Ойын – жеке физикалық қасиеттерді дамыту құралы. Дене шынықтыру, 1 сынып, сабақ жоспары. 3-4 сабақ.


Сабақ жоспары №3-4

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5-бөлім - Ойын арқылы қозғалыс дағдыларын үйрету

Көкшетау қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Баранбаев Е.А.

Сынып: 1В

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ойын – жеке физикалық қасиеттерді дамыту құралы

Оқу мақсаттары

Негізгі денсаулық компоненттерін атау

Денені қыздыру және басты қалыпқа келу техникасының қажеттілігін білуі

 Сабақ мақсаттары

Барлық оқушыларды қауіпсіздік ережелермен таныстыру және денсаулық туралы мәлемет беру.

 Жетістік критерийлері

Дене шынықтыру жаттығуларын орындайды, нәқты түсіндіреді және көрсете алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар біледі: сабақ барысында ойын ережесін сақтау ойынның негізі болып саналады.

 Құндылықтарды дарыту

Сыйластық, ынтымақтастық

 Пәнаралық байланыстар

Биология пәнімен байланыс - дене мүшелерін анықтай біледі.

 АКТ қолдану дағдылары

Ойынның видео және суретін қәжетімен қолдану

Бастапқы білім

Оқушылардан бала бақшада және үйдегі ойынға негізделген тәжірибелері болады деп күтіледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-15мин

Сабақтың ортасы

16-35 мин

Сабақтың соңы

36-40 мин

Дайындық бөлімі. Сапқа тұру. Сабақтың тақырыбын хабарлау. Техника қауіпсіздігі. Орыннан оңға, солға бұрылу. Саптық жаттығулар. Оқушылар жүгіру жаттығуларының орындайды.Аяқты артқа бүгіп жүгіру. Тізені жоғары қөтеріп жүгіру. Оң жақ иықпен адымдап секіру. Сол жақ иықпен адымдап секіру. Әрбір адымда секіріп жүгіру. Ж.Д.Ж.бір орында

«Торғайлар мен мысық» ойыны. Балалар алаңның не бөлменің бір бұрышына қойылған аласа сәкілерге не кубиктерге (биіктігі 10-12 см) мінеді. Балалардан алыс бөлемнің бір бұрышында мысық отырады, ол ұйқыда. «Торғайлар» жолға ұшып шығады» деп мұғалім хабарлаған кезде, оқушылар сәкілерден, кубиктерден секіріп түсіп, жан-жаққа бытырап ұшады. «Мысық» ұйқысынан оянып, керіліп, «мяу-мяу» дейді де, шатырға тығылған «торғайларды» ұстай жөнеледі. Қолға түскен «торғайларды» мысық үйіне алып келеді.

«Допты шеңберден ұрып шығар» ойыны. Ойынға 10 шақты оқушы қатысады. Оқушылар допты аяқтың ішкі жағымен не ұшымен тебу керектігін еске сақтайды. Допты қатты ұруға болмайды. Егер оқушылар допты «жүргізушіге» бермес бұрын, өздері тоқтатқысы келсе, онда аяқтың ішкі жағымен немесе өкшесімен тоқтатқаны жөн.

Оқушылар отырындар. Бұл жүрек соғысы жиілігімізді баяулатып, ойымыз бен денемізді тыныштандыруға мүмкіндік береді. Сыныпқа оралу.

Әр жаттығуға кең, ашық кеңістік. Әр оқушыға үлкен көбік доп.

Доптар: түрлі мөлшер, текстура, түс, салмақ, т.б.

Доптар (түрлі мөлшерлі). Нысана ретінде түрлі қайта өңделе алатын заттар қолданыла алады: пластикалық саптаяқ / шөлмектер, картон туба / жәшіктер.

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлау? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлау?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушыларды төрешілікке және ойын басқаруға тарту.

  • Көру, тыңдау, сұрақ қою.
  • Оқушылар сабақ барысында қауіпсіздік ережелерін

Кауіпсіздік ережелерімен таныстыру

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/меңгеру мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Балалардың сабақ барысындағы коңіл күйлері? Бүгін оқушылар нені үйренді? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма?

Жауап орыны

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Братко Е.Ю.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу