Түзу мен жазықтықтың өзара орналасуы, Геометрия, 10 сынып, дидактикалық материал.
Дидактикалық материал
Жұптық жұмыс
І. Төмендегі тұжырымдардың ішінен дұрыс тұжырымдарды таңдаңыз:
1. Жазықтықтан тыс жатқан түзу жазықтықта жататын қандай да бір түзуге параллель болса, онда түзу жазықтыққа параллель болады.(дұрыс, түзу мен жазықтықтың параллельдігінің белгісі)
2. Егер жазықтық екінші жазықтыққа параллель а түзуі арқылы өтсе онда жазықтықтардың қиылысу түзуі болатын b түзуі а түзуіне параллель болады. (дұрыс, түзу мен жазықтықтың параллельдігінің қасиеті)
3. Бір жазықтыққа параллель болатын екі түзу өзара параллель болады. (қате)
4. Жазықтыққа параллель болатын түзу жазықтықта жататын кез-келген түзуге параллель болады. (қате)
5. Егер түзу жазықтықта жататын және қиылысатын екі түзуге де перпендикуляр болса, онда түзу жазықтыққа перпендикуляр болады. (дұрыс, түзу мен жазықтықтың перпендикулярлығының белгісі)
6. Егер жазықтық екінші жазықтыққа параллель түзу арқылы өтетін болса, онда жазықтықтардың қиылысу түзуі бастапқы түзуге параллель болады.
(дұрыс, түзу мен жазықтықтың параллельдігінің қасиеті)
7. Егер түзу жазықтықта жатқан қандай да екі түзуге перпендикуляр болса, онда түзу мен жазықтық перпендикуляр болады. (қате)
8. Түзу жазықтыққа параллель. Түзу жазықтықта жататын қандай да бір түзуге перпендикуляр болуы мүмкін бе? (қате)
9. Егер түзу қиылысатын екі жазықтықтың әрбіреуіне параллель болса, онда түзу жазықтықтардың қиылысу түзуіне параллель болады. (дұрыс, түзу мен жазықтықтың параллельдігінің қасиеті)
10. Өзара параллель екі түзудің біреуі жазықтыққа пепендикуляр болса, онда екінші түзу де жазықтыққа перпендикуляр болады. (дұрыс, түзу мен жазықтықтың перпендикулярлығының қасиеті)
11. Егер екі түзу бір жазықтыққа перпендикуляр болса, онда түзулер параллель болады. (дұрыс, түзу мен жазықтықтың перпендикулярлығының қасиеті)
ІІ. Жоғарыдағы тұжырымдардың қайсысы түзу мен жазықтықтың перпендикулярлығын(параллельдігін) анықтауға болатын белгі бола алады?
Жеке жұмыс
DАВС дұрыс тетраэдр, К – АD-ның ортасы, F - DВ-ның ортасы, М - АС-ның ортасы, N - ВС-ның ортасы. Түзу мен жазықтықтың өзара орналасуын анықтаңыз. 1. DВ және (АМN) 2. МN және (АВС) 3. КС және (DMN) 4. MN және (АВD) 5. КF және (DMN) 6. FN және (KMF) 7. CF және (AND) 8. FN және (DMK) |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?