Жасуша мембранасының құрылымы, қасиеттері мен қызметтері. Биология, 10 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Жасушалық биология

Мектеп: Алматы қаласы ФМБ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Шаметов А.К.

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жасуша мембранасына әртүрлі факторлардың әсері

зертханалық жұмыс

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Жасуша мембранасына әртүрлі факторлардың әсерін зерттеу

Сабақ мақсаттары

Жасуша мембранасына әртүрлі факторлардың әсерін зерттеу: айнымалыларды анықтау, зерттеуді жүргізу, нәтижелерді жинақтау, талдау, қорытындылау

Жетістік критерийлері

Барлық оқушылар: жасуша мембранасына әсер ететін факторларды біледі, нұсқаулық бойынша зерттеу жұмысын жүргізе алады

Көпшілік оқушылар: жасуша мембранасына әсер ететін факторларды біледі, нұсқаулық бойынша зерттеу жұмысын жүргізе алады, айнымалыларды анықтайды, болжам жасайды

Кейбір оқушылар: жасуша мембранасына әсер ететін факторларды біледі, нұсқаулық бойынша зерттеу жұмысын жүргізе алады, айнымалыларды анықтайды, болжам жасайды, жинақталған мәліметтерге талдау жүргізеді, қорытындылайды, жақсарту шараларын ұсына алады

Тілдік мақсаттар

 

Пәнге тән лексика мен терминология:

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Жасушалар /

Жарғақшалар...

тұрады/жасалған...

енгізілген

Физикалық бөлек

Рөлін атқарады

Х сияқты кейбір заттар жасушалы жарғақша арқылы Y-ке жылжу мүмкін…

Жасушалы жарғақшалар неден жасалған?

Жасушалық жарғақшалар қандай қызметтер атқарады?

Неге Жасушалы жарғақшалардың екі сызығы бар?.

Құндылықтарды дарыту

 

 

Әлемдік білім беру кеңістігінде бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік беретін, терең академиялық білім беру; өзбетімен және топта тиімді жасай білу; физикалық, психологиялық және рухани тұрғыда даму; негізгі терминдік сөздерді үш тілде айта алу және түсіну

Пәнаралық байланыстар

Физика – жасуша мембранасы арқылы заттардың диффузия арқылы өтуі;

Химия – органикалық молекулалар туралы химия пәніндегі білімдері

АКТ қолдану дағдылары

Оқушылардың білімдерін бағалау;

Оқу мен оқытуды жүзеге асыру

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-1 минут

2-7 минут

Оқушылармен сәлемдесу.

Оқу мақсаты және жетістік критерийлерімен таныстыру (1-2 слайдтар)

Оқушылардың тілдік құзреттілігін тексеру үшін және ағылшын тілінде терминдерді ары қарай қолдануға ықпал ету мақсатында «Биологиялық дикдант» алуға болады. Оқушыларға 5-6 минут уақыт беру керек. Қабілеті төмен оқушыларға тірек сөздерді ұсынуға болады.

Сабақтың ортасы

8 - 10 минут

11-30 минут

31-40 минут

(G) (f) Тәуекелдерді бағалау: Оқушылармен бірге қауіп-қатер көзі анықталып, барынша азайту шаралары талқыланады.. Оқушылар нұсқау парағындағы «Тәуекелдерді (қауіптілікті) бағалау» кестесін толтырады:

Қауіп-қатер көзі

Қауіп-қатер деңгейі

Қауіп-қатер ді барынша азайту шаралары

Электрлік плитка

жоғары

Сулымен қолмен ток көзінен суырмау. Жұмыс аяқталған соң ток көзінен суыру

Шыны ыдыстар

Орташа

Сынауықтарды штативке орналастыру

Этил спирті

Орташа

Қолғап, көзілдірік, ақ халат кию

Пышақ

Жоғары

Үшкір жағын өзгеге бағыттамау

Талқылаудан соң барлық оқушылар мен мұғалім техника қауіпсіздік журналына қол қояды.

(I) (f) Гипотезаны анықтау арқылы оқушылардың теориялық білімдері тексеріледі.

Қызылшаның жасуша мембранасына факторлар (жоғары температура, этанол) әсер еткенде, беталаин пигменті босап шығып, сынауықтағы ерітіндінің түсі қанық қызыл түске боялады (жасуша мембранасы бұзылады)

G (f) Оқушылар жұппен айнымалыларды анықтап, кестені толтырады.

Айнымалылар – тәжірибенің соңғы нәтижесіне әсер ететін барлық фактор

Тәуелсіз айнымалы – әсер ету ерекшелігі (механизмі) зерттелетін, тәжірибе жасаушы өзгертетін фактор: температура

Тәуелді айнымалы – тәуелсіз айнымалының әсерін көрсетітін, тәжірибенің гипотезасын растауда қолданатын оң нәтиже алуға ықпал жасайтын фактор: қызылша бөліктері салынған сынауықтағы ерітіндінің (су) түсі

Бақыланатын айнымалы – барлық тәуелсіз айнымалының нұсқасында сақталуы шарт факторлар. Тәжірибедегі қателіктерді азайтады: температураның барлық шамасында (400С, 800С) сынауықтардағы қызылшаның көлемі мен саны бірдей болуы керек, барлық сынауықтарға бірдей көлемде су құйылуы керек, барлығы бірдей уақытта су моншада ұсталуы тиіс. Аталған айнымалының біреуінің өзгеруі нәтиженің дұрыс шықпауына алып келеді. Бұл оқушылардың зерттеушілік дағдыларының, жауапкершілікті сезінулерінің дамуына оң ықпал етеді.

E / G (f) Нұсқаулық бойынша жұмысты орындайды.

W (f) Сыныптың нәтижелері өзара салыстырылады. Нәтижелер мен пікірлер талданады.

Жоғары темперутамен әсер еткендегі сынауықтағы ерітінді тұсы қанық болып боялу себебін түсіндіріңіз?

(I) (f) Саралау: жекелеген (қабілеті жоғары) оқушыларға баяндама жасауды ұсыныңыз. Қабілеті төмен оқушылар қорытынды жасап үлгерсе жеткілікті.

(W) Зерттеудің екінші бөлімін түсіндіріңіз – қызылшаның жасуша мембранасына спирттің әсерін зерттеу.

(W) (f) Сыныптың нәтижелері өзара салыстырылады. Нәтижелер мен қорытындылар талқылаңады.

Неліктен этанолдың әсерінен жасуша мембранасының құрылымы өзгереді?

Сабақтың соңы

41-45 минут

Рефлексия: уақытты үнемдеу үшін «Бағдаршам» әдісін қолданыңыз

Үй жұмысы:

(I) (f) Саралау: бірнеше оқушыға алдыңғы есепті қайталамайтын қысқаша есеп жасауды ұсыныңыз.

Барлық оқушылар: «Жасуша мембранасының биологиялық қызметтері» тақырыбына эссе жазуды ұсыныңыз

Эссе критерийлері:

150 сөзден кем емес

Құрылымдары сақталған

Ғылыми (ақкадемиялық) терминдер қолданылған

Қатесіз жазылған

Бір немесе екі мысалдар келтірілген

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Қабілеті төмен оқушыларға мүмкіндігінше жеке түсіндіру

Тірек сөздер ұсыну

Қабілеті жоғары оқушыларға жеке тапсырма беру

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Қосымша 1.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу