Доппен ойнау және жұптас. (Серіктес). Дене шынықтыру, 1 сынып, сабақ жоспары.


Кіріктірілген білім беру бағдарламасы бойынша дене

шынықтыру пәнінің қысқа мерзімді

CАБАҚ ЖОСПАРЫ № 51

IV -тоқсан Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7-бөлім: Ойын арқылы қарым-қатынас пен әлеуметтік дағдылар.

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні: 01. 04.2016.ж.

Мұғалімнің аты-жөні : Ахметов Б. С

Сынып:

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Доппен ойнау және жұптас (серіктес).

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Инновациялық (жаңа) тәсілдермен проблемаларды шешу жолы мен өзгерістермен және қиындықтармен күресе білу және қабылдау (2с).

 Оқу мақсаттары

Қозғалыс мәселелерін шешу кезінде енгізілген өзгерістерді және туындаған қиындықтарды бақылау және қарау.

 Жетістік критерилері

Білу және түсіну. Екі түрлі дене жаттығуы аясында кемдегенде бір өзгерісті бақылайды және қарастырады; Дене жаттығуы барысында сезінген кемдегенде бір қиындықты бақылайды және қарастырады.

 Сабақ мақсаттары

Түрлі жолмен бір-біріне допты беру немесе доппен жүгіруді үйрететін қарапайым серіктестік доп ойындарына еліктіру.

 Ортақ тақырып

Тақырыбы: 7-бөлім: Тағам және сусын. Ойын арқылы қарым-қатынас пен әлеуметтік дағдылар.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушыларды пікірталас диалогтарға қатыстыру (мәселен, оқушылардан қысқа жауаптарды қабылдамау, білімді ғана көрсететін сұрақтарды қоймау;оқушыларды өз білімін нәтижелі талқылау үшін пайдалануға ынталандыру, сондай-ақ оқушылар диалогқа қатыса алуы үшін қажет лексикалық қормен қамтамасыз ету);

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Бұл бөлім арқылы оқушылар әлеуметтік дағдылардың маңыздылығын тану, бастан өткізу, ойлануға бағытталғын. Серіктестер допты бір-біріне түрлі жолдармен беруді үйренетін және бірге саяхаттайтын кездегі қарапайым серіктестік доп жаттығулары алдынала дамытылған.

 Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі. Дүние тану.

Алдыңғы меңгерілген білім

Серіктестер допты бір-біріне түрлі жолдармен беруді үйренетін және бірге саяхаттайтын кездегі қарапайым серуктестік доп жаттығулары алдынала дамытылған. Оқушылардың тепе-теңдікті, реакция уақытын, жылдамдықты қажет ететін жұптық ойындарды жасау және ойнауға мүмкіндіктері бар.

Сабақ барысы

Б-барлық сынып, Т-топтық, ЖЖ- жұпптық жұмыс, Ж- жеке,Тәж -оқушы тәжірибесі, К- мұғалімнің көмегі, Ф-фор.бағалау.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Дайындық бөлімі 12-15 мин Оқушыларды қатарға тұрғызу. Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу. Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру. Мұғалімді мұқият тыңдау. Қатардағы жаттығулар . Оңға бұрылу. Солға бұрылу. Бір қатардан екі қатарға тұру. Екі қатардан бір қатарға тұру. Бұрылыстарды біркелкі орындау. Аяқтың ұшын, өкшесін дұрыс пайдалану. Оңға бұрылып оң иық алға жүру. Жүрісті сол аяқтан бастауларына көңіл аудару.

Жүрістегі жаттығулар. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. 1.Қол жоғарыда, аяқтың ұшымен. Алақан бір-біріне қарайды, шынтақ түзу. 2.Қол желкеде, өкшемен жүру. Кеуде түзу, шынтақтардың арасын ашу.3. Қол белде, табанның сыртымен, ішімен жүру. Тізе түзу, басты тік ұстау.4. Қол белде, жартылай отырып жүру. Кеуде түзу, басты тік ұстау.5. Қол тізеде, толық отырып жүру. Кеудені көтеріп, асықпай қозғалу. Аяқтарды сілкіп, қалыпқа келу.

