Сұлулық сыры: Алия Телебарисовадан кеңес

Сұлулық сыры: Алия Телебарисовадан кеңес

Қарапайым ғана құпия – мен әрқашанда позитивте болуды қолдаймын. Көңілді жүріп, әр нәрсеге қуана білемін. Себебі, менің жан дүниеммен сыртқы келбетім бір-бірімен үйлесім табуы керек. Сонымен қатар, күніне 2 литр су ішіп, үнемі фитнеспен айналысуға тырысамын, таңғы аста жемістер жегенді жөн санаймын.

Әйгерім деген әпкем дәрігер-косметолог болғандықтан ылғи да терімнің күтімі жөнінде әпкемнен кеңес алып тұрамын. Ал жазғы уақытта терімді күннен қорғайтын кремдер арқылы қорғаймын. Таңертең ылғалдандыратын, кешке қоректендіретін крем жағамын. Және әрдайым көздің айналасына арналған кремдер де жиі қолданыста болғаны дұрыс. Уақыт болған жағдайда бетке және шашқа арналған маскалар жасап тұру қажет.

Өз-өздеріңізді жақсы көріңіздер, бұл денсаулықтарыңызға пайдасы жоқ тағамдар, жаман әдеттер арқылы зиян келтірмеу. Таңертең қанды жүргізу үшін жаттығу жасау керек. Ішкі көңіл-күйде адамға әсер етеді, сондықтан, үнемі позитивті болыңыздар. Жамандықтан аулақ болып, адамдарға жақсылық тілеңіздер. Осылардың барлығы сіздерге жеңіл және өздеріңізді жақсы сезінуге көмектеседі.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай, дереккөзі

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?