын дамыту. | Сабақ барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау. Дене қуатын үнемдеу шарттары. Тынысты дұрыс ретке келтіру. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?