Жүрістегі жаттығулардан жүгірістегі жаттығуларға көшу. Баяу жеңіл жүгіру. Арақашықтықты сақтау. Қол кеуденің алдында, аяқтың ұшымен жүгіру. Мұрынмен тыныс алу. Жүгірістегі жаттығулар. 1.Қол белде, оң бүйірмен тіркеме адыммен.2. Қол белде, сол бүйірмен тіркеме адыммен .3. Арқамен алдыға жүгіру. Сол иықтан алдыға қарау.Тұра жүгіру. 4.Тізені жоғары көтеріп жүгіру. Қол алдыда. 5.Аяқты артқа бүгіп, сермей жүгіру. Қол артта. 6.Аяқты алдыға сермеп жүгіру. Қол белде. Тізені түзу ұстау. 7.Аяқты түзу артқа сермеу. Қол желкеде. 8. Оң бүйірмен қайшылап адымдау. 9.Сол бүйірмен қайшылып адымдау. Қолды еркін ұстау.10.Оң аяқпен секіру. 11.Сол аяқпен секіру. Тура және ирелеңдеп, бағыт өзгертіп жүгіру. Бірте- бірте ақырындап жүріске көшу. Кең тыныс алу. Қолды жоғары көтеріп тынысты ішке алып, төмен түсіріп тынысты сыртқа шығару.

Жүрісте үш лекпен бұрылып үш қатарға тұру. Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары. 1. Басты оңға, солға айналдыру. Көзді жұмбау. 2.Оң, сол қолды жоғары көтеріп артқа сермеу. Шынтақты түзу ұстау.3. Қолды біріктіріп, оңға солға жантаю. Шынтақты түзу ұстау. 4.Қол желкеде, кеудені оңға, солға бұру.5. Белді оңға, солға айналдыру.6. Оң, сол аяққа, ортаға еңкейю. Аяқтың арасы иық деңгейімен қою.7. Оң сол аяққа жанға ауысып отыру. 8.Алдыға , артқа, оң сол, аяққа ауысып отыру. Кеуде түзу, басты тік ұстау. 9.Оң сол аяқпен 10 рет, екі аяқпен 20 рет секіру.

Әр жаттығуға кең, ашық кеңістік. Мұғалім үшін дағыра/ ысқырық.

Сабақ ортасы

Негізгі бөлім: 18-20 мин. (Жж, ф) Оқушылар жұпта жұмыс істейді. Бір оқушы бес метр қашықтықта жатқан конустық сызыққа қарай допты тез домалатуға тырысады. Доп оқушының қолынан кеткен соң, жұптасы доп конустық сызыққа жетпей тұрып артынан қуып жетуге тырысады. Жұптастар рөлдерімен ауысады. (Жж, Тәж, ф) Жұптастар қарапайым доп ойынын ойлап табады. Ол ойын доптардын неше түрін пайдаланып тепе-теңдікті дамытады.

Әр жаттығуға кең, ашық кеңістік. Тоқтау-бастау құралы ретінде мұғалімге дағыра/ ысқырық. (қажет болса).

Бір жұпқа бір үлкен доп. Сөре мен мәрені белгілеуге конустар, атап өтуге арналған аласа кедергілер.

Сабақтың соңы

Қортынды бөлім: 5-7 мин. Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізіледі: Оқушалардан бұл жаттығуда қандай тәуекел бар екенін және оны қалай азайтуға болатынын сұрау. Оқушылар таңдаған тірек-қимыл дағдыларын бақылау.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

Берілген тапсырмаларды, жаттығуларды барынша дұрыс, біркелкі орындау, дағдыларын қайталау.

Оқушылардың өз бетінше, жұппен тапсырма бойынша жұмыс істеуі, өз бетінше қателерін түзеу, еркін ойларын жеткізу.

Сабақ барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау. Дене қуатын үнемдеу шарттары. Дұрыс тыныс алу, тынысты ретке келтіру.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу