Қозғалмалы ойындар. Дене шынықтыру, 1 сынып, сабақ жоспары.
Дене шынықтыру пәні
CАБАҚ ЖОСПАРЫ №
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қазақтың ұлттық ойындары. Ортақ тақырып: Бізді қоршаған әлем. | Мектеп: ФМБ НЗМ Талдықорған қ. | |||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||
Сынып: 1 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||
Сабақ тақырыбы: | Қозғалмалы ойындар. | |||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.1.2.1.Дене дамуына ықпал ететін жаттығуларды жүйелі әрекет ретінде орындау. 1.2.3.1 Нәтижеге қол жеткізу үшін стратегия мен тактикаларды анықтау және атау. | |||||||||
Сабақ мақсаттары | Қозғалмалы ойындар арқылы қарапайым жаттығулар кешенін орындау және жүйелі әрекеттерді дамыту, ойындар барысында стратегия мен тактикаларды пайдалану, ұстану. | |||||||||
Бағалау критерийлері | Дене дамуына ықпал ететін қарапайым жаттығуларды ойындармен байланыстырады және оңтайлы нәтижеге жеткізу мақсатында түрлі стратегиялық, тактикалық амлдарды пайдаланады. | |||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:қазақтың ұлттық ойындары туралы білімдерін талқылап көрсете алады Пән лексикасы және терминология
Талқылауға арналған сұрақтар:
| |||||||||
Құндылықтарды дарыту | Салауатты өмір салты маңызынан хабардарлық (дене,ой, қатынас); Қимылдар, таңдаулар мен шешімдерде тәуелсіздік; Жеке, жұпта және командада жұмыс істеу қабілеті; | |||||||||
Мектеп миссиясын, пайымдауын және жаһандық азаматтықты жүзеге асыру | Оқушылардың өз өмірлерінде салауатты өмір салтын ұстануға және үйренген дене қимыл дағдыларын алдағы уақытта қолдануға ынталандыру талпындыру. | |||||||||
Пәнаралық байланыстар | Қазақ тілі, жас өспірімдер физиологиясы | |||||||||
АКТ қолдану дағдылары | АКТ (әсіресе ғалам торды) байланыс, істестік, мазмұн жасау, дене тәрбиесі саласында көмек сұрау мен ақпарат табу үшін басты құрал ретінде қолдану. | |||||||||
Бастапқы білім | Бөлімнің басында оқушылар ұлттық қозғалыс ойындары арқылы қазақ халқының дәстүрі және мәдениетімен танысады және дағдыларды әділ ойын мен ынтымақтастық арқылы бекітеді. | |||||||||
Жоспарлардағы әрекеттер | Б = барлық сынып ЖЖ = жұптық жұмыс Тәж = оқушы тәжірибесі ф = формативтік бағалауды қолдайды Т = топтық жұмыс Ж = жеке жұмыс К = оқытушы көрсетеді | |||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы 5 минут | Уақытты жоспарлау: Дайындық бөлім: 12-15 мин. Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу. Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру. Қатардағы жаттығулар. Бұрылыстарды біркелкі орындау. Аяқтың ұшын, өкшесін дұрыс пайдалану. Жүрістегі жаттығулар. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Жүрістегі жаттығулардан жүгірістегі жаттығуларға көшу. Баяу жеңіл жүгіру. Арақашықтықты сақтау. Қол кеуденің алдында, аяқтың ұшымен жүгіру. Мұрынмен тыныс алу. Жүгірістегі жаттығулар. Бірте - бірте ақырындап жүріске көшу. Кең тыныс алу. Комплекстік жаттығу №16-18. |
Мұғалімге ысқырық, секундомер, тексеру журналы. | ||||||||
Сабақтың ортасы | Қозғалмалы ойындар арқылы тарту. (Б) «Жылдам орамал» («Көрінбейтін орамал») Сіздер «орамалды» тізелеріңнің астынан өткізіп, бір-біріңе «Әне орамал кетті, әне орамал кетті!» деген сөздермен бересіздер. «Жүргізушінің» тапсырмасы – көрінбейтін орамал кімнің қолында екенін анықтап, сол оқушының есімін атау қажет. Дегенмен бұл айтарлықтай оңай емес! Өйткені шеңберде отырғандардың барлығы біріне-бірі «орамал» табыстаған секілді бір қимылды қайталап жасай береді. Және де «Әне орамал кетті, әне орамал кетті!» деп қайталап отырады. «Жүргізуші», мысалы Марат дейік, бір ойыншының бөгеліп қалғанын байқап қалып, «Марат!» деп айқай салып, ойыншының иығынан түртеді. «Ұсталған» «жүргізушінің» орнын алмастырады. Егер де қателік туындап, «жүргізуші» шатасқан болса, онда ол кінәсіз Мараттың алдында өз кінәсін ән айтумен не тақпақ оқумен жуып-шаяды. (Б, Ф) «Қаршығалар және қарлығаштар». Ойынға саны шексіз оқушылар қатысады. Ойыншылар екі топқа бөлініп, біріне-бірі арқамен қарайды. Бір топта қаршығалар, екінші топта қарлығаштар болады. Бір ойыншыны жүргізуші етіп таңдайды. Ол ойыншылардың арасында жүріп, сөздерді буынға бөліп айтады: қарлығаш – пауза – нүкте немесе қар..., ал сөздің аяғын айтпайды. Сол кезде, аты толығымен аталған топ жан-жаққа қаша бастайды, ал аты аталмаған топ ойыншылары оларды қуа жөнеледі. Қолға түскен ойыншылар ұстаушы топтың мүшесі болып саналады. Мұғалімге нұсқаулық: Бұл ойында «орамалды» анықтау өте қиын: өйткені ол көрінбейтін болады... Құпия білгіңіз келе ме? Ендеше шеңберді айнала отырып, бір-біріңізге иықтарыңызды тығыз тигізіп, отырыңыз да, аяқтарыңызды шығарып, аздап тізеде бүгіңіз. Шеңбердің сыртында жүргізуші ғана қалады. Келісілген белгі бойынша ғана қашып аулауға болады. Ойын соңында ойыншылары көп болған топ қана жеңіске жетеді. | Іс-әрекеттің әрбір түріне арналған кең алаң, орамал Кең алаң. Оқушылардың талаптарына сәйкес ойындарға арналған жабдық | ||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізіледі: Сұрақ: Біздің ойындарымызда неліктен ережелер бар? Сізге ойынсерікпен жұмыс істеу ұнай ма? Үйге тапсырма: қол,дене бұлшық еттеріне арналған жаттығулар. | |||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы. . | ||||||||
Қозғалмалы ойындарындағы тапсырмаларды, жүйелі жаттығулар жинағының реттілігін көрсетеді. Жаттығуларды барынша біркелкі орындау, орындалу сапасы, бірлескен ойындарда тапсырмалардың мағынасын ашу. Орындалуын анықтау. Қабілеті жоғары оқушылар қозғалыс әрекеттерін қайталап, сынып алдында орындалуын өз бетінше көрсету. | Оқушылардың өз бетінше тапсырмамен белсенді жұмыс істеуі, өз бетінше қателерін түзеу. Дағдыларын дамытуға ынталану. Қозғалыс әрекеттерін белсендендіру. Ойындар барысында бейресми қалыптастырушы бағалаулар. | Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу. Дене қуатын үнемдеу шарттары. Дұрыс тыныс алу. Сабақ барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау. | ||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары / оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Жекелей, топтық тапсырмалардың орындалу сапасы. 2: Ойындардың орындалу ретінің сақталуы. Өзін-өзі бағалау. Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Саралап тапсырмалар беру. Ойынды күрделендіру. 2: Тапсырмалардың орындалуына ықпал ететін факторлар. Тапсырманың мағынасын ашу. Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік / қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? Сыныптың ішкі жағдайына, оқушылардың үнін есту, жекелеген оқушыларға әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар беру, ұсыну әдістерін қарастыру. Тапсырманың орындалуына байланысты сұрақтар қою. Тапсырманы бірнеше рет қайталап көрсетуге мүмкіндік беру. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?