7-9 сыныптардағы геометрия курсын қайталау. Геометрия, 10 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі

Мектеп: Қарағанды қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Рыскельдиева Г.К., Хасенова Р.С.

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

7-9 сыныптардағы геометрия курсын қайталау

Сабақтың түрі

Өткенді қайталау сабағы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме

Сабақ мақсаты

7-9 сынтардағы геометрия курсының теориялық материалдарын қайталау және осы курс бойынша есеп шығару біліктіліктерін бекіту

Бағалау критерийлері

Оқушы мақсатқа жетті, егер:

  • Геометрия курсының 7-9 сыныптардағы теориялық материалды біледі;
  • Курс материалын есептер шығаруда қолдана алады.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

7-9 сыныптардағы геометрия курсының теориялық материалын қайталайды және талқылайды.Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Көпбұрыш, аудан, синустар теоремасы, косинустар теоремасы, пропорционал кесінділер, радиус, дөңгелек, шеңбер ұзындығы, вектор, скаляр көбейтінді.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Аудан табу үшін...., .... керек.

Векторлардың каляр көбейтіндісін табу үшін ....

Егер .... болса, онда шеңбер көпбұрышқа іштей сызылған.

Құндылықтарды дарыту

Оқып білу дағдысы, ақпаратты өздігінен табу, жағдайды сараптау, жаңа жағдайларға қалыптасу, мәселе қойып және шешім қабылдай білу, топта жұмыс істеу, өз жұмысының сапасына жауап беру, өз уақытын ұйымдастыра білу

Құндылықтарды дарыту осы сабақта жоспарланған жұмыс негізінде жасалынады.

Пәнаралық байланыстар

Физикамен, экономикамен байланыс

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақтаны презентация таныстыру үшін қолдану, тақтаны жазу құралы ретінде қолдану.

Бастапқы білім

Геометрия курсының 7-9 сыныптардағы теориялық материалын біледі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин

  • Ұйымдастыру кезеңі.
  • оқушылардың назарын жинақтау;
  • оқушылармен бірлесіп оқу мақсатын, сабақ мақсаттарын анықтау.
  • оқушылардың «жақын даму аймағын», сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтау

Презентация

5 мин

5 мин

17 мин

8 мин

ІІ. Білімді өзектендіру. Сабақ басында мұғалім оқушыларға «Сұрақ – жауап» стратегиясын пайдаланып геометрия курсының 7-9 сыныптардағы теориялық материалын қайталауды ұсынады.

ІІІ. Карточкамен жеке жұмыстар

7-9 сынып геометрия курсының формулаларын қайталау. Оқушылар парақшадағы формулалардағы бос орындарды толтырады және жауаптарын презентациядағы слайдпен тексереді.

ІV. Есептер шығару.

Оқушылар жұптарда 7-8 сынып геометрия курсын қайталауға есептер шығарады.

№13- №15 есептерді шешімімен талдайды.

Олардың жауаптарды слайдта көрсетілген.

Мұғалім өзіндегі дайын жауаптарымен, оқушыларға жұмыс барысында консултация жасайды (тапсырмалар саны білімі жоғары оқушылардың есебімен алынған).

Бағалау критериі.

  • 18 тапсырманың кез келген 11- ін дұрыс орындау.
  • Немесе 7 тапсырманы дұрыс орындау: №10- №16.

V. Топтағы жұмыс. Тарсия - ойыны.

Оқушылар топтарды тарсия – ойынының карточкаларын жинайды.

Презентация

Қосымша №1

Презентация

Қосымша №2

Қосымша №3

Сабақтың соң

3 мин

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

Үй тапсырмасы.

(сыныпта шығарыпа үлгермеген қосымша 2 есептері)

Стикерлар

Қосымша2

Саралау

Саралау оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып оқу материалын және ресурстарды (көптеген түрлері Гарднер теориясы интеллекті) іріктеу жеке қолдау, оқушыны қамтамасыз ету, жұмыс орындарын іріктеу, нақты оқушыға күтілетін нәтиже көрсетілген болады.Саралау арқылы оқушыларға көбірек қолдау көрсетіледі.

Қабілеті жоғары оқушыларға екінші деңгейдегі тапсырмалар ұсынылады

Бағалау

Осы бөлімді оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай бағалауды қолданғаныңызды және пайдаланылған әдістерді жазу үшін қолданыңыз.

Оқушылардың өзіндік бағалануы. Мұғалімнің сабақ бойы тапсырмалардың дұрыс орындалуын қадағалау – формативтік бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

Денсаулық сақтау технологиясы. Осы сабақта техника қауіпсіздігі ережесін қолдану пункті.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған. Оқушылар проблемалық жағдай туғызу арқылы сабақ мақсатын және оқу мақсатын ашты. Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді. Барлық оқушының өзін толғандырған сұрақты талдап және түсінуге мүмкіндігі болды.

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді. Оқушылар бастапқыда практикалық тапрсырмалар орындады, сосын тапсырмаларды өз беттерімен орындады.

Мұғалім тарапынан саралауға сәйкес сұрақтар қойылды.

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды.

Бұл бөлімді сабақ бойынша өз пікіріңізді жазуға пайдаланыңыз. Сол жоқ бағандағы өз сабағыңыз туралы негізгі сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақтың нақты, қол жеткізуге мақсаттары, оқушыға түсінікті тұжырымдалған анық тілдік алдын-ала жоспарлау оқыту нәтижелері болып табылады.

Бұл сабақта орындалған тапсырмалар оқушыларды салыстыруға, себептері мен салдары іздеуге, сол арқылы ғылыми-зерттеу дағдыларын және сыни тұрғыдан ойлауын дамытуға үйренеді.

Бұл сабақтың жақсы сәттері оқушыларды сабақта белсенді жұмысы үшін мадақтау маңызды - бұл сыртқы ынталандыру негізгі жақтарының бірі болып табылады. Сондай-ақ келешектегі жұмысын жоспарлауда оқушыларға көмектесу - кеңестер, ескертулер, ұсыныстар болып табылады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу