Адам генетикасы. Адамның тұқымқуалау белгілерін зерттеу әдістері. Адамның генетикалық ауруларының алдын алу. Модельдеу «Адамның генеалогиялық шежіре ағашын құру». Биология, 9 сынып, дидактикалық материал.


Бөлім: 10.3C Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары.

Оқу мақсаты: 9.2.4.9 - адам генетикасын зерттеудің негізгі әдістерін сипаттау;

9.2.4.10 - шежіре сызбасын құру;

Бағалау критерийі: - Адам генетикасын зерттеудің негізгі әдістерін сипаттайды;

  • шежіре сызбасын құрады;

Тапсырма:

  • Адам генетикасын зерттеу әдістері мен сипаттамаларын сәйкестендіріңіз:

Зерттеу әдістері

Сипаттамалары

1

Генеалогиялық

А

Тұқымқуалайтын өзгерістердің адам популяциясында таралу жиілігін

2

Биохимиялық

B

Сау немесе ауру адамның хромосома жиынтығына (кариотипіне) талдау жасау

3

Егіздік

C

Қан топтары және резус факторлардың тұқымқуалаушылығын зерттейді

4

Цитогенетикалық

D

Адамда туатын маңызды белгілердің дамуы үшін тұқымқуалаушылық пен сыртқы ортаның әсерін зерттеу

5

Популяциялық

E

Адамда болатын тұқымқуалайтын белгілер мен қасиеттердің немесе аурулардың тұқымқуалауын тегіне қарай зерттеу

6

Иммунологиялық

F

Тұқымқуалайтын өзгерістер жасушадағы зат алмасуының бұзылуына әкеледі

.................................................................................................................................................................[6]

  • Тест сұрақтары:

1.Кейде бір аналық жасушадан екі эмбрион пайда болатын әдіс?

А.Генеологиялық әдіс Б.Егіздік әдіс С.Биохимиялық әдіс Д.Цитогенетикалық әдіс

2.Адамдағы хромосомалық мутация қай әдіспен зерттеледі?

А.Генеологиялық әдіс Б.Егіздік әдіс С.Биохимиялық әдіс Д.Цитогенетикалық әдіс

3. ДНҚ-ға талдау жасау арқылы баланың ата-анасын дәл анықтай алатын әдіс?

А.Популациялық әдіс Б.Биохимиялық әдіс С.Онтогенетикалық әдіс Д.Генеологиялық әдіс

4.Биохимиялық әдістің сипаттамасын белгілеңіз?

А. Тұқымқуалайтын өзгерістер жасушадағы зат алмасудың бұзылуына тікелей байланысты

Б. Тұқымқуалайтын генеотиптік өзгерістердің таралу жиілігі зерттеледі

С.Тұқымқуалайтын өзгерістердің бар-жоғы зерттеледі

Д.Сау немесе ауру адамның кариотипіне (хромосома жиынтығына )талдау жасалады

5.Онтогенетикалық әдістің сипаттамасын белгілеңіз?

А.Тұқымқуалайтын генотиптік өзгерістердің таралу жиілігі зерттеледі

Б.Тұқымқуалайтын өзгерістер жасушадағы зат алмасудың бұзылуына тікелей байланысты

С.Тұқымқуалайтын өзгерістердің бар-жоғы зерттеледі

Д.Сау немесе ауру адамның кариотипіне (хромосома жиынтығына )талдау жасалады

6. Гемофилия ауруының тұқымқуалауын қай әдіс арқылы анықтайды?

А.Популяциялық әдіс Б.Биохимиялық әдіс С.Онтогенетикалық әдіс Д.Генеологиялық әдіс

7.Цитогенетикалық әдісті қай ғалымдар анықтаған?

А.Дж.Тио мен Х.Де Фриз Б.Дж.Тио мен Ф.Меллер С.А.Леван мен К.Корренс Д.Дж.Тио мен А.Леван

8.Алтын адамның кейбір құрамындағы ДНҚ-ны алып,біздің ДНҚ-бен салыстырып шыққанда ұқсас екенін дәлелдеген әдіс?

А.Популациялық әдіс Б.Биохимиялық әдіс С.Онтогенетикалық әдіс Д. Генеологиялық әдіс

9.Онтогенетикалық әдістің маңызы

А.Тұқымқуалайтын ауруларға бейімділігін зерттейді Б.Болашақ ұрпақты ауыр зардаптардан алдын ала сақтандыру С.Ата-анасын дәл анықтап алуға болады.

Д.Медицинада диагностикалық мақсатта қолданады.

10.Математикаға , музыкаға, шешен сөйлеуге бейімділігі қай әдіс арқылы анықталады?

А.Популяциялық әдіс Б.Биохимиялық әдіс С. Генеологиялық әдіс Д. Онтогенетикалық әдіс

11.Саусақтардың артық болуы ,беттің секпілі, түсінің кейбір белгілер мен қасиеттер кез келген ұрпаққа тұқымқуалап берілетіндігі қай әдіс арқылы анықталып отыр?

А.Генеологиялық әдіс Б.Популациялық әдіс С.Биохимиялық әдіс Д.Онтогенетикалық әдіс

12.Цитогенетикалық әдістің мәні неде?

А.Адамның дене және жыныс жасушаларында пайда болатын хромосомалық өзгерістерді анықтайды

Б.Тұқымқуалайтын аурулардың себебін ашуға қажетті өте құнды материалдар береді.

С.Тұқымқуалайтын генотиптік өзгерістердің таралу жиілігі зерттеледі.

Д.Тұқымқуалайтын өзгерістер жасушадағы зат алмасудың бұзылуына тікелей байланысты.

3. Адамда синдактилия (саусақтарының бірігіп кетуі) аутосомды доминантты белгі ретінде тұқым қуалайды. Осы белгі бойынша ата-анасының біреуі гетерезиготалы, екіншісінің саусақтары түзу болып келсе, біріккен саусақты балалардың туу мүмкіндігі қандай болады?

[3]

4. Пробанд – генеалогиялық шежіреде генетикалық аурудың тармағын бастап тұрған

ер адам. Оның екі апасы, інісі және оның ата-аналары қалыпты қан ұю қасиетін

көрсететін адамдар. Анасының екі інісі гемофилиямен ауырады, ал екі сіңілісі дені сау

әйелдер. Бірінші сіңілісінің күйеуі мен ұл баласы дені сау. Пробандтың әжесі мен атасы

екеуінің де аналар қандары қалыпты ұйыйтын дені сау адамдар.

(а) Бұл пробанд еркектің туыстық шежіресін бейнелеңдер.

[1]

(b) Бұл пробандтың генеалогиялық шежіресінде гемофилия ауруының тұқым қуалау

типі қандай екендігін анықтаңдар.

____________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________

[1]

(c) Пробандтың генотипін анықтаңдар

_____________________________________________________________________________

[1]

(d) Бұл пробанд еркектің генотипінде ауру белгілерінің аллельдері жоқ дені сау

әйелмен отбасын құрғандағы дені сау балалардың дүниеге келу ықтималдылығы қандай?

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

[1]

Дискриптор: - Адам генетикасын зерттеу әдістері мен сипаттамаларын сәйкестендіреді;

  • Адам генетикасын зерттеудің негізгі әдістеріне байланысты тест сұрақтарын шешеді;
  • Есеп шығарады;
  • Берілген тапсырма бойынша шежіре сызбанұсқасын құрады;
  • Генеалогиялық шежірені пайдаланып гемофилия ауруының тұқым қуалау типі қандай екендігін анықтайды;
  • Пробандтың генотипін анықтайды;
  • Дені сау балалардың дүниеге келу ықтималдылығын анықтайды;


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу