Туған күнге тілек ? ?


Өмір бар жерде адамдар арасындағы қарым-қатынас толастамақ емес. Әр адамның өзіне жақын адмға деген айтар тілегі болады. Сол орайда әртүрлі мәтіндегі тілектер топтастырып, көпшілік қауымға ұсынылып отыр.

автор: Төлебаев Бағдәулет

1) Бүгін туған күніңмен

Құттықтаймын өзіңді,
Бүгін туған күніңмен.
Тек бақытты тілеймін,
Шын жүректен жырыммен.

Таудай талап биікке,
Жетелесін әрдайым.
Бармақтай бақ тілеймін,
Жар болсын деп Құдайым!

Қайсарлықты тілеймін,
Сынбай күшің, жігерің.
Үзілмесін ешқашан,
Жақсылықтан күдерің!

2) Бүгін туған күніңіз

Құтты болсын кеп жеткен,
Бүгін туған күніңіз.
Әр күн сайын шаттана,
Қуаныңыз, күліңіз.

Әрбір жастың қызығын,
Қуанышын көріңіз.
Өміріңіз гүл жайнар,
Жақсылыққа сеніңіз.

Бақыт сыйлап жаңв жас,
Қайсарлықты сыйласын.
Барлық әлем жақсысын,
Өзіңізге жинасын!

3) Бүгін туған күніңде

Бүгін туған күніңде,
Ортаймасын шаттығың.
Гүлдей жайнап әр күнің,
Жалғай берсін тәтті күн.

Мөлдір бұлақ тұнығын,
Махаббатын сыйласын.
Тербетілген самал жел,
Шапағатын сыйласын!

Ұзақ өмір тілеймін,
Көңіліңіз жандансын!
Керемет боп әр күнің
Бар жақсы күн таңдалдсын!

4) Құтты болсын туған күн

Құтты болсын туған күн,
Шаттығымен тербейтін.
Жаратқаным жар болсын,
Жаманға жол бермейтін.

Қайсарлықты тілеймін,
Мықты, батыл, болсын деп.
Сабырлықты тілеймін,
Басыңа бақ қонсын деп.

Шыдамдықты тілеймін,
Әрбір істі оң етер.
Бақ-береке тілеймін,
Өміріңді гүлді етер...

5) Құттықтаймын мен сізді

Құттықтаймын мен сізді,
Туған күнмен бүгінгі
Шын жүректен тілеймін,
Сізге ұсынып жырымды.

Таудай бақыт тілеймін,
Қолдасын деп биік шың.
Шаттығыңды тілеймін,
Болмасын деп қайғы-мұң.

Арманыңыз күлімдеп,
Мақсатыңыз үн қатсын.
Туған күнде бүгінгі,
Қуаныштар жырлатсын!

6) Жеке меншік мерекең

Құтты болсын бүгінгі,
Жеке меншік мерекең.
Күн күлімдеп күн сайын,
Арта берсін берекең.

Күшті болып сабырың,
Таусылмасын төзімің.
Жастан жасқа жете бер,
Берік болып сенімің.

Арманыңа жете бер,
Таудай болып талабың.
Асулардан өте бер,
Күлім қағып жанарың!

7) Тек бақыты болыңыз

Құтты болсын бүгінгі,
Бүгін туған күніңіз.
Саулығыңыз мықты боп,
Аман-есен жүріңіз.

Сабырыңыз сарқылмай,
Төзіміңіз жандансын.
Жаратқаным жар болып,
Барлық адам таң қалсын!

Бақыт ашып есікті,
Тұрақтасын тілерім.
Жаңа жаста мен айтқан,
Орындадсын тілегім.

8) Құттықтаймын мен сізді

Құттықтаймын мен сізді,
Бүгін туған күніңмен.
Саулығыңыз мықты боп,
Нұр ойнасын жүзіңнен.

Есік ашсын батылдық,
Туған күнде шаттана.
Жүріңіз сіз құлпырып,
Әрбір күннен бақ таба.

Арайлы таң қуантып,.
Шуағымен тербесін.
Әр туған күн жандантып,
Қуат берсін, дем берсін!

9) Тілеймін бар жақсынын

Бүгін туған күнінде,
Бар жақсылық тілеймін.
Жаратқаным жар болып,
Аман-есен жүр деймін.

Бақытымен тербесін,
Келіп жеткен жаңа жас,.
Таудай талап тілеймін,
Сабырлықты мызғымас
.
Жастан жасқа жете бер,
Аман болып әрқашан.
Асулардан өте юер,
Тәнті болып барша адам..

10) Туған күнде күлімдеп

Құтты болсын туған күн
Жеке меншік мерекең.
Туған күнде жадырап,
Арта берсін берекең.

Қыстай қатты денсаулық,
Тілеймін мен сізге тек.
Бақыт сыйлап, жүріңіз,
Амандықта күлімдеп.

Жастан жасқа жетіп сіз,
Амандықта болыңыз
Сабырлы боп, төзімді,
Жүз жасқа сіз толыңыз.


11) Бүгін туған күніңіз

Құтты болсын кеп жеткен,
Бүгін туған күніңіз.
Көктемдей боп құлпырып,
Аман-есен жүріңіз.

Аспаныңыз ашық боп,
Жадыраңыз, жайнаңыз.
Саулығыңыз мықты боп,
Бұлбұлдайын сайраңыз.

Арманыңыз үн қатып,
Мақсатыңыз жол ашсын.
Көңіліңіз нұрланып,
Шуақ шашар таң атсын.

12) Құтты болсын туған күн

Құтты болсын туған күн,
Бүгін міне кеп жеткен.
Жалғай берсін күндерің,
Қуанышпен тербеткен.

Көңіліңнің аспаны,
Жарқырасын, жайнасын.
Шуақты күн көп болып,
Басыңнан бақ таймасын!

Жаздай жаның жарқырап,
Жастан жасқа жете бер.
Шаттық сыйлап өмірің,
Асулардан өте бер.

13) Сарқылмасын шаттығың

Бүгін туған күніңде,
Жадырай түс, жайнай түс.
Сарқылмасын шаттығың,
Бұлбұл құстай сайрай түс.

Өте берсін қуантып,
Жайма шуақ күндерің.
Хош иісті жайнасын,
Көңілдегі гүлдерің.

Арайлы таң нұр шашып,
Бақ-береке әкелсін.
Биікке өрле, самғай түс,
Қарсы алып жетер шың.


14) Шаттықты күн көп болсын

Құттықтаймын мен сізді,
Туған күнмен кеп жеткен.
Күндеріңіз көп болсын,
Шаттығымен тербеткен.

Шаттықты күн көп болсын,
Жайнап сіздің жүзіңіз.
Орындалып бар арман,
Қуаныңыз, күліңіз.

Жарқын үміт қуантып,
Көңіліңіз гүлденсін.
Бақыт бастап әр күнді,
Өміріңіз түрленсін.

15) Таңғажайып армандар

Жеке меншік мерекең,
Құтты болсын бүгінгі.
Шын жүректен өзіңе,
Ұсынамын гүлімді.

Таңғажайып армандар,
Орындалсын, мақсаттар.
Абыройың асқақтап,
Есік ашсын жақсы аттар.

Артып тағы беделің,
Қуанышың көбейсін.
Кенеле бер бақытқа,
Бұл өмірде көрмей сын.

16) Бар жақсыны тілеймін

Бүгін туған күніңде,
Бар жақсыны тілеймін.
Қуанышта, шаттықта,
Амандықта жүр деймін.

Көңіліңнің күйі бұл,
Пәсеймесін ешқашан.
Мықты болып саулығың,
Аман жүргін әрқашан.

Жарқын үміт жетелеп,
Кенеле бер бақытқа.
Күлкі кетпей жүзіңнен,
Шаттан әрбір уақытта..

17) Бүгін туған күніңіз

Құтты болсын кеп жеткен,
Бүгін туған күніңіз.
Тамырласын, солмасын,
Жайнап өмір гүліңіз.

Орындалсын армандар,
Ғажайыпқа ұласып.
Биіктеңіз, өрлеңіз,
Әр күн сайын қыр асып.

Ғұмырыңыз ұзақ боп,
Қанатыңыз талмасын.
Арманыңыз асқақтап,
Қыран құстай самғасын.

18) Құттықтаймын мен сені

Құттықтаймын мен сені,
Туған күнмен кеп жеткен.
Шаттығымен тербесін,
Күндерің бұл нұрлы еткен.

Абыройың асқақтап,
Жүзіңнен нұр кетпесін.
Жаратқаным жар болып,
Бақытты күн бітпесін.

Гүлдей жайнап өмрің.
Жақсылыққа бастасын.
Босағаңнан сығалап,
Қиындықтар баспасын!

19) Жеке меншік мерекең

Құтты болсын бүгінгі,
Жеке меншік мерекең.
Қуанышта, шаттықта,
Арта берсін берекең.

Бар жақсыны тілеймін,
Мен өзіңе әрқашан.
Биіктей бер, өрлей бер,
Тәнті болып барша адам.

Қанаттарың талмасын,
Күн күлімдеп, жадырап.
Жастан жасқа жете бер,

20) Бақытыңыз көп болып

Құтты болсын туған күн,
Бақытыңыз көп болып.
Қуаныңыз шаттанып,
Уайымыңыз жоқ болып.

Қиындықтар болмасын,
Жақсы күндер жалғасып.
Артып бірлік, ынтымақ,
Жүрейік жыр арнасып.

Саулығыңыз мықты боп,
Жастан жасқа жетіңіз.
Сәтті күндер көп болып,
Асулардан өзіңіз...


21) Құтты болсын туған күнің аташым! (атаға)

Құтты болсын туған күнің аташым,
Берер бізге шын жүректен батасын.
Ақылшымыз болып ата жүрші аман,
Жаны жайсаң қымбаты жан, аташым.

Саулығыңыз мықты болып әрдайым,
Қуаныңыз жар боп сізге Құдайым.
Туған күнді әр жыл сайын тойлайық,
Күлім қағып аспаныңда күн, айың.

Немерелер қызықтарын көріңіз,
Сізге арналар біздің ата төріміз.
Шөбере сүй, май жалағын қолынан,
Ортамызда көшбасшы боп өзіңіз...

22) Құтты болсын туған күнің әжетай! (әжеге)

Құтты болсын туған күнің Әжетай,
Бар жақсыны өзіңізге тілеймін.
Жүз жасаңыз, жастан жасқа жетіп сіз,
Шуақ шашар жарқыраған күндейін.

Ашық болып Әже сіздің жолыңыз,
Саулығыңыз мықты болып әрдайым.
Ортамызда күліп-ойнап жүріңіз,
Немерелер ортасында жоқ уайым.

Шаттаныңыз арайлы атып таңыңыз,
Күлім қағып әжетайым жүзіңіз.
Әр күніңіз сәттілікке толы боп,
Аман-есен ортамызда жүріңіз!

23) Құтты болсын бүгінгі (атаға)

Құтты болсын бүгінгі,
Туған күнің аташым.
Бар жақсыны тілеймін,
Мейірімді аташым.

Ашық болып аспаның,
Күлімдей түс шаттана.
Аман болшы аташым,
Әрбір күннен бақ таба.

Жүз жасаңыз аташым,
Ғұмырыңыз ұзақ боп.
Қуаныңыз аташым,
Бұл өмірде уайым жоқ.

24) Әже туған күніңмен (әжеге)

Құттықтаймын бүгінгі,
Әже туған күніңмен.
Жадырай түс, жайнай түс,
Күлкі кетпей жүзіңнен.

Саулығыңыз мықты боп,
Әже аман болыңыз.
Әр күніңіз сәтті боп,
Ашық болсын жолыңыз.

Жүз жасаңыз Әжетай,
Гүлдей жайнап өмірің.
Шаттана түс, бақ таба,
Көтеріліп көңілің.

25) Жадырасын жаныңыз (атаға)

Құтты болсын аташым,
Бүгін туған күніңіз.
Амандықта, саулықта,
Ортамызда жүріңіз.

Көңіліңіз жай болып,
Жадырасын жаныңыз.
Жаратқаным жар болып,
Сәтті атсын таңыңыз.

Немерелер қуантып,
Шөберені көріңіз.
Жастан жасқа аман боп,
Ата жете беріңіз.

26) Саулығыңыз мықты боп (әжеге)

Құтты болсын әжетай,
Туған күнің бүгінгі.
Қуанышта, шаттықта,
Өткіз әрбір күніңді.

Жүзге әже жетіңіз,
Ғұмырыңыз ұзақ боп.
Шаттаныңыз әжетай,
Бұл өмірде уайым жоқ.

Немерелер қуантсын,
Шаттығымен тербейтін.
Шөберелер көп болсын,
Жаныңызды емдейтін.

27) Әке, туған күніңмен (әкеге)

Құттықтаймын мен сізді,
Әке туған күніңмен.
Бап жақсыны тілеймін,
Шын жүректен жырыммен.

Асқар тауым әкешім,
Ортамызда болшы аман.
Шын жүректен тілейміз,
Бақытты шақ біз саған.

Жаңа жастың көріңіз,
Қуанышын жан әке.
Сәтті болсын әрбір күн,
Самалымен тербете...

28) Құтты болсын Анашым (анаға)

Құтты болсын жан ана,
Бүгін туған күніңіз.
Әр күн сайын анашым,
Жадыраңыз, күліңіз.

Жүзіңізде нұр ойнап,
Сіз бақытты болыңыз.
Асыл анам, жан анам,
Толған айдай толыңыз.

Қуанышын сыйласын,
Жаңа жасың анашым.
Ғұмырыңыз ұзақ боп,
Аман жүрші анашым.

29) Әке туған күніңмен (әкеге)

Әке туған күніңмен,
Құттықтаймын бүгінгі.
Шын жүректен арнаймын,
Жүректегі жырымды.

Жадырай түс әкешім,
Шуақ шашып таңыңыз.
Өзіңізбен бақытты,
Жан боламыз бәріміз.

Көңіліңіз биік боп,
Қадамыңыз оң болсын.
Асқар тауым Әкешім,
Әрқашанда жол болсын.

30) Құтты болсын анашым (анаға)

Құтты болсын анашым,
Бүгін туған күніңіз.
Ортамызда гүл жайнап,
Аман-есен жүріңіз.

Саулығыңыз мықты боп,
Анашым жүз жасаңыз.
Әрдайым аман болшы деп,
Өзіңе үн қатамыз.

Немерелер қуантып,
Шөбере сүй анашым.
Көңіліңіз пәсеймей,
Шаттана түс анашым!


31) Құтты болсын ағатай (ағаға)

Құтты болсын ағатай,
Туған күнің кеп жеткен.
Күндеріңіз көп болсын,
Шуағымен тербеткен.

Жастан жасқа жетіңіз,
Шаттығыңыз көп болып.
Қуаныңыз ағатай,
Уайымыңыз жоқ болып.

Бар жақсыны тілеймін,
Өзіңізге жан аға.
Саулығыңыз мықты боп,
Жүріңіз сіз жандана.

32) Әпке туған күніңмен (әпкеге)

Құттықтаймын бүгінгі,
Әпке туған күніңмен.
Жастан жасқа жетіңіз,
Күлкі кетпей жүзіңнен.

Қуана түс шаттана,
Гүлді бағың жайқалып.
Бар қуаныш әпкетай,
Жүзіңізден байқалып.

Арайлы таң қуантсын,
Шуағымен тербелеп.
Әр ісіңіз әпкетай,
Сәтті болсын дөңгелеп...


33) Құттықтаймын жан аға (ағаға)

Құттықтаймын жан аға,
Мерекеңмен бүгінгі.
Жеке меншік мерекең,
Қызықты етсін күніңді.

Бақытты бол жан аға,
Гүлді бағың жайқалып.
Қуанышты жүзіңнен,
Шаттығың көп байқалып.

Мықты болып саулығың,
Ұзақ болсын ғұмырың.
Жасай берші жан аға,
Биік болып тұғырың!

34) Құтты болсын әпкетай (әпкеге)

Құтты болсын әпкетай,
Туған күнің кеп жеткен.
Мерекеңіз бүгінгі,
Самал желдей тербеткен.

Қуанышты жүзіңіз,
Жадырасын, жайнасын.
Тамыр жайып гүл бағың,
Бұлбұл құстар сайрасын.

Саулығыңыз мықты боп,
Жастан жасқа жетіңіз.
Қиындықсыз әпкетай,
Асулардан өтіңіз.

35) Құтты болсын бауырым (ініге)

Құтты болсын бауырың,
Бүгін туған күнің бұл.
Ортамызда жарқырап,
Денің сау боп аман жүр.

Қуанышың көп болсын,
Шаттығымен тербейтін.
Бақытты бол бауырым,
Жаманға жол бермейтін.

Абыройың асқақтап,
Биіктей бер, өрлей бер.
Адал жолмен еңбек қып,
Қызмет етіп терлей бер.

36) Құтты болсын сіңілім (сіңіліге)

Құтты болсын сіңілім,
Жаңа жасың бүгінгі.
Бар жақсыны тілеймін,
Ұсынып бұл жырымды.

Қуанышың көп болсын,
Жетелейтін бақытқа.
Жарқырай түс, жайнай түс,
Қуанып әр уақытта.

Күлкі кетпей жүзіңнен,
Бақытты бол сіңілім.
Жаратқаным жар болсын,
Ұзақ болып ғұмырың.

37) Құтты болсын мерекең (ініге)

Құтты болсын мерекең,
Бауырмашыл жан інім.
Қуанышпен тербесін,
Бақыт сыйлап әр күнің.

Жаңа жасың сыйласын,
Бар жақсысын өмірдің.
Қуанып тек шаттана,
Биік болсын көңілің.

Асық болып аспаның,
Бақытты бол бауырым.
Кірбің шалмай көңілді,
Ғұмырлы бол жан інім.

38) Құттықтаймын өзіңді (сіңіліге)

Құттықтаймын өзіңді,
Мерекеңмен кеп жеткен.
Туған күнің сыйласын,
Бар бақытын тербеткен.

Гүл жайнаған сіңілім,.
Жарқырай түс, жайнай түс.
Сырлы, гүлді баүыңда,
Бұлбұл құстай сайрай түс...

Жаңа жастың сезінгін,
Қуанышын сіңілім.
Жастан жасқа жете бер,
Биік болып көңілің...

39) Қарындасым, тілеймін (қарындасқа)

Қарындасым бүгінгі,
Құтты болсын туған күн.
Көңіліңді тербесін,
Әсем әуен ән мен жыр.

Бар жақсыны өзіңе,
Қарындасым тілеймін.
Ортамызда сен аман,
Күліп-ойнап жүр деймін.

Қуана түс шаттана,
Артып әр күн шаттығың.
Тербей берсін өзіңді,
Қарындасым тәтті күн.

40) Бақытты бол әрқашан (қарындасқа)

Құтты болсын мерекең,
Туған күнің жарығым.
Қуана түс, шаттана,
Жар боп саған Тәңірім.

Бақытты бол әрқашан,
Қарындасым, жүрегім.
Шаттана түс, бақ таба,
Орындалып тілегің.

Қарындасым, аппағым,
Көр қызығын өмірдің.
Денің сау боп әрдайым,
Жайнай түссін өмірің!


41) Құтты болсын туған күнің (нағашы)

Құтты болсын туған күнің нағашы,
Бар жақсыны тілеймін өзіңізге.
Саулығыңыз мықты боп жүз жасаңыз,
Күлім қағып, нұр ойнап жүзіңізде.

Жастан жасқа сіз аман жетіңіз тек,
Немерелер ортасында қуанып сіз.
Шөбере сүй нағашы аман болып,
Тілекшің боп үнемі жүрейік біз.

Көңіліңіз шалқысын, ортаймасын,
Атар таңың қуантып, шашып шуақ.
Жаратқаным жар болсын өзіңізге,
Әрқашан нағашы беріп қуат.


42) Құттықтаймын нағашы (нағашы)

Құттықтаймын нағашы,
Бүгін туған күніңмен.
Бақыт, шаттық тілеймін,
Жүректегі жырыммен.

Сәтті болып атар таң,
Шуағына бөлесін.
Көңіліңіз нұрланып,
Сындарға жол бермесін.

Көтеріңкі көңіл-күй,
Берсін сізге жаратқан.
Шуақ шашсын күніңіз,
Көкжиектен таратқан.

43) Құтты болсын жиенім (жиенге)

Құтты болсын жиенім,
Туған күнің бүгінгі.
Шын жүректен өзіңе,
Ұсынамын жырымды.

Күн күлімдеп қарасын,
Шуағымен тербелеп.
Қолың жетсін арманға,
Өзіңе бұл ең керек.

Жиен саған тілеймін,
Бар жақсыны өмірде.
Жадырай бер, жайнай бер,
Уайым болмай көңілге.

44) Құттықтаймын жиенім (жиенге)

Құттықтаймын жиенім,
Бүгін туған күніңмен.
Қуаныштар кетпесін,
Мейірімді жүзіңнен.

Бақ сыйласын жаңа жас,
Қуанышпен үн қатар.
Әрбір күнің сәтті боп,
Шаттығымен жырлатар.

Ашық болып аспаның,
Көтерілсін көңілің.
Жасай берші жиенім,
Гүлдей жайнап өмірің.

45) Бөле туған күніңмен (бөлеге)

Бөле туған күніңмен,
Құттықтаймын бүгінгі.
Қуанышта, шаттықта,
Өткіз әрбір күніңді.

Баянды боп бақытың,
Қуанышың көп болсын.
Жаратқаным жар болып,
Қиындығың жоқ болсын.

Жастан жасқа жете бер,
Бөле күнің сәтті боп.
Шаттығымен тербесін,
Көңіл-күйің жақсы боп.

46) Құтты болсын бөлежан (бөлеге)

Құтты болсын бөлежан,
Туған күнің кеп жеткен.
Қуанышқа бөлесін,
Күнің көп боп тербеткен.

Шаттық сыйлап әр таңың,
Бөле болшы сен аман.
Ұзақ болсын ғұмырың,
Күлім қағып әрқашан.

Жаңа жастың сезінгін,
Қуанышын, шаттығын.
Сәттілікке ұлассын,
Бақыт сыйлап әр күнің.

47) Құтты болсын құдеке (құдаға)

Құтты болсын құдеке,
Жеке меншік мерекең.
Қуанышпен тербесін,
Артып әр күн берекең.

Мықты болып денсаулық,
Құда болшы сен аман.
Жаратқаным сыйласын,
Арманыңды сұраған.

Көтеріліп көңілің,
Жарқырай түс құдам-ау.
Бар жақсыны тілеймін,
Ақ тілекпен құрап-ау.

48) Жарқыраңыз, жайнаңыз (құдаға)

Құтты болсын Құдеке,
Туған күнің кеп жеткен.
Күлім қақсын жүзіңіз,
Шаттығымен тербеткен.

Жарқыраңыз, жайнаңыз,
Әрбір туған күніңде.
Құда сізге тілеймін,
Бақытты бол өмірде.

Жаурамасын жаныңыз,
Сәтті атып таңыңыз.
Саулығыңыз мықты боп,
Жана берсін бағыңыз!

49) Құтты болсын Құдағи (құдағиға)

Гүл жайнаған Құдағи,
Құтты болсын мерекең.
Туған күнде жарқырап,
Арта берсін берекең.

Әр күніңіз қуантып,
Жастан жасқа жетіңіз.
Көктемдейін құлпырып,
Асулардан өтіңіз.

Немерелер қызығын,
Құдағи біз көрейік.
Ортасында гүл жайнап,
Бар жақсыны берейік...

50) Құттықтаймын Құдағи (құдағиға)

Құттықтаймын Құдағи,
Бүгін туған күніңмен.
Ұзақ болсын жасыңыз,
Нұр ойнап гүл жүзіңнен.

Мықты болсын саулығың,
Жаратқаным жар болып.
Аман жүрші Құдағи,
Ортамызда бар болып.

Ашық болсын аспаның,
Гүлдей жайнап өмірің.
Жасай берші Құдағи,
Көтеріліп көңілің!


51) Құтты болсын Құдаша (құдашаға)

Құтты болсын Құдаша туған күнің,
Қуанатын, шаттанар күнің бүгін.
Жаңа жасың сыйласын Құдаша қыз,
Әуелеткен әні мен көңіл гүлін.

Әрбір жылы тойлағын туған күнді,
Жанды тербеп Құдаша ән мен жырың.
Жастан жасқа сен аман жете бергін,
Түсініп сен Құдаша өмір сырын.

Бар жақсыны тілеймін мен өзіңе,
Нұр ойнасын, қуаныш деп жүзіңде.
Жаздай жайнап жыл сайын құлпыра бер,
Барлық шаттық орналып әр күзіңде...

52) Бүгін туған күніңмен (Құдашаға)

Құттықтаймын Құдаша,
Бүгін туған күніңмен.
Жар болсыншы Жаратқан,
Күлкі кетпей жүзіңнен.

Қыстай мықты денсаулық,
Тілеймін мен Құдаша.
Көктемдейін құлпырып,
Жүр деймін мен Құдаша.

Ашық болып аспаның,
Жүзіңде нұр ойнасын.
Гүлді бағың үн қатып,
Бұлбұл құсың сайрасын!

53) Құттықтаймын мен сізді (Құда бала)

Құттықтаймын мен сізді
Туған күнмен бүгінгі.
Құда бала тілеймін,
Жақсы өткіз деп күніңді.

Бақытты бол әрдайым,
Орындалып арманың.
Шаттана түс, қуана,
Аман болып мал жаның.

Әр жаңа жас сыйласын,
Қуанышын, бақытын.
Әр күн сайын, әр сағат,
Қызықты өтсін уақытың.

54) Қуанышың көп болсын! (Құда бала)

Қуанышың көп болсын,
Құда бала қуан тек.
Бүгін туған күніңде,
Жүрші жайнап күлімдеп.

Бар жақсыны тілеймін,
Құда бала өзіңе.
Жастан жасқа жете бер,
Шаттық ойнап жүзіңде.

Мықты болып саулығың,
Ортамызда жүр аман.
Құда бала тілегің,
Орындалсын сұраған!

55) Құттықтаймын сізді бұл (апаға)

Құттықтаймын сізді бұл,
Апа туған күніңмен.
Бар жақсыны тілеймін,
Нұр таймасын жүзіңнен.

Қыстай мықты денсаулық,
Апа сізге тілеймін.
Көктемдейін құлпырып,
Амандықта жүр деймін.

Жаздай жайма күндерің,
Қуандырсын апа бұл.
Жаныңызды тербесін,
Әуелеткен ән мен жыр.

56) Шаттаныңыз қуанып (апаға)

Шаттаныңыз қуанып,
Апа туған күніңде.
Бақытты адам болыңыз,
Бақыт ойнап жүзіңде.

Жастан жасқа жетіңіз,
Аман болып апа сіз.
Шаттанайық апатай,
Өзіңізбен бірге біз.

Немерелер қуантып,
Шөбере де сүйіңіз.
Бөленіңіз бақытқа,
Балбұл жанып күйіңіз.


57) Көке туған күніңмен (көкеге)

Көке туған күніңмен,
Құттықтаймын бүгін мен.
Тербей берші әлемді,
Таң қалдырар үніңмен.

Сізге көке тілеймін,
Таусылмайтын бақытты.
Қупнышта, шаттықта,
Қызықты өткіз уақытты.

Көке күйбең тірлікте,
Шаршамаңыз, талмаңыз.
Ақыл айтып біздерге,
Қуанышты жалғаңыз.


58) Қиындықтар болмасын! (көкеге)

Құтты болсын туған күн,
Көке бүгін кеп жеткен.
Қуаныштар көп болсын,
Әрбір күнді гүлді еткен.

Қиындықтар болмасын,
Өміріңіз жанданып.
Саулығыңыз мықты боп,
Жүрші көке ән салып.

Сізді жақсы көреміз,
Көке әркез жүрші аман.
Биікке өрле көкешім,
Тәнті болып бар ғалам.

59) Құрбым туған күніңмен (құрбыға)

Құрбым туған күніңмен,
Құттықтаймын өзіңді.
Қуана түс, шаттана,
Шаттық тербеп жүзіңді.

Жастан жасқа жете бер,
Аман болып құрбыжан.
Бақытты бол күлімдеп,
Әр күн сайын құрбыжан.

Гүл көктемдей құлпырып,
Жаздай жайнап жарқыра.
Мықты болып саулығың,
Ағын судай арқыра...

60) Құттықтаймын жан құрбым (құрбыма)

Бүгін туған күніңмен,
Құттықтаймын жан құрбым.
Бақытты бол, қуанғын,
Деп тілейді жан құрбың.

Абыройың асқақтап,
Орындалсын арманың.
Бағындырғын заңғарды,
Биік болып талғамың.

Жаңа жасың сыйласын,
Сәттілікті жан құрбым.
Жаратқаным жіберсін,
Жақсылығын жан құрбым.


61) Құтты болсын жан досым (досқа)

Құтты болсын жан досым,
Туған күнің кеп жеткен.
Қуанышың көп болсын,
Көңіліңді тербеткен.

Ашық болсын аспаның,
Шаттық сыйлап әр күнің.
Асыл досым жасай бер,
Көңіліңде жоқ мұңың.

Жастан жасқа жете бер,
Орындалып арманың.
Ұзақ болсын ғұмырың,
Шуақты атып таңдарың!

62) Құттықтаймын бүгінгі (досқа)

Құттықтаймын бүгінгі,
Досым туған күніңмен.
Жадырасын, жайнасын,
Күлкі кетпей жүзіңнен.

Күлімдей түс жан досым,
Денсаулығың мықты боп.
Қуана түс, шаттана,
Әрбір күнің күшті боп.

Қиындығың болмасын,
Жаратқаным жар болып.
Досым әркез аман бол,
Сәтті атар таң болып...

63) Ұлым туған күніңмен (ұлыма)

Құттықтаймын мен сені,
Ұлым туған күніңмен.
Бар жақсыны тілеймін,
Аппақ тілек, жырыммен.

Қуанышың көп болып,
Бақытты бол құлыным.
Жаратқаным жар болсын,
Ұзақ болып ғұмырың.

Жаңа жасың сыйласын,
Ынтымағын, бағын тек.
Ортамызда сен аман,
Жүрші ұлым күлімдеп.

64) Құтты болсын жан балам (ұлыма)

Құтты болсын жан балам,
Туған күнің бүгінгі.
Айналаңды сырлы етіп,
Өткіз әрбір күніңді.

Бақыт күлсін өзіңе,
Қуанышын сыйлап тек.
Қандай жағдай болмасын,
Жүрші ұлым күлімдеп.

Болсаң ұлым бақытты,
Қуанамын шаттана.
Балам менің құлыным,
Бақытты бол тек қана.

65) Құтты болсын туған күн (қызыма)

Құтты болсын туған күн гүлім менің,
Қуаныштан шаттана күлімдегін.
Жеке меншік мерекең сыйласын тек,
Бақ-береке таусылмас күнім менің.

Арайлы таң қуантсын шырайымен,
Жарқырасын аспанда күн, айың ең.
Жастан жасқа сен аман жете берші,
Гүлім менің айнымас шырайыңмен.

Ғұмырлы бол, денсаулық мықты болып.
Көңіл күйің жан қызым күшті болып.
Тілекшіңмін өзіңе қашанда мен,
Отыратын өзіңді әркез шолып...

66) Қызым менің гүл бағым (қызыма)

Қызым менің гүл бағым,
Құтты болсын мерекең.
Туған күнде қуанып,
Арта берсін берекең.

Қуанышың көп болсын,
Жақсылыққа бастайтын.
Мықты болғын жан қызым,
Қиындықтан сатпайтын.

Жарқырай түс, жайнай түс,
Гүлдей жайнап өмірің,
Жастан жасқа жете бер,
Ұзақ болып ғұмырың.

67) Құтты болсын туған күнің (күйеу балаға)

Құтты болсын туған күнің,
Күйеу бала бүгінгі.
Қуанышта, күлмдей,
Өткіз әрбір күніңді.

Күйеу бала жасай бер,
Әр күндерің бақ сыйлап.
Жаратқаным жар болсын,
Саған алтын тақ сыйлап.

Бақытты бол қызыммен,
Қол ұстасып мәңгілік.
Ата берсін әрдайым,
Өздеріңе таң күліп...


68) Құтты болсын жеке меншік мерекең (күйеу балаға)

Құтты болсын жеке меншік мерекең,
Күйеу бала жаңа жасың қуантып.
Жастан жасқа аман есен жете бер,
Жақсылыққа күйеу бала құмартып.

Мықты болсын денсаулығың лайым,
Жаратқаным бір өзіңе жар болып.
Бақытты бол қызымменен әрқашан,
Барлық адам өзідеріңе таң болып.

Биіктерге бірге қанат қағыңдар,
Күйеу бала қол ұстасып қызыммен.
Жаңа жасың бақытқа жетелесін,
Қуанышың тарқамай бұл жүзіңнен!

69) Айдай аппақ келінім (келінге)

Құтты болсын туған күн,
Айдай аппақ келінім.
Жадырай түс, жайнай түс,
Көтеріліп көңілің.

Ұзақ болсын ғұмырың,
Денсаулығың мықты боп.
Қуанта түс келінжан,
Әр жыл сайын жүкті боп.

Саған бақыт тілеймін,
Бақытты бол баламмен.
Сендер үшін қашанда,
Әсем әнге салам мен.

70) Құтты болсын келінім (келінге)

Құтты болсын келінім,
Туған күнің кеп жеткен.
Бақытты бол ұлыммен,
Күнің көп боп нұрлы еткен.

Бар жақсыны тілеймін,
Мен өзіңе келінім.
Қуанышта, шаттықта,
Гүл жайнасын өмірің.

Жастан жасқа жете бер,
Жанды тербеп шаттығың.
Сыйластықта әрдайым,
Шыға берсін тәтті үнің!


71) Құтты болсын туған күн (абысынға)

Құтты болсын бүгінгі,
Абысын туған күніңіз.
Шаттығымен тербесін,
Әрбір туған күніңіз.

Саулығыңыз мықты боп,
Абысын аман болыңыз.
Әр күніңіз сәтті боп,
Ашық болсын жолыңыз.

Аман болып отбасы,
Жайнасын гүл бағыңыз.
Шуақты боп күн сайын,
Ата берсін таңыңыз.

72) Құттықтаймын мен сізді (абысынға)

Құттықтаймын мен сізді,
Жеңше туған күніңмен.
Абысыным өзіңіз,
Нұр ойнаған жүзінен.

Шаттығыңыз көп болсын,
Қуанышқа бастайтын.
Үмітіңіз көп болсын,
Бар жақсыны жақтайтын.

Саулығыңыз мықты боп,
Жеңше аман жүріңіз.
Жадырасын, жайнасын,
Күлкі кетпей жүзіңіз.

73) Шын жүректен мен сізді (бажа)

Құттықтаймын бүгінгі,
Туған күнмен мен сізді.
Бажа аман болыңыз,
Жалғап бажа игі ізді.

Бар жақсыны тілеймін,
Шын жүректен мен бүгін.
Жаратқаным жар болсын,
Сәтті өтіп әр күнің.

Шаттығыңыз көп болып,
Бажа аман жүріңіз.
Көңіліңді ән тербеп,
Таусылмасын жырыңыз.

74) Бажа туған күніңмен (бажаға)

Құттықтаймын мен сізді,
Бажа туған күніңмен.
Әр күніңіз сәтті өтсін,
Күлкі кетпей жүзіңнен.

Қупнышың көп болсын,
Бажа саған тілеймін.
Күліп-ойнап қашанда,
Аман-есен жүр деймін.

Артық бірлік, сыйластық,
Жақсы күндер жалғасын.
Жар боп сізге Аллахым,
Жаратқаным қолдасын!

75) Құттықтаймын қайным-ау (қайын ініге)

Құттықтаймын қайным-ау,
Туған күнмен бүгінгі.
Бар жақсыны тілеймін,
Сәтті өткіз деп күніңді.

Жаны жайсаң қайнымсың,
Қанаттарың талмасын.
Еркебала деп кеткен,
Жеңгең тәтті арнасын.

Ашық болып аспаның,
Еркебала мықты бол.
Сынбай өмір сынына,
Еркебала күшті бол!

76) Жарқырай түс қайныжан (қайын ініге)

Құтты болсын қайныжан,
Туған күнің кеп жеткен.
Көп болсыншы күндерің,
Қуанышты, нұрлы еткен.

Шаттық сыйлап әр таңың,
Жарқырай түс қайныжан.
Күндерің бұл жоқ болсын,
Алаңдаған, қайғырған.

Бақытты бол әрқашан,
Әрбір жасың қуантып.
Жастан жасқа жете бер,
Әндетіп сен жырлатып....

77) Құтты болсын қайын аға (қайын ағаға)

Құтты болсын қайын аға,
Бүгінгі туған күніңіз.
Тербей берсін қуаныш,
Сәтті өтіп әрбір күніңіз.

Саулығыңыз мықты боп,
Жастан жасқа жетіңіз.
Асулардан қайын аға,
Қиындықсыз өтіңіз.

Шуақ шашып күн сайын,
Ата берсін таңыңыз.
Отбасыңыз аман боп,
Жайнай берсін жаныңыз.

78) Бар жақсыны тілеймін (қайын ағаға)

Құттықтаймын қайын аға,
Бүгін туған күніңмен.
Бар жақсыны тілеймін,
Жүректегі жырыммен.

Аспаныңыз ашық боп,
Шаттығыңыз көбейсін.
Әрбір күні тербейтін,
Бақытыңыз кеңейсін.

Жүзіңізде нұр ойнап,
Жастан жасқа жетіңіз.
Ғұмырыңыз ұзақ боп,
Асулардан өтіңіз.

79) Құты болсын қайын әпке (қайын әпкеге)

Құтты болсын қайын әпке,
Жеке меншік мерекең.
Саулығыңыз мықты боп,
Арта берсін берекең.

Әпке сізге тілеймін,
Бар жақсыны өмірде.
Қуаныңыз шаттана,
Қаяу болмай көңілде.

Арманыңыз жол ашып,
Жетіңіз сіз мақсатқа.
Қайын әпкем алтыным,
Лайықтысыз жақсы атқа...

80) Қайын әпке тілеймін (қайын әпкеге)

Қайын әпке тілеймін,
Бүгін туған күніңде.
Өміріңіз гүл жайнап,
Нұр ойнасын көңілде.

Саулығыңыз мықты боп,
Гүл көктемдей жайнаңыз.
Орындалып бар арман,
Жас балаша ойнаңыз.

Аман болып отбасы,
Қуантсын әрбір жасыңыз.
Еңбегіңіз жанып бұл,
Асулардан асыңыз...

81) Қайын сіңілім жарқыным (қайын сіңіліге)

Құтты болсын туған күн,
Қайын сіңілім жарқыным.
Жаңа жасың бақ сыйлап,
Шуақ шашсын әр күнің.

Бақытты бол ботагөз,
Балдай жанып көздерің.
Сақтай көрсін Жаратқан,
Сөздерінен өзгенің..

Әр қадамың құт болып,
Жарқырай түс сіңліжан.
Шаттығымен тербесін,
Жаңа жасың, күнің әр.

82) Қуаныштар көп болып (қайын сіңіліге)

Құтты болсын туған күн,
Қуаныштар көп болып.
Жүрші аман гүл жайнап,
Уайым-қайғың жоқ болып.

Жаңа жасың қуантсын,
Қайын сіңілім алтыным.
Бақытты бол әрқашан,
Шаттық сыйлап әр күнің.

Жастан жасқа жете бер,
Гүлдей жайнап өмірің.
Мықты болсын денсаулық,
Көтеріліп көңілің...

83) Құтты болсын балдызжан (балдызға)

Құтты болсын балдызжан,
Туған күнің кеп жеткен.
Гүл көктемдей құлпырар,
Күн көп болсын гүлді еткен.

Гүлдей жайна балдызжан,
Орындалып арманың.
Бақ сыйласын жаңа жас,
Биік болып талғамың.

Бар жақсылық орналсын,
Балдыз туған күніңде.
Бақытты бол шаттықты,
Нұр төгіліп жүзіңде...

84) Құттықтаймын өзіңді (балдызға)

Құттықтаймын өзіңді,
Балдыз туған күніңмен
Жаңа жасың қуантсын,
Шаттық шығып үніңнен.

Қуанышың көп болсын,
Ашық болып аспаның.
Бақытты бол балдызжан,
Қасыңда боп достарың.

Жездең саған тілейді,
Бұл өмірдің жақсысын.
Өмір саған сыйласын,
Күннің балдай тәттісін.

85) Жеңге туған күніңмен (жеңгеге)

Жеңге туған күніңмен,
Құттықтаймын мен сені.
Шаттықты етіп әрқашан,
Қуандырсын ел сені.

Бақытты бол ағаммен,
Жүзің жайнап ақ жеңгем.
Қуанырсын әр жасың,
Бақытымен тербеген.

Түспесінші көңілің,
Гүлдей жайнап өмірің.
Жастан жасқа жете бер,
Биік болып сенімің.

86) Құтты болсын ақ жеңгем (жеңгеге)

Құтты болсын ақ жеңгем,
Туған күнің бүгінгі.
Жаратқаным жар болсын,
Шаттықты етіп жүзіңді.

Ағамменен гүл жайнап,
Бақытты бол жеңеше.
Аман болсын отбасың,
Шаттық сыйлап жеңеше.

Ұзақ болсын ғұмырың,
Жаратқаным жар болып.
Ортамызда жеңеше,
Жүрші жайнап, бар болып..

87) Құтты болсын жездеке (жездеге)

Құтты болсын жездеке,
Туған күнің кеп жеткен.
Күндеріңіз көп болсын,
Қуанышты, нұрлы еткен.

Жүз жасағын әпкеммен,
Бақыт сыйлап әр күнің.
Әр күн сайын жездеке,
Арта берсін шаттығың.

Жұмысыңа тілеймін,
Сәттілікті тек қана.
Денің сау боп, аман бол,
Әрбір күннен бақ таба...

88) Құттықтаймын өзіңді (жездеге)

Құттықтаймын өзіңді,
Бүгін туған күніңмен.
Жасай берші жездеке,
Бақытты боп әпкеммен.

Аман болсын отбасың,
Шуақты боп күндерің.
Берік болсын шаңырақ,
Жарқын болып жүздерің.

Жастан жасқа жете бер,
Жезде күліп әр таңың.
Ұзақ болсын ғұмырың,
Күлім қағып бақта күн.

89) Жүз жасаңыз апа сіз (енеге)

Құтты болсын апатай,
Бүгін туған күніңіз.
Қуанышта, шаттықта,
Жарқын болсын жүзіңіз.

Екінші анам өзіңіз,
Бар жақсыны тілеймін.
Жүз жасаңыз апа сіз,
Тамыр жайған гүлдейін.

Апа аман болыңыз,
Шаттық сыйлап таңыңыз.
Әр жыл сайын бұл күнді,
Тойлайықшы бәріміз...

90) Құттықтаймын мама сізді бүгінгі (енеге)

Құтты болсын мама бүгін туған күн,
Жеке меншік мерекеңіз кеп жеткен.
Бар жақсыны өзіңізге тілеймін,
Ән жырыңыз көп болсын деп тербеткен.

Саулығыңыз мықты болып, жайнаңыз,
Арайлы таң бөлеп сізді нұрына.
Жүз жасаңыз шаттана сіз әрдайым,
Бар жақсысын сыйлап сізге күн мына.

Мама дейміз, өзіңізге үн қатып,
Туған күнді сізбен бірге жырлатып.
Немерелер қызығына тоймай сіз,
Шөбере көр, жанды тербеп бұл бақыт...


91) Қайыната тілеймін (қайын атаға)

Бүгін туған күніңіз,
Құтты болсын қайын ата.
Жаратқаным жар болсын,
Күніңізді жайната...

Саулығыңыз мықты боп,
Қайыната көп жасаңыз.
Қабыл болсын лайым,
Берер бізге батаңыз.

Қуандырсын атар таң,
Шаттық сыйлап тек қана.
Жүріңізші аман боп,
Әрбір күннен бақ таба.

92) Қуандырсын жаңа жас (қайын атаға)

Құтты болсын қайыната,
Бүгін туған күніңіз.
Саулығыңыз мықты боп,
Жадыраңыз, күліңіз.

Жаңа жастың көріңіз,
Қуанышын сіз ата.
Қасыңызда әрдайым,
Біз жүрейік жырлата...

Немерені көрдіңіз,
Шөбере де көріңіз.
Қайынатам аман боп,
Сау боп жасай беріңіз...

93) Құтты болсын ұстазым (ұстазға)

Құтты болсын ұстазым,
Бүгін туған күніңіз.
Қуанышта, шаттықта,
Жайнай берсін жүзіңіз.

Отбасыңыз аман боп,
Гүлдей жайна ұстазым.
Сізбен өтер әрдайым,
Ұстазым бұл қыс-жазым.

Еңбегіңіз ақталып,
Көріңіз тек жемісін.
Арта берсін абырой,
Беріп сізге жеңісін.

94) Ұстаз аман болыңыз (ұстазға)

Құтты болсын ұстазым,
Бүгін туған күніңіз.
Гүлдей жайнап, жадырап,
Қуансын тек жүзіңіз.

Ұстаз аман болыңыз,
Жаныңыз бұл жадырап.
Көңіліңіз жанданып,
Жүріңіз тек ән тыңдап.

Саулығыңыз мықты боп,
Ұстаз аман болыңыз.
Еңбегіңіз жанданып,
Толған айдай толыңыз.

95) Құтты болсын апайым (апайға)

Құтты болсын апайым,
Туған күнің кеп жеткен.
Күндеріңіз көп болсын,
Қуанышты, нұрлы еткен.

Жайнай түссін жүзіңіз,
Апай аман болып сіз.
Қуаныңыз шаттана,
Күндер болмай көңілсіз.

Саулығыңыз мықты боп,
Еңбегіңіз жандансын.
Білімді ұрпақ көп болып,
Барлық адам таңдансын!

96) Апай туған күніңмен! (апайға)

Гүл жайнаған апайым,
Құтты болсын мерекең.
Туған күнде шаттана,
Арта берсін берекең

Саулығыңыз мықты боп,
Жүз жасаңыз апайым.
Шәкірттерің қуантсын,
Шаттық сыйлап әрдайым.

Жастан жасқа жетіңіз,
Арайлы таң қуантып.
Жасай берші апайым,
Гүлдей жайнап, үн қатып...

97) Ағай туған күніңмен (ағайға)

Ағай туған күніңмен,
Құттықтаймын мен сізді.
Бар жақсыны тілеймін,
Шын жүректен мен ізгі.

Әр туған күн сыйласын,
Қуанышын, шаттығын.
Ағай болсын әр жолы,
Ұмытылмас тәтті күн.

Саулығыңыз мықты боп,
Аға жүзге толыңыз.
Тек жақсысын сыйласын,
Оңыңыз бен солыңыз.

98) Құтты болсын ағайым (ағайға)

Бүгін туған күніңіз,
Құтты болсын ағайым.
Қуанышта жүріңіз,
Бақытты боп әрдайым.

Қуандырсын жаңа жас,
Шаттығымен тербедеп.
Саулығыңыз мықты блп,
Жүріңіз сіз еркелеп.

Қуандырсын шәкірттер,
Беріп сізге жемісін.
Ардақты жан, ағайым,
Көптеп болсын жеңісің!

99) Құтты болсын дәрігер (дәрігерге)

Құтты болсын дәрігер,
Бүгін туған күніңіз.
Қуанышпен тербесін,
Сәтті өтіп күніңіз.

Саулығыңыз мықты боп,
Жастан жасқа жетіңіз.
Қуанышта, шаттықта,
Қиындықтан өтіңіз.

Әр күніңіз шаттықты,
Шуағымен бөлесін.
Аман болшы дәрігер,
Биік болып көрер шың!

100) Құттықтаймын дәрігер (дәрігерге)

Құттықтаймын дәрігер,
Бүгін туған күніңмен.
Бар қуаныш сезілсін,
Мейірімді жүзіңнен...

Қуандырып жаңа жас,
Шаттығымен тербесін.
Сәтті болып әрбір күн,
Көңіліңе дем берсін.

Сәтті болып жұмысың,
Риза болсын еліміз.
Жүз жасаңыз дәрігер,
Жайнап айдын-көліңіз.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу