Бүйрек жұмысына әсер ететін факторлар: тамақтану рационы, дене температурасының күрт түсуі, дәрілік препараттар, созылмалы және инфекциялық аурулар(кариес, іріңді ангина т.б.). Биология, 9 сынып, дидактикалық материал.


Бүйрек жұмысына әсер ететін факторлар

І. Ішімдіктің әсері:

• Бүйрек жасушалары зиянды заттарды шығара алмайтын болады

• Жасушалар қабынып, зәрмен бірге ағзадан қажетті нәруыз бөлініп, сыртқа шыға бастайды

• Ішімдікпен уланған бүйрек бүрісіп, зәрдің бөлінуі тоқтайды

Осыған орай көршілеріміз Ресей, анау Америка арақ ішуге тыйым салуды күшейте бастады. Мысалы, Америка 1930 жылдары арақ ішуді азайтқан кезде бүйрек қабынуының азайғанын байқаған. Және де елінің әл-ауқатының артып, халқының тұрмысының оңала бастағанын сезінген.

II. Бүйрекке тастардың жиналуы:

Бүйрекке тас байлану (urolіthіasіs), уролитиаз — жиі кездесетін несеп тас ауруының бірі. Бұл ауруды кейде қазақтар тынжытас деп те атайды. Бүйрекке тас байлану адам организмінде минералды тұздар мен су алмасуының және ішкі секреция бездерінің (қалқанша без, гипофиз, бүйрек үсті безі) қызметінің бұзылуы, бүйрек түтікшелерінің қабынуы, бүйрек пен қуық арасындағы түтіктің тарылуы салдарынан болады. Көбіне 20 — 50 жас арасында кездеседі. Аурудың алғашқы белгісінде науқас адамның бүйрек тұсынан шаншу қадалып, сыздап ауырады. Кейін шаншу күшейіп, науқас мазасызданады. Шаншу кіндікке, бүйрек пен қуық арасындағы түтікше бойымен шапқа да берілуі мүмкін. Бұл кезде науқас адам лоқсып құсады, іші кебеді (парез). Несепке қан араласады (гематурия), егер несепте ауру тудыратын микробтар болса, дененің қызуы көтеріліп, зәрде ірің болады (пиурия). Науқас адамның кіші дәретке отыруы жиілеп, қуық ашиды. Кейде несепағар түтікшесіне кішкентай түйіршік тастардың тұрып қалуынан зәр жүрмей қалады (анурия). Бұл — науқас адамның өміріне тікелей қауіпті. Бүйрекке тас байлануды рентген сәулесін қолдану, несепті лабораторияда тексеру арқылы анықтайды. Ауруды емдеу үшін бүйректегі тастың мөлшері мен оның қай жерде орналасқанын біліп алады. Бүйректегі ұсақ түйіршік тасты арнайы дәрі-дәрмектермен (но-шпа, папаверин, баралгин), физиотерапиялық әдістермен және көп мөлшерде су ішкізу арқылы түсіреді. Егер қуықтан тасты арнайы мед. ілмекпен алып тастауға келмесе, онда хирургиялық операция жасайды. Соңғы кезде бүйрек тасын толқынды сәулемен уату (литотрипсия) жолымен түсіру кеңінен қолданылуда. Сондай-ақ, арнайы курорттар мен санаторийлерде емделудің де пайдасы бар.

III. Қан қысымының әсері:

Гипертонияның (гипер — артық, көп. Тонус — қысым, сығым) негізгі белгісі адамның артериялық қан қысымы артады. Әрине, бұл адамның түрлі жағдайына және басқа ауруға байланысты. Бірақ кейде күтпеген уайым-қайғыдан немесе ауыр қара жұмыстан кейін сап-сау адамның қан қысымы да уақытша артуы ғажап емес. Бұл аурудың белгісіне жатпайды.

