Кеңістіктегі түзулердің өзара орналасуы. Геометрия, 10 сынып, дидактикалық материал.
Жұмыс парағы
Өткен сабақты қайталау тапсырмасын орындаңыз
- Берілген үш нүкте жұп-жұптан кесінділермен байланысқан. Барлық кесінділер бір жазықтық бойында жататындығын дәлелдеңіз.
Дәлелдеуі: (CLIL әдістемесі бойынша)
Бір түзу бойында жатпайтын А, В және С үш нүкте арқылы ________ жүргізуге болады және ол __________________болады.
АВ түзуі толығымен α жазықтығында жатады, себебі _________________осы жазықтық бойында жатыр.
- β және α жазықтықтары m түзуінің бойымен қиылысады. b түзуі β жазықтығында жатыр, ал a түзуі α жазықтығында жатыр. a және b түзулері А нүктесінде қиылысады. А нүктесі m түзуінің бойында жата ма?
- Түзу мен жазықтықтың қанша ортақ нүктесі болады, егер:
1) түзу жазықтыққа тиісті болса
2) түзу мен жазықтық қиылысатын болса
- Екі әртүрлі жазықтықтың қанша ортақ нүктесі болуы мүмкін?
- a түзуі α жазықтығында жатыр. E және K нүктелері a түзуінің бойында. Q және R нүктелері β жазықтығында жатыр. b түзуінің бойында C нүктесі жатыр. C нүктесі γ жазықтығында жатыр. Келесі тұжырымдардың дұрыстығын анықтаңыз.
№ | Тұжырым | Дұрыс емес | Дұрыс |
1 | E нүктесі α жазықтығында жатыр. | ||
2 | R нүктесі γ жазықтығында жатпайды. | ||
3 | QR түзуі β жазықтығында жатпайды. | ||
4 | К нүктесі γ жазықтығында жатыр. | ||
5 | RQ түзуі β жазықтығында жатыр. | ||
6 | СЕ түзуі γ жазықтығында жатыр. | ||
7 | a түзуі α жазықтығында жатпайды. | ||
8 | b түзуі γ жазықтығында жатады. |
2.Суреттерде кеңістіктегі түзулерді табыңыз. Олардың орналасуында қандай ерекшеліктер бар?
3.Кеңістіктегі түзулерді класстарға бөліңіз:
4.Анықтама қорытып шығару:
Сызба | Анықтама |
https://www.geogebra.org/m/e9Geytuy
https://www.geogebra.org/m/nrB7ZBy9
Сұрақтарға жауап беріңіз:
5. а) Мысалдар арқылы түзу мен жазықтықтың орналасуын қарастырайық. Бөлмеде бір жазықтық пен бір түзу таңдап алыңыз. Олар қалай орналасқан? Басқа мүмкін жағдайларын атаңыз.
б) Екі жазықтықтың орналасуын түсіну үшін бөлмеден екі жазықтық таңдаңыз. Барлық мүмкін жағдайларды қарастырыңыз.
- Кеңістіктегі түзулердің параллельдік белгілері
Берілгені: Кеңістіктегі екі түзу бір жазықтыққа перпендикуляр орналасқан. | |
Сызба: | Қорытынды: Екі түзу қалай орналасқан? ______________________________________ ______________________________________ ______________________________________ |
Берілгені: Қиылысатын екі жазықтықтың біреуіне тиісті түзу екінші жазықтыққа параллель. | |
Сызба: | Қорытынды: Екі түзу қалай орналасқан? ______________________________________ ______________________________________ ______________________________________ |
Екі айқас түзу берілген. Олардың біреуі арқылы екіншісіне параллель жазықтық жүргізуге бола ма? | |
Сызба: | Қорытынды: |
- Жаттығу
- А және D нүктелері- параллелепипед қырларының орталары. Дұрыс тұжырымды таңдаңыз:
А) CD және MN айқас түзулер
В) АВ және MN түзулері бір жазықтыққа тиісті
С) CD және MN түзулері қиылысады
D) АВ және CD айқас түзулер
- а және b түзулерінің өзара орналасуын анықтаңыз.
- А, В, С және D – тікбұрышты параллелепипедтің қырларының орталары. Параллель түзулерді анықтаңыз.
4. А және В – тікбұрышты параллелепипедтің қырларының орталары. а және b түзулерінің өзара орналасуын анықтаңыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?