ДНҚ молекуласының құрылысы.ДНК құрылымы(бірінші және екінші реттік құрылым). ДНҚ молекуласының қызметі. Биология, 10 сынып, дидактикалық материал.
www.twig-bilim.kz
Дезоксирибонуклеин қышқылдары = ДНҚ
ДНҚ – адамның және жалпы барлық тірі организмдердің генетикалық ақпаратының нұсқаулығы
Табиғаттың рецепт кітабы
ДНҚ жаңа жасушаларды құруға қажетті мәліметтерді сақтайды
ДНҚ хромосомалар деп аталатын ұзын бұралған құрылымдарға орналастырылған
ДНҚ негіз жұптары арқылы біріккен нуклеотидтер деп аталатын молекулалардан түзіледі
Ұзын жіпшелер қос спираль түзу үшін байланысады
Тек бір жасушаның ДНҚ жіпшелерін тізіп шықса, ұзындығы 2 метрге дейін жетеді
Ал адам денесіндегі барлық жасушаларыдың днқ жіпшелерін созса, ұзындығы айға 3000 рет барып қайтуға жетеді
Бұл өмірдің жобасы
ДНҚ біздің: бойымызды, салмағымызды, теріміз бен көзіміздің түсін
тіпті тілімізді шығару қабілетін анықтайды!
1950 жылдардың басында ДНҚ құрылымының құпиясын ашуға деген ұмтылыс төңірегінде әріптестік емес, бәсекелестік рухтағы жарыс күшейді.
Бұл жарыста екі топ бәсекеге түсті: Физик Френсис Крик және Кембридж университетінің генетигі Джеймс Уотсон. Және бұрынғы ядролық физика маманы Морис Уилкинс пен Лондондағы Корольдік колледждің биофизигі Розалинд Франклин.
Фрэнсис Крик, Джеймс Уотсон, Морис Уилкинс, Розалинд Франклин
Олардың қарым-қатынастары әртүрлі еді.
Льюис Вольперт, Биолог – "Уотсон мен Крик ДНҚ-ға қатты берілгендіктен, бірлесіп жұмыс істеді. Ал Франклин болса, мұның тек шешімін табу керек деген оймен іске араласты".
Уилкинс пен Франклин ДНҚ молекуласының өте кішкентай екенін біліп, оның пішінін көріп, анықтау үшін рентген сәулелерін қолданды.
Жоспар бойынша, Франклин ДНҚ-ның жеке жіпшелерін мұқият суретке түсіріп, Уилкинс осы суреттерді пайдалана отырып, молекуланың құрылымын тізіп шығулары керек еді.
Алайда Франклин ДНҚ құпиясын бір өзі ғана шешуі тиіс деген пікірде болды.
Сондықтан қандай да бір ынтымақтастық құру мүмкін емес еді.
Морис Уилкинс – "Егер сіздер ДНҚ құрылымын нәсіл сапасы үшін ашу қажет деп есептесеңіздер, біздің бұл жарыста ерте жеңілгеніміз айдан анық, өйткені біз бірге жұмыс істеуіміз мүмкін емес деп есептейміз".
Франклин зерттеуін жалғыз жалғастырды. Ол ДНҚ-ның ондаған суретін жасап, солардың арасында "51-ші" ДНҚ молекуласының ортасындағы X-ты анықтаған, шиыршықты құрылымды көрсететін суретті де шығарады.
Франклин бас қатырған жайттың құпиясын шешуге жақын қалғанын өзі де сезбеді.
Тура сол кезде Кембридж университетінде бәсекелес топтағы Крик пен Уотсон ДНҚ үлгілері крест немесе спираль түрінде құрылу мүмкіндігін болжап, сұрақтың жауабын табуға жақындаған еді.
Льюис Вольперт, Биолог – "Бұл топ маңызы бар үлгілер жасауға тырысты, олар ДНҚ құрылымын білгенде, генетикалық материал қалай жұмыс істейтінін көруге мүмкіндік туатынын жақсы түсінді".
Джеймс Уотсон – "Біз бұл тұста ешқандай да бір ережеге бағынбадық, біз дәлелдер келтіруге онша көп бас қатырмадық және химиялық ережелерге сүйенетін құрылымдар жасауға ұмтылдық".
Алайда бұл құпия тек болжамдармен шешілмейтін еді және нақты мәлімет болмағандықтан, олардың жоспары күйрей бастады.
Бірақ кейінірек, Лондонға сапары кезінде Уилкинс Корольдік колледж ғалымдары жүргізген бірнеше зерттеуді Уотсонға көрсетті, оның ішінде Франклиннің "51-ші суреті" де бар еді.
Джеймс Уотсон – “Бұл керемет шиыршық болатын!Ол крест тәріздес сурет болды, ал мұның шиыршық екені белгілі еді. Мен: "Морис, сіз үлгілер жасауыңыз керек!" - дедім".
Бірақ Мористің Франклинмен арадағы әріптестігі бұзылғандықтан, бұл құпияның шешімін табу Крик пен Уотсонға бұйырды.
1953 жылдың 23 ақпанында Крик пен Уотсон біздің генімізді құрастыратын негіз – қос шиыршықты баршаға жария етті.
Тоғыз жыл өткен соң, 1962 жылы Фрэнсис Крик пен Джеймс Уотсон Морис Уилкинспен физиология немесе медицина саласы бойынша Нобель сыйлығын бөлісті.
Розалинд Франклин 1958 жылы қатерлі ісіктен қайтыс болды.Ол ДНҚ құрылымын суретке түсірудегі еңбегі үшін ресми түрде марапатталмады.
Дей тұрғанмен де, тарихтағы ең маңызды биологиялық жұмбақтардың бірін шешкен дәл осы төрт ғалым болып саналады, яғни, қос спиральді ДНҚ.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?