Исмағұлов Сабыржан (1 Сәуір — Күлкі күні)

 Исмағұлов Сабыржан (1 Сәуір — Күлкі күні)

Қажет қып кəпірлерге қолдауды ірі.
Соғыстың тым сұрапыл болды-ау түрі.
Соңғы боп Андалусияда мұсылманның,
Алынбай қамалының қалды-ау бірі.
Қамалды ала алмайтын болғаннан соң,
Керек деп келіседі алдау мұны.
Берілсең өз еркің мен тиіспейм деп,
Қулыққа капірлердің салды-ау бірі.
Інжіл мен құранды ұстап ант еткен соң,
Шын көріп мұсылмандар қалды-ау мұны.
Осылай алдап соғып қырғын салды,
Жайқалмай мұсылманның қалды-ау гулі.
Сəуірдің алғаш күні кəпірлерге,
Содан бері мейрам болған"Алдау куні"

Жақсы жан жақсы жолды таңдайды өрге.
Исламнан басқа дінді таңдай көрме.
Бір күнə азайтайық тым болмаса,
Кім білед(і) жататынын қандай көрде.
Сəуірдің алғаш күні келген кезде,
Кəпірдей мұсылманды алдай көрме.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!