file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Дариға Назарбаева өзін президенттің мұрагері санамайтынын айтты

Дариға Назарбаева өзін президенттің мұрагері санамайтынын айтты

Парламент сенатының алқа мәжілісінен кейін тілшілерге берген сұxбатында сенат депутаты Дариға Назарбаева биліктегі мұрагерлік туралы болжамдарға пікір білдірді деп хабарлайды Қазақпарат.

«Сіз өзіңізді билік мұрагері деп санайсыз ба?» деген сауалға Дариға Назарбаева:

«Мен өзімді Отанына адал әрі шын берілген, президенттің командасындағы адам ретінде санаймын. Сондықтан мұрагерліктің айналасындағы болжамдар мен жорамалдар спекуляция болып табылады», - деп жауап қатты.

Айта кетейік, Дариға Назарбаева парламент сенатының депутаты болып тағайындалды. Бұның алдында ол премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарған болатын.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?