Үш перпендикуляр туралы теорема. Геометрия, 10 сынып, дидактикалық материал.
Жұптық жұмыс:
Тапсырма . Пифагор теоремасын қолданбай орындаңыз:
Үшбұрышқа іштей сызылған шеңбердің центрінен үшбұрыш жазықтығына SO препендикуляр түзуі жүргізілген. Осы түзудің әрбір нүктесі үшбұрыш қабырғаларынан бірдей қашықтықта жататындығын дәлелдеңіздер.
Дескрипторлар: Білім алушы
- Үшбұрышқа іштей шеңбер сызады;
- үшбұрыш жазықтығына препендикуляр түзу жүргізеді;
- үш перпендикуляр туралы теореманы қолданады;
- Осы түзудің әрбір нүктесі үшбұрыш қабырғаларынан бірдей қашықтықта жататындығын дәлелдейді.
Жұптар орындалған жұмыстарын бір-бірімен алмастырып дескриптор бойынша тексереді, бағалайды.
Жеке жұмыс:
А деңгей
1.
Дескриптор: Оқушы
-қосымша сызба жүргізеді
- үш перпендикуляр туралы теореманы қолданады;
- дәлелдеуді орындайды.
В деңгей
Теңбүйірлі АВС үшбұрышының (АС=AB) А төбесі арқылы үшбұрыш жазықтығына АD перпендикуляры жүргізілген. АВС үшбұрышының АЕ биссектрисасы болса, DВС үшбұрышының теңбүйірлі болатынын дәлелдеңіз.
Дескриптор: Оқушы
- сызбасын салады;
- перпендикуляр ұғымын қолданады;
- үш перпендикуляр туралы теореманы қолданады;
дәлелдеуді орындайды.
Үйге тапсырма:
Дескриптор: Оқушы
-қосымша сызба жүргізеді
- үш перпендикуляр туралы теореманы қолданады;
- дәлелдеуді орындайды.
2. Теңқабырғалы АВС үшбұрышының А төбесі арқылы үшбұрыш жазықтығына ұзындығы 8 см АК перпендикуляры жүргізілген. К нүктесінен ВС қабырғасына жүргізілген КЕ перпендикуляры 11см. Үшбұрыш қабырғасының ұзындығын табыңыз.
Дескриптор: Оқушы
- сызбасын салады;
- перпендикуляр ұғымын қолданады;
- үш перпендикуляр туралы теореманы қолданады;
- үшбұрыш қабырғасының ұзындығын табады
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?