Адам генетикасы. Адамның тұқым қуалау белгілерін зерттеу әдістері. Адамның генетикалық ауруларының алдын алу. Модельдеу «Адамның генеалогиялық шежіре ағашын құру». Биология, 9 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Адам генетикасы

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:.

СЫНЫП: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

САБАҚ Адам генетикасы. Адамның тұқым қуалау белгілерін зерттеу әдістері. Адамның генетикалық ауруларының алдын алу.

Модельдеу «Адамның генеалогиялық шежіре ағашын құру».

Осы сабақтың

көмегімен қол жеткізілетін

оқу мақсаттары

9.2.4.9 -адам генетикасын зерттеудің негізгі әдістерін сипаттау;

9.2.4.10 -шежіре сызбасын құру

Сабақтың мақсаттары

  • Адам генетикасының зерттеу әдістері мен ауруларын сипаттау
  • Шежіре сызбасын құрудың негізгі шартты белгілерін талдау және құру жолдарын сипаттау
  • Шежіре құруда генеологиялық әдістің популяция генетикасына және денсаулық сақтаудағы маңызына баға беру

Бағалау критерийлері

  • Адам генетикасының зерттеу әдісі мен ауруын топта талдайды және бір-бірімен ақпаратпен бөліседі
  • Шежіре сызбасын құруда шартты белгілерді қолданады
  • Шежіре сызбасын құрады
  • Шежіре құруда генеологиялық әдістің популяция генетикасына және денсаулық сақтаудағы маңызына баға береді

 

Тілдік мақсат

Пәндік лексика және терминология

кодоминант, аллель, доминант, рецессивті, гамета, ата-ана, ұрпақ, генотип, фенотип, гомозиготталы, гетерозиготалы, көптік аллель

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы

Ата-әжелерімізден генетикалық қасиеттері................................беріледі

Оларды алдын ала ....................................................білуге болады

Ол қасиеттер жасушада .........................................................үдерістер кезінде жүзеге асырылады

 

Құндылықтарды дарыту

 

Құрмет

Негізгі ұғымдарды талдау кезінде оқушылардың бірі-бірінің пікірімен санасып құрмет көрсетуі.

Оқушылардың топта және жұпта жұмыс жасауда бір-бірін тыңдауы, пікір алмасуы

Пәнаралық байланыстар

Сабақ ұрпақта пайда болған доминантты және рецессивті белгілерді санауда математика пәнімен байланысады

АКТ қолдану дағдылары

АКТ сабақтың басында тақырып бойынша суреттер мен кестелер, ресурстар, презентация көрсетуде қолданылады.

Алдын-ала білімдер

Жасуша циклын жалпы сипаттау (8-сынып)

Әрбір соматикалық жасуша бірдей хромосомаға ие екендігін білу (7-сынып)

Өсу және дамудағы митоз маңыздылығы(8-сынып)

Хромосомалар ДНҚ-дан тұратынын білу (7-сынып)

гаплоид және диплоид терминдері (8-сынып)

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жұмыс

Ресурстар

0 – 3 мин

Презентациядағы бірінші слайд суретін талқылау

Сабақ тақырыбын ашу, оқыту мақсатымен танысу, бағалау критерийлерін құру немесе дайынын тағайындау

Сабақтың презентациясы

3-43 мин

(Жұпта) Оқушылар адам генетикасының әдістері бойынша ақпаратты оқиды. Жұпта зерттеу жұмысын жасайды. Жұпта постер-ақпарат дайындайды. Бір-бірлерімен бөліседі, талқылайды, қажетті ақпаратты бірден жұмыс парағындағы кестеге жазып алады.

Критерийлер:

  • Әдіс атауы мен анықтамасының болуы
  • Әдістің медицина мен адам өміріндегі қолданылуы
  • Әдіс артықшылығы мен кемшілігі
  • Зерттеу әдісі бойынша туындайтын кем дегенде екі ауру түрін сипаттау

Мұғалім қажетті ресурстарды береді.

)Тиісті көрнекі материалдарды қолданумен генеалогиялық сызбаларды қалай құру және талдау керектігін түсіндіріңіз.

(Жеке) Оқушыларға адам белгілерінің бірі бойынша (мысалы, шаш түсі) тұқым қуалаушылық шежіресінің сызбасын құруды ұсыныңыз, ол үшін мына алгоритмдерді пайдалануға болады:

1. Шежіре құру үшін шартты белгілерді зерттеу.

2. Түрлі түсті гамманы қолданып, шежіре сызбасын құру.

3. Сызба бойынша доминантты және рецессивті белгілерді анықтау.

4. Сызбадан отбасы мүшелерінің генотиптерін белгілеу.

Жұмыс парағындағы ақпаратпен танысып, орындайды.

(Б) Оқушылар генетикалық аурулардың тұқым қуалауының дайын шежіре сызбаларын талдайды, оның барысында: доминантты және рецессивті белгілерді, ауруды тасымалдаушыларды және отбасының ауру мүшелерін, геннің өлімге алып келуін анықтайды.

(I) Оқушыларға генеалогиялық сызбаларды талдау үшін сұрақтар қойыңыз.

(I) Оқушылар генетиканы түсінулерін қолдана отырып, генеалогиялық сызбаларды толтыра алады.

Құрылған шежірелерді талдайды.

Генетикалық сызбаның қалай құрылатыны және талданатыны турады пайдалы PowerPoint таныстыруы:

http://goo.gl/T0vvC

Муковисцидоздың туындауын толық көрсету үшін пайдалы генеалогиялық сызба :

Генеалогиялық сызбаны талдайтын пайдалы сұрақ:

http://goo.gl/zgLyP

Генетикалық сызбалар табуға болады:http://goo.gl/o1uXw

43-45мин

Сабақты қорытындылау .

Рефлексия.

Сабақ соңында түсінікті болды..................

Мен барлығын білемін........................

Барлық мақсатқа жету үшін мен.........................

Үйге тапсырма: Өз отбасындағы бір генетикалық белгі бойынша шежіре құрып келу.

Қосымша ақпарат

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз

Бағалау – оқушылардың материалдымеңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік

техникасының сақталуы

Оқушыларға өздері таңдаған белгілермен жұмыс жасауларына мүмкіндік беріледі.

Дайын сызбаларды талдауды тереңдетуге болады

Постер дайындау мен генеологиялық шежірені құрулары бағаланады

Кабинетте қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтайды

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылғанба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткіздіме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілдіме?

Сабақтың уақытты қкезеңдері сақталдыма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылғанба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткіздіме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілдіме?

Сабақтың уақытты қкезеңдері сақталдыма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру әрі оқу туралы ойланыңыз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алатын еді (сабақ беру әрі оқу туралы ойланыңыз)?

1:

2:

Мен сабақ кезінде келесі сабаққа дайындалуға көмектесетіндей сынып немесе белгілі бір оқушылар туралы не білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу