Илья Ильин Рио Олимпиадасынан алтын медаль әкелетінін айтып, уәде берді

Илья Ильин Рио Олимпиадасынан алтын медаль әкелетінін айтып, уәде берді

2016 жыл әлем спортшылары үшін айрықша дата. Себебі, биыл Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында жазғы Олимпиада ойындары өтеді. Аталған сында Қазақстан намысын қорғайтын ауыр атлет Илья Ильин Олимпиада ойындарынан алтын әкелуге уәде берді деп хабарлайды Астана арнасы.

Естеріңізде болса, 2015 жылдың желтоқсанында Грозныйда өткен ауыр атлетикадан Ресей президентінің кубогі додасында Ильин әлемдік рекордты жаңартып, жеңімпаз атанған болатын. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша рекорд орнатып, 437 келіні көтерді.

«Менің жаттығуларымның нәтижесі жарыста көрінеді. Менің 437 келіні еңсергенім шын мәнінде еңбектенім жатқанымның дәлелі. Осыдан соң, Олимпиададан алтын әкелемін деп айта аламын», – дейді Ильин.

Бұдан бөлек, Лондон Олимпиадасының чемпионы Ольга Рыпакова да Риода өзінің төрт жыл бұрынғы жетістігін қайталауға ниетті екенін айтты.

«Қазір бар уақытым Олимпиадаға дайындалумен өтіп жатыр. Әрине, алтын басты мақсатым. Алайда, алдын ала болжам жасамағанымыз дұрыс болар», – дейді Рыпакова.

Еске сала кетейік, Лондон Олимпиадасынан соң екінші сәбиін дүниеге әкелген Ольга Рыпакова өткен жылғы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?