Кеңістіктегі түзулердің өзара орналасуы. Геометрия, 10 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Стереометрия аксиомалары. Кеңістіктегі параллельдік. | Мектеп: НЗМ ФМБ Семей | ||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Касимов Е.Е. | ||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы: Кеңістіктегі түзулердің өзара орналасуы Сағат саны: 2 | |||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.2.2 - кеңістіктегі параллель және айқас түзулер анықтамаларын білу, оларды анықтау және кескіндеу; 10.2.3 - кеңістіктегі параллель түзулердің қасиеттерін білу және оларды есептер шығаруда қолдану; | ||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушы кеңістіктегі параллель, перепендикуляр және айқас түзулерді біледі, мысал келтіреді, сызбадан таниды. | ||||||||||||||||||||||||||||||
Жетістік критерийлері | Оқушы
| ||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Лексика/Терминология параллель түзулер, қиылысатын түзулер, айқас түзулер, жазықтық, кеңістік Үштілділік. Келесі глоссарийді қолдану: Жазықтық – Plane Кеңістік – Space Параллель түзулер – Parallel lines Қиылысатын түзулер – Intersecting lines Айқас түзулер – Skew lines Түзулердің орналасуы – arrangement of lines Диалог пен жазылымда қолданылатын тіркестер: Кеңістіктегі екі түзу параллель/қиылысатын/айқас болады, егер... Екі түзу бір жазықтықта орналасса/орналаспаса, және қиылысса/қиылыспаса, онда олар... | ||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Оқушының өзінің білім алуына жауапкершілігін арттыру. Бір-бірінің ойын, жауабын құрметтеуге топтық/жұптық жұмыс жүргізу арқылы баулу. | ||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Өнер пәніндегі проекциялау тақырыбымен байланысты. Сабақта GeoGebra бағдарламалық ортасын қолдану көзделгендіктен ондағы әртүрлі командалар жолымен және олардың атқаратын функцияларын қарастырады. | ||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | GeoGebra бағдарламасын қолданып үшөлшемді кеңістікте түзулерді салу қарастырылған. | ||||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Стереометрия аксиомалары және оның салдарлары | ||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 10 мин | Өткен сабаққа шолу жасау CLIL әдістемесінің элементтері бойынша. Өткен сабақ бойынша тапсырмаларды орындау:
Дәлелдеуі: (; оқушылар бос орындарға тиісті сөздерді жазулары тиіс) Бір түзу бойында жатпайтын А, В және С үш нүкте арқылы ________ жүргізуге болады және ол __________________болады. АВ түзуі толығымен α жазықтығында жатады, себебі _________________осы жазықтық бойында жатыр.
| Қосымша 1 Жұмыс парағы | |||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 5 мин 15 мин 15 мин 15 мин 15 мин | Оқушыларға келесі сұрақтарды қою:
Жұптық жұмыс: Оқушыларға жұмыс парағындағы суреттерді ұсыну және оларды кеңістіктегі орналасуына байланысты топтауды ұсыну. Осыдан кейін параллель, қиылысатын және айқас түзулер анықтамасы мен белгілерін қорыту. Сонымен қатар оқушыларға кеңістіктегі елестетулерін жетілдіру үшін GeoGebra бағдарламасының көмегімен осы түзулерді өздері салып немесе сол жақтағы екі сілтеме арқылы өтіп дайын салуларды көру арқылы кеңістікте жан-жағынан қарауды ұсыну. Топтық жұмыс: Оқушыларға жұмыс парағында берілген 5-6 тапсырмаларды орындау көмегімен түзулердің параллельдік белігсін қорытып шығаруды ұсыну. Өздік жұмыс: Жұмыс парағындағы 7-жаттығуды орындау және Презентация бойынша қосымша практикалық жұмыс | Қосымша 1 Жұмыс парағы https://www.geogebra.org/m/e9Geytuy https://www.geogebra.org/m/nrB7ZBy9 Қосымша 1 Жұмыс парағы Қосымша 1 Жұмыс парағы Презентация (Смирнов В.А. және Смирнова И.М. ОӘК аударылған) | |||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин | Рефлексия. Оқушыларға келесі сұрақтар ұсынылады:
| Сұрақтар жазылған парақ | |||||||||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақтағы саралау жұмысы оқушыларға анықтамалар мен белгілерді өз ойы мен сөзімен қорытындылап шығуына мүмкіндік беріледі. Деңгейі жоғары оқушылардан негізделген қорытындылар күтіледі. Тапсырмалардың реті жеңілден қиынға қарай принципі бойынша құрастырылған. Оқушыларға мұғалімнің нұсқау беруі және оқушылардың өзара көмек беруі қолданады. | Өткен сабақты қайталау бөлімінде бүкіл сынып талдауы арқылы оқушылардың жауаптары бағаланады. Одан кейін жұптық және топтық жұмыстарды бағалауда олардың қорытып шығарған анықтамалар мен белгілеріне сәйкес түзету ретінде мұғалімнің ауызша кері байланысы беріледі. Жеке жұмысты орындау барысында бақылау, сұрақ қою, талқылауды және жеке жұмысты бақылау арқылы бағалау жүргізіледі. | Бөлме ауасын таза ұстау. Ноутбукпен жұмыс істеу барасында қауіпсіздік шараларын сақтауды ескерту. | |||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Оқушылардың көбінесе өз бетімен жұмыс парағы бойынша жұмыс жасап, анықтамалар мен белгілерді өз бетімен қорытындылап шығуы 2:.Тапсырмалардың алуан түрлілігі Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Оқушылардың қорытынды жасауда бұрыңғы білімдерін дұрыс қолдануы, яғни өткен сабақта қарастырып кеткен стереометрия аксиомалары мен салдарларын дұрыс қолдана алуы қажет болды. Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? Оқушылардың көпшілігі сұраққа жауап беріп, сәйкес қорытынды жасауда дұрыс математикалық тілді қолдануда біраз жақсартулар керек екенін білдім. Осы бағытқа көбірек назар аудару қажет. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?