Артериалық қан қысымы кейде бүйрек қабынғанда (нефрит) және бүйрек безі (надпочечник) мен қалқан безі (щитовидная железа), мидың қосалқы безі (гипофиз) секілді ішкі секреция бездерінің ауруы себепті азды-көпті артып отырады. Қан қысымының мұндай артуы осы органдардың ауыратындығын дәлелдейді. Гипертонияда денедегі барлық ұсақ артериялар (артериолы) Жіңішкеріп, қан жүретін жол тарылады. Соның нәтижесінде организмнің бір жеріндегі (артериясындағы) қанның екінші — жеріне (венаға) өтуі қиындайды. Сөйтіп, өте алмай іркілген қан тамырды кернейді, оның қуысында қан қысымын арттырады. Мысалы, қолқаның бір жері тарылғанда одан жоғарыдағы жердің қан қысымы артады. Сөйтіп гипертониялық ауру басталады. Гипертонияның себебі көп. Қөбінесе ол нерв жүйесінің әрекеті бұзылғандарда кездеседі. Зерттеу нәтижесіне қарағанда ой еңбегімен шұғылданатын инженер-техник қызметкерлер, ғалымдар және телефонисткалар мен шоферлердің қан қысымы жиі артып отырады. Өйткені бұл категориядағы адамдар міндетті жұмысын атқару үшін көп ойланып үнемі өздерін сергек ұстайды, түрлі жұмбақты шешуге, тапқырлыққа тырысады. Мұндай ұзаққа созылған ойлану миға күш түсіреді. Шаршап шалдыққан нерв жүйесінің әрекеті бұзылып, бұл қан қысымын арттырады, сөйтіп гипертония ауруының басталуына жағдай туғызады.

IV. Қатерлі ісік пен дұрыс тамақтанбау әсері:

Бүйрек обырына арналған көптеген ғылыми зерттеулерге қарамастан оның этиологиясы осы кезге дейін анық емес. Дегенмен қатерлі ісіктің дамуына ықпал ететін факторлар тобы белгілі. Олар:

1. Жыныс пен жас шамасы. Науқастану максимумы 70 жасқа жетеді. Еркектер әйелдермен салыстырғанда екі есе жиі ауырады.

2. Шылымқорлық. Шылымқорлардың бүйрек обырына шалдығуы 30-60%-ті құрайды.

3. Семіздік. Артық салмақтың бүйрек рагіне жағымсыз әсері ғылыми дәлелденген.

4. Артериалды гипертензия. Қан қысымы жоғары науқастарда қатерлі ісік даму қауіпі 20%-ке артады.

5. Дәрілік препараттар. Диуретикалық (зәр айдаушы) дәрі-дәрмектерді ұдайы қолданатындардың арасында бүйрек обырының даму қауіпі 30%-ке көбейген. Сондай-ақ фенацетин және амфетамин препараттарының да бүйрек ісігіне шалдығуға әсері зор.

6. Тағамдану. Эпидемиологиялық зерттеулерде бүйрек рагінің пайда болу жиілігінің етті, өсімдік өнімдерін, сондай-ақ маргарин мен майды пайдаланумен байланыстылығы анықталған. Бірақ бұл азық-түліктер емес, ас әзірлеу кезінде етті жоғары температурада өңдеуде бөлінетін заттардың ықпалы көп.

Бүйрек рагін нақтылауда ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ), рентгендік компьютерлік томография (РКТ) және магнитті-резонансты томография (МРТ) кеңінен қолданылады.

V. Бактериялар мен вирустардың әсері:

Нефрит (грек. nephros – бүйрек), медицинада – бүйректің қабынуы. Негізінде бүйрек шумақтары қан тамырларының зақымдануынан болады. Жедел және созылмалы түрлері бар. Жедел нефрит жоғарғы тыныс жолдарына стрептококк бактериясы түсуінен, баспа, созылмалы тонзиллит, пневмония, дифтерия, сүзек, тағы басқа бактериялы және вирусты инфекциядан кейін, салқын тигеннен дамиды